ОҚУҒА Қабылдау емтиханның бағдарламасы



Дата11.07.2016
өлшемі63.98 Kb.
#190694




пгу_блэк1





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс кафедрасы

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

6М072900 - Құрылыс мамандығы

Павлодар

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





Бекітемін

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

_______________________ А. Өрсариев 20__ж. _______ _________


6М072900 - Құрылыс мамандығы бойынша


ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы/лар:___________ т.ғ.к., профессор Қ.Т. Сақанов

___________ т.ғ.к., доцент А.Қ. Құрманов

Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы кафедрасы отырысында ұсынылған, 2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ.Т. Сақанов 20__ж. «____» ________
Сәулет - құрылыс факультеті оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Ж.А.Темірбаева 20___ ж. «___» __________
КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы ____________ М.Қ.Күдерин 20___ ж. «___» ______________


МАҚҰЛДАНДЫ:

АҚБД директоры ____________ Р.Ж.Нұрғожин 20___ ж. «___» ___________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ ж. «___» ____________ № ___ хаттама




  1. Қабылдау емтиханды өткізу тәртібі


Қабылдау емтиханды өткізу үшін университет ректорының бүйрығымен пэндік комиссияның құрамы бекітіледі.

Азаматтар, бүкіл оқыту мерзімі кезенде жалпы рейтингтік балл 4-тен төмен болса, мемлекеттік тапсырысы бойынша магистратураға қабылданбайды.

Магистратураға түсетін азаматтар жоғары және арнайы білім пәндері бойынша кешенді (тестілеу және жазбаша, үлестері 0,4 және 0,6 сәйке) түрінде емтихан тапсырады.

Тест сұрақтараның саны әр пәннен 60, ал әр билеттегі сұрақтар саны 3-тен кем емес.

Етихан тапсырушылардың ҚР азаматтығың білдіретін жеке куәлік немесе паспорттары болуы қажет.

Магистратураға түсуге үміткерлер С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың қабылдау комиссиясына келесі қүжаттарды тапсырады:

  • факультет және дайындық бағытын белгілеп университет ректоры атына өтініш;

  • қосымшасы бар жоғары кәсіптік (базалық) білім дипломы;

  • 6 фотосурет (3x4);

  • 086-У нысанды медициналық анықгама;

  • еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

  • ғылыми шығармалардың көшірмесі (болған жағдайда).

Шет мемлекеттер құжаттарының нотариус бекіткен белгісі бар қазақ немесе орыс тілінде аудармасы болуы қажет. Тәртіп бойынша құжаттар нострификацияны өту қажет.

Тапсырушылардың санына байланысты топтар құрастырылыды, сондықган емтихан бір-неше кезеннен өткізілуі мүмкін.

Қабылдау емтихан кестесі пәндік комиссия төрағасымен бекітіледі. Емтиханның келесі кезенге дейін 10 күннен кем емес уақыт аралығында үміткерлерге емтиханның күні мен сағаты хабарланып жеткізулері қажет.

Ақылы негізде магистратураға оқуға қабылдау тәртібін С. Торайғыров атындағы ПМУ анықтайды.


  1. Магистратураға қабылдау тәртібі


Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистранттар қатарына қабылдау жұмысын комиссия жүргізеді. Қабылдау жұмысы емтихан нәтижесі бойынша конурс ретінде өткізіледі.

Конкурс өткізудің мақсаты - магистрлік білім бағдарламасын жетікті біле алатын және дайындығы жақсы азаматтарды қабылдау.

Магистранттар қатарына қабылдаудын жұмысын тамыз айының 25-не дейін С. Торайғыров атындагы ПМУ-дың қабылдау комиссиясы жүргізеді.

Магистратураға қабыддау кезіндегі басымды құқыққа ие болатын жағдайлар:

  • үздік дипломы бар азаматтар;

  • жоғары бағалары бар азаматтар (дипломның орташа бағасы бойынша);

  • ғылыми басылымдары, ғылыми табыс және өнертабыстары бар азаматтар;

  • қалаған дайындық бағыты бойынша еңбек стажы бар азаматтар;

  • мүгедек азаматтар;

  • еңбек шарты бар азаматтар.

Әр азаматты ақылы негізде оқуға қабылдау туралы бұйрық тек қана жылдық оқу құның толық немесе үлес (50%) ретінде төлеп келісім шарт жасалғанан кейін шығады.

Осы ережеде қарастырылмаған жағдайларды С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың қабылдау комиссиясы шешеді.


  1. Пәндік комиссияның жұмысының ұйымдастырылуы және функциялары


Пәндік комиссия құрамына факультет деканы, кафедраларының меңгерушілері және профессорлары кіреді. Пәндік комиссияның төрағасы болып факультет деканы тағайындалады.

Пәндік комиссия құрамына іс-қағаз жұмысын жүргізу үшін техникалық секретарь тағайындалады.

Пәндік комиссия жұмыс барысында осы ережелерді пайдаланады.

Пәндік комиссияның функциялары:

  • магистратураға қабылдау кезіндегі емтихан материалдарын дайындау жэне бекіту жұмыстарын атқару;

  • оқу жылының аяқталуына бір ай қалғанда қабылдау емтихан материалдарын құрастыру;

  • С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың АҚБД директормен шешіп қабылдау комиссияға ұсыныстарды дайындау және келісу жұмыстарын атқару.

Қабылдау емтихан материалдары комиссия төрағасымен куәландырылып үміткердің жеке ісіне қосылады.

Пәндік комиссияның магистратураға қабылдау ұсынысы туралы шешімі хаттама түрінде тіркеледі.

Пәндік комиссия ұсынған, іс жүргізу талаптарына сай, үміткерлердің жеке

істері мен қабыддау тұралы ұсыныс хаттамасы қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Кейбір жағдайларда пәндік комиссия жұмысын қамтамасыз ету үшін факультеттің оқыту-көмекшілері санынаң техникалық қызметкер бекітіледі.

Пәндік комиссияның жұмысы факультеттің Ғылыми Кеңес отырысында қабылдау туралы есеппен аяқталады.
4 Емтихан мақсаты
Магистратураға қабылдау емтихандарын өткізу мақсаты - жоғары оқу орындарын бітірушілердің құрылысшы дайындау бағыттары мен мамандық бойынша бакалавриатта алған білімдерін тексеру және бағалау. 6М072900 - Құрылыс мамандығы бойынша магистратурадағы оқу маман және бакалавриат деңгейінде типтік оқу жоспарында қарастырылған пән тарапында негізделіп құрылысшы маманның жоғары білім жүйесінің жалғасуы болып табылады.

Болашақ магистрант ғылыми-педагогикалық (орташа кәсіптік және жоғары оқу орындарының оқытушылары), ғылыми-зерттеу (институттар, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің ғылыми қызметкерлері), өндірістік-басқару (консультанттар, мемлекеттік жэне жергілікті басқару органдарының мамандары) салаларында жұмысқа бағытталған.

Сонымен қатар болашақ магистрант ғимараттар мен үймереттерді құру және жобалау жұмыстарында дербестік білдіріп, заманға сай құрылыс материалдармен жаңа технологияларды пайдаланудың даму бағытын және перспективоларын талдай білу қажет.
5 Емтиханға белгіленген пәндердің тізімі
Емтихан сұрақгары мамандық бойынша негізгі пәндердің тақырыптарынан құрастырылған. Олар: «Темірбетон және тас конструкциялары 1, 2», «Металл және ағаш конструкциялары 1, 2», «Құрылыс өндірісінің технологиясы», «Инженерлік механика 2».
5.1 «Темірбетон және тас конструкциялары 1, 2», «Металл және ағаш конструкциялары 1, 2» пәндері бойынша сұрақтар



  1. Металконструкцияларды есептегендегі шекті күй-жағдайлары.

  2. Созылған металл конструкциялардың есебі.

  3. Иілген металл конструкциялардың есебі.

  4. Сығылған металл конструкциялардың есебі.

  5. Ортадан тыс сығылған металл конструкцияларының элементтерінің есебі.

  6. Металл арқалықтарының құрама қимасын іріктеп алу.

  7. Ортадан сығылған толық қималы металл ұстынның есебі.

  8. Ортадан сығылған қимасы өтпелі металл ұстынның есебі.

  9. Жеңіл металл ферманың есебі және құрылымдалынуы.

  10. Жүктемелерді жинау және металл раманың тұрақты жүктемеге статикалық есебі.

  11. Кранасты металл арқалықтың қимасын іріктеп алу.

  12. Шекті күй-жағдайлардан конструкция есебі.

  13. Иілген темірбетон элементтердің есебі және құрылымдалынуы.

  14. Сығылған темірбетон элементтердің есебі және құрылымдалынуы.

  15. Созылған темірбетон элементтердің есебі және құрылымдалынуы.

  16. Жазық темірбетон жабындардың құрылымдалынуы.

  17. Көп қабатты темірбетон ғимараттардың жабындарының есебі.

  18. Темірбетонды арқалықтардың есебі және құрылымдалынуы.

  19. Темірбетон фермаларының есебі және құрылымдалынуы.

  20. Темірбетон арканың есебі және құрылымдалынуы.

  21. Ортадан сығылған темірбетон ұстынның есебі және құрылымдалынуы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Заикин А. И. Железобетонные конструкции одноэтажных промышленных зданий. – М.: АСВ, 2007. – 272 с., ил.

  2. Евстифеев В.Г. Железобетонные и каменные конструкции: В 2 ч. Ч. 1 (1-е изд.) Учебник. Издательский центр: "АКАДЕМИЯ", 2011.

  3. Евстифеев В.Г. Железобетонные и каменные конструкции: В 2 ч. Ч. 2 (1-е изд.) Учебник. Издательский центр: "АКАДЕМИЯ", 2011.

  4. Алмазов В. О. “Проектирование железобетонных конструкции по Евронормам”. Научное издание. пер. – М.: АСВ, 2011.

  5. Бедов А. И., Габитов А. И., “Проектирование, восстановление и

усиление каменных и армокаменных конструкции”. Уч. пос. пер., – М.: АСВ, 2008.

  1. Тихонов И.Н. Армирование элементов монолитных железобетонных зданий. – Изд: «НИЦ «Строительство», 2007.168с., ил.

  2. Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс. М.: ООО «БАСТЕТ», 2009. 767с. ил.

  3. Кузнецов В.С. Железобетонные монолитные перекрытия и каменные конструкции многоэтажных зданий. Курсовое и дипломное проектирование”. Учебное пособие. – М.: АСВ, 2011.

  4. Малахова А.Н. Железобетонные и каменные конструкции. Учебное пособие.– М.: АСВ, 2010.

  5. Сақанов Қ. Т. Құрылыс конструкциялары. Ағаш конструкцияларды есептеу мысалдары: оқу құралы / Қ. Т. Сақанов. – Павлодар : Кереку, 2014. – 110 б.

  6. Күдерин М.Қ. Көп қабатты азаматтық ғимараттардың темірбетон құрылымдарының есебі: оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2011. – 118 б.

  7. Сахи Д.М., Темірбетон конструкцияларын есептеу және жобалау, Оқу құралы. – Астана: Эверо, 2009.


5.2 «Құрылыс өндірісінің технологиясы» пәні бойынша



  1. Құрылыс конструкцияларды құру әдістерінің классификациясы. Құру әдістерінің ерекшелігі, олардың артықшылықтары.

  2. Технологиялық карталардың, жұмыс өндіріс жобасының құрамының тағайындауы.

  3. Құрылыс бас жоспарын тағайындау. Құрылыс бас жоспарының құрамы, түрі.

  4. Нолдік цикл жұмыстарының ұйымдастырылуы және технологиясы.

  5. Даярлау кезеннің құрамы және тағайындауы.

  6. Календарлық жоспар. Календарлық жоспардың сол жағының есебі.

  7. Оқшаулау жұмыстар. Материалдар, аспаптар, инвентарь және машиналар.

  8. Өңдеу жұмыстары. Инвентарь, аспаптар. Жаңа технологиялар.

  9. Тас жұмыстарының ұйымдастырылуы және технологиясы. Тас қалаудың түрлері. Тас қалау үшін ерітінділер.

  10. Қалаудың жіктерін байлаудын жүйесі. Тас қалау үшін арналған инвентарь, құрал-жабдықтар.

  11. Жеңілдетілген қалау. Қабырғаларды кірпішпен қаптау. Тас қалау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

  12. Конструкцияларды бетондау. Жұмыс құрамы. Қысқы уақыттағы бетон жұмыстары.

  13. Қалып: түрі, тағайындауы, құрамы.

  14. Құрылыс-жинақтау жұмыстарын жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы: жинақтау, тас, жабын жұмыстары.

  15. Үлкен арқалық конструкцияларды объекке жеткізудің ерекшеліктері.

  16. Өңдеу жұмыстары. Бояулардың түрлері, алдын-ала дайындау жұмыстары. Өңдеу жұмыстарың жасау кезіндегі еңбекті қорғау.

  17. Жіңішке қабырғалы үлкен арқалықты конструкцияларды құру кезіндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы және технологиясы.

  18. Жабынды және қабаттарды көтеру әдістерін қолданып жұмыстардың ұйымдастырылуы және технологиясы.

  19. Қаңқа-панел ғимараттарды құрастыру.

  20. Ірі-панел ғимараттарды құрастыру.

  21. Ірі-панел ғимараттарды құрастырудың әдістері мен тәсілдері.

  22. Жер жұмыстарының ұйымдастырылуы және технологиясы.

  23. Еден астын дайындау, мозайка және бетон еден орнату.

  24. Линолеум, керамика тақтайшадан еден құру.

  25. Ергіш рубероидтан жабын құру.

  26. Мастикалы жабын құру.

  27. Пішінделген төсемнен жабын құру.

  28. Тас жұмыстарынын технологиясы.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Заикин А. И. Железобетонные конструкции одноэтажных промышленных зданий. – М.: АСВ, 2007. – 272 с., ил.

  2. Евстифеев В.Г. Железобетонные и каменные конструкции: В 2 ч. Ч. 1 (1-е изд.) Учебник. Издательский центр: "АКАДЕМИЯ", 2011.

  3. Евстифеев В.Г. Железобетонные и каменные конструкции: В 2 ч. Ч. 2 (1-е изд.) Учебник. Издательский центр: "АКАДЕМИЯ", 2011.

  4. Алмазов В. О. “Проектирование железобетонных конструкции по Евронормам”. Научное издание. пер. – М.: АСВ, 2011.

  5. Бедов А. И., Габитов А. И., “Проектирование, восстановление и усиление каменных и армокаменных конструкции”. Уч. пос. пер., – М.: АСВ, 2008.

  6. Тихонов И.Н. Армирование элементов монолитных железобетонных зданий. – Изд: «НИЦ «Строительство», 2007.168с., ил.

  7. Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс. М.: ООО «БАСТЕТ», 2009. 767с. ил.

  8. Кузнецов В.С. Железобетонные монолитные перекрытия и каменные конструкции многоэтажных зданий. Курсовое и дипломное проектирование”. Учебное пособие. – М.: АСВ, 2011.

  9. Малахова А.Н. Железобетонные и каменные конструкции. Учебное пособие.– М.: АСВ, 2010.

  10. Хамзин С.Қ., Құрылыс өңдірісінің ұйымдастырыуы мен технологиясы. Курстық және дипломдық жобалау. Оқу құралы. 2-басылым. – Астана: "Фолиант", 2007.


5.3 «Инженерлік механика II» пәні бойынша



  1. Кинематика түсінігі. Негізгі ұғымдар мен анықталамалар.

  2. Нүкте кинематикасы. Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері мен нүкте қозғалысының траекториясы.

  3. Қозғалысты берудің векторлық тәсілі.

  4. Қозғалысты берудің координаталық тәсілі.

  5. Қозғалысты берудің табиғи тәсілі.

  6. Нүктенің әртүрлі қозғалыс тәсіліндегі жылдамдығы мен үдеуі.

  7. Нүктенің жылдамдығын қозғалысты координаталық тәсілмен бергенде табу.

  8. Нүктенің жылдамдығын қозғалысты табиғи тәсілмен бергенде табу.

  9. Нүктенің үдеуін қозғалысты координаталық тәсілмен бергенде табу.

  10. Нүкте қозғалысының тік жэне жанама үдеулері.

  11. Қатты дене кинематикасы. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары.

  12. Қатты дененің айналмалы қозғалысы. Айналмалы қозғалыс теңдеуі.

  13. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалуы. Жылдамдық пен үдеуді анықтау.

  14. Айналмалы қозғалыстағы бұрыштық жылдамдық.

  15. Іб.Айналмалы қозғалыстағы бұрыштық үдеу.

  16. Динамика туралы Галилей - Ньютон механикасының заңдары.

  17. Динамиканың негізгі заңдары.

  18. Нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеулері.

  19. Динамиканың негізгі екі есебі.

  20. Материялық нүкте динамикасының теоремалары.

  21. Нүктенің орталыққа жэне оське қатысты қозғалыс мөлшерінің моменті.

  22. Нүктенің қозғалыс мөлшерінің моментінің өзгеруі туралы.

  23. Материялық нүктенің кинетикалық энергиясы.

  24. Күш жұмысы және қуаты.

  25. Материялық нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы.

  26. Созылу мен сығылудағы статикалық анықталмайтын құрылмалар.

  27. Статикалық анықталмайтын стержіндер.

  28. Статикалық анықталмайтын стержіндер жүйесі.

  29. Бұралу. Бұралудағы Гук заңы. Серпімділік модулінің екінші түрі.

  30. Қимасы дөңгелек біліктің бұралуы. Бұралу моментінің таңбаларын анықтау ережесі.

  31. Қимасы дөнгелек біліктің бұралуындағы кернеу.

  32. Бұралу кезіндегі беріктік және қатаңдық.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Никитин, Н.Н. Курс теоретической механики: учебник для вузов – Изд. 7-е, стер. – СПб.: Лань, 2010. – 719с.

  2. Кусаинов А.А., Кацин В.А., Булаткулов С.А., Мещеряков В.И. Серия: Инженерная механика. Статика, кинематика, динамика. – Алматы, 2007.

  3. Эрдеди Н.А., Эрдеди А.А. Теоретическая механика. Сопротивление материалов. Учебное пособие для вузов. – М., 2007.

  4. Александров А. В., Потапов В. Д., Державин Б. П. Сопротивление материалов. 7-е изд. – М.: Высшая школа, 2009. – 560 с.

  5. Бондаренко А.Н. Курс лекций по сопротивлению материалов – МИИТ, 2007.

  6. Сборник задач для курсовых работ по теоретической механике. Под ред. А.А. Яблонского. – Изд. 16-е, стер. – М.: Интеграл-Прес, 2007. – 384с.

  7. Вольмир А.С, Григорьев Ю.П., Станкевич А.И. Сопротивление материалов. – М.: Дрофа, 2007.

  8. Дүзелбаев С.Т., Кудерин М.К. Инженерлік механика 3. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку баспасы, 2010. – 215 б.

  9. Түсiпов А. Инженерлiк механика. Оқулық. – Алматы: Қарасай, 2009. – 317 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет