КЕЛІСІЛДІ
ХТжЖ деканы__________ Ахметов К.К. «__»__________201_ж.
ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛҒАН
ЖБ және ӘҚе бастығы ____________Варакута А.А. «__» _________201_ж.
Университеттің оқу- әдістемелік кеңесімен құпталған
201_ж «__» ____________ №__ хаттама
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері: студенттерге осы пәннің теориялық негіздері жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі технолог мамандарына қолданылуы туралы мағлұматтар беру
Пәннің маңызы – химиялық прцестердің негізгі мәселелерін, химиялық процестерге әр түрлі физикалық параметрлер мен химиялық құрамының физикалық қасиеттеріне ықпалын қарастыру.
Оқыту міндеттері:
студенттердің қазіргі химия ғылымының негізін, химияның арнаулы бөлімдерін жете меңгеру;
зертханалық жұмыстар, тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, қорытынды шығара білу;
әр түрлі есептерді шығара білу, қарапайым химиялық жағдайларға болжам жасау.
Пәнді оқудағы студенттердің алатын негізгі білімі
химиядан керекті пәндерді ойдағыдай оқу үшін және қазіргі техникада қолданылатын жаңа химиялық материалдарды дұрыс пайдалану үшін қажетті жан-жақты білім алу;
химиялық алу тәжірибесінің негіздерімен таныстыру;
халық шаруашылығын химияландыру және химияның дамуымен байланысты сұрақтар мәні мен мағынасын игеру;
өндірістің экологиялық проблемаларымен таныстыру.
Пәнді оқу арқылы студенттердің негізгі істеп білу қабілеттерінің қалыптасуы
теориялық және есептемелік сипатты химиялық есептерді шешуі;
анықтамалық және арнайы әдебиеттерді пайдалану;
тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, химиялық есеп шығару, техникалық меңгеру
2 Пререквизиттер:
Физикалық және коллоидты химияны ойдағыдай меңгеру үшін студенттер жоғары математиканың толық курсын (әсіресе, дифференциалдық анализ және интегралдық есептеулер, функциялардың анализі, ықтималдық теориясы түсініктері), жалпы физика толық курсын
( атом құрылысы, электр құбылыстары, молекулалық физика, кванттық физика түсініктері), химия курсын жете білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |