Оқу сауаттылығы Сауысқанның ұясы



бет1/4
Дата01.03.2024
өлшемі24.67 Kb.
#493665
  1   2   3   4
4 сынып МОДО


Оқу сауаттылығы
Сауысқанның ұясы
Ертеде аспандағы құстар құсқа тән өнердің қыр-сырын енді ғана меңгере бастаған шақта ала қанат Сауысқан өзін аса білгір санапты. Бірақ оның білетіні тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз еді.
Көктем келіп, құстар ұя салу қамына кіріседі. Сауысқан да жұрттан қалмай іске кірісейін десе, құрылысты неден бастарын білмей дал болады. «Құс екендерің рас болса, ұя салуды маған үйретіңдер» деп қолқа салады. Құстардың бірі шөп-шалам әкеп, біреуі бұтақ тасып, сауысқанға ұя салуды үйрете бастайды.
Үлкен құстар қарға, құтан, қырғи бір-бір бұтақшадан алып келеді. Ал Сауысқан тұмсығын көтеріп, құйрығын қайқаңдатып,: «Осы ғана ма! Мұны мен сендерсіз-ақ білемін» деп әрі-бері секеңдеумен болады.
Көмекке Шымшық,Бозторғай, Қарлығаш сияқты кішкентай құстар келеді. Олардың кейбірі қабырғаны жүн-жұрқамен бекіте алса, кейбіреуі балшықпен сылақ сылауды жақсы білетін, енді біреуі еденге мамық төсеудің шебері еді. Бірақ мамық төсеушінің өнеріне кезек тимей қалды. Бір үлкен құс бұтақшаны тұмсығымен тістеп, ұшып келе жатса, сауысқан тағы баяғы әніне салады:-Осы ғана ма! Мұны мен сенсіз де білемін!
Сонда мақтаншақ сауысқаннан мезі болған құстар:
-Солай ма, Сауысқан мырза! Сен бізсіз-ақ бәрін біледі екенсің. Олай болса, мына құрылысты өзің жалғастыра ғой,-деп жөндеріне кетеді.
1.Сауысқанға не керек еді?
А) шөп-шалам
В) бұтақ
С) өнер
Д)ұя
2. Мәтіндегі басты кейіпкер
А) шымшық
В) сауысқан
С) құтан
Д)қарлығаш
3.Мәтіннің жанырын анықта
А) мысал
В) аңыз
С) ертегі
Д) әңгіме
4.Сауысқанның құстардан сұрағаны
А) Ұя сылауды
В) Ұяға мамық төсеуді
С) Ұя салыуды үйрету
Д) шөп-шалам жасап беруді
5.Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал
А) Көп-түкірсе көл
В) Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
С) Мақтанып жүрмей, сақтанып жүр
Д) Өнер алды-қызыл тіл


Ұмытшақ
Еңбек сабағынан мұғалім қағаздан үйшік жасап келуді тапсырған. Әлденеге тыпыршып, байыз таппай отырған Ақтай ғана. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін әлгінде ғана, үзіліске шығар алдында парта үстіне қойып кеткен сияқты еді. Ұшты –күйлі жоғалған. Аң-таң «Мүмкін емес-деді ол. -Кім болса да біреу алған». Сол сәт парталас Дариғамен бірде ренжіп қалғаны есіне түсті. Иә, сол әдейі қастықпен жоғалтып жібермесіне кім кепіл. Сыныпқа апай кірді. Аралап көре бастады. Кезек Ақтайға келді.
-Сен ше?
-Әкеп едім... Жоғалтып алдым.
-Мүмкін ұмытып үйде қалдырған шығарсың?
-Жоқ, әкелдім. Қойдым мына жерге.
-Ендеше кім алды?
-Дариға...-деді Ақтай бірден. Оқушылардың назары енді Дариғаға ауды.
-Мен алғам жоқ,деді ол жыламсырап.
Осы... басқа ешкім емес, -деп нығыздады Ақтай. Дариға жылап жіберді.
-Жарайды деді мұғалім. – Кейін анықтала жатар.
Дариға мектептен қайтқан соң да, жол бойы жылаумен болды. Оны ешкім де жұбатпады. «Жыла,-деді Ақтай іштей,- біреудің затын ұрлаған қалай болады екен?»
Үйге келді де, бірден өз бөлмесіне енді. Сөмкесін қоя бергенде, терезе алдындағы өзінің кешегі жасаған үйшігі көзіне түсті. Сенбей, ұстап та көрді. Дәл өзі. Ұялғаннан бетінен оты шықты. Дариғаға жөнсіз жала жауып қатты ренжіткеніне өкінді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет