Кәсіптік білім академиялық дербестік- нарық СҰранысына бейімделу



Дата03.02.2023
өлшемі17.43 Kb.
#469086
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІК


Кәсіптік білім
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІК- НАРЫҚ СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛУ
Бүгінгі таңда кәсіптік білім жүйесі сапалық тұрғыда өзгеруде. Кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту нарық сұранысын ескеретін және халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген жаңа бағдарламалар енгізу заманауи кәсіби білім беру моделін құрып, дамытудың негізгі факторларының бірі болып отыр. Осы талапқа сай, биылғы оқу жылынан, яғни қыркүйек айынан бастап колледжімізге академиялық дербестік берілді.
Колледжімізге академиялық дербестік берілуі- кәсіби білім беру сапасын жаңа деңгейге алып шығу дегенді білдіреді. Жаңа кәсіптерді қажет ететін жаңа экономикаға көшу кезеңінде білімді әрі білікті, нарықта сұранысқа ие мамандар даярлау маңызды. Колледжімізге академиялық дербестік беру арқылы пайда болған жаңа мүмкіндіктер арқылы бұл талаптың үддесінен шығуға болады деп сенеміз.
Бұрын колледждердегі оқу бағдарламасын, оқытылатын пәндерді, оқу мерзімін министрлік белгілеп, бекітіп келген болатын. Колледждер сол бағдарламалар шеңберінде жұмыс істеуге міндетті болды. Ал қазір академиялық дербестік алған колледждер ең бірінші кезекте оқу бағдарламасын жұмыс берушілермен бірге өздері белгілейді. Оқу мерзімін де өзі белгілейді. Жаңа өзгерістерге сәйкес колледжіміз жұмыс берушілермен келісе отырып, кәсіптік стандарттар немесе нарық талаптары негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеп, оны министрлік бағдарламаларының тізіміне қосып, соған сәйкес мамандар даярлайды. Осы орайда көпшілікке түсінікті болуы үшін айта кетейін, жергілікті атқарушы билік, еңбекпен қамту қызметтері, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жастарды кәсіби қалыптастыру, жалпы еңбек нарығын игеру үдерісіне қатысушы барлық тараптар әлеуметтік серіктестеріміз болып саналады.
Осылайша , академиялық дербестік алған колледждер жұмыс берушілермен бірге кәсіби стандарттар негізінде және аймақтық ерекшеліктерді ескере отыра білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімі мен траекториясын анықтау мүмкіндігіне ие болды. Мұның артықшылықтары көп. Нақты айтсам, оқу бағдарламалары мен жоспарлар 100 пайыз жаңаланады, еңбек нарығының қажеттілігіне икемді әрекет ете аламыз. Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары колледж жанынан құрылған индустриялық кеңеспен келісу кезінде кәсіби стандарттар, WordSkiIIs талаптары негізінде әзірленген білім бағдарламаларына ауыстырылатын болады. Индустриялық кеңес құрамына қауымдастықтар мен жұмыс берушілер кіре алады. Бұл жұмыс берушілердің талаптары мен студенттердің қажеттіліктерін толық ескеруге мүмкіндік береді. Оқу жоспарының икемді желісі дуальды оқытуды, оның ішінде жеке білім беру траекториясы арқылы толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда колледжімізде 548 студент білім алуда. Оның 469-ы күндізгі бөлімде, 79-ы сырттай бөлімде білім алуда. Оларға 49 оқытушы білім беріп келеді. Жаңаша білім беру аясында маман даярлаудағы тиімді бағыттардың бірі-дуальды оқытуды қолданып келеміз. Бұл бағытта 59 студентіміз білім алып жүр. Жаңа бағдарламаларды егізу барысында әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыстағы ынтымақтастық орнатылған.
Осы орайда айта кетейін, академиялық дербестік берілген техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқыту мерзімдерінде елеулі өзгерістер бар. Енді оқыту мерзімдері нақты білім беру бағдарламасына және сұранысқа сай оқу нәтижелеріне байланысты болады. Бұрын оқу мерзімі орташа 2-4 жыл болған болса, енді колледждер мамандықтың күрделілігі мен оқу нәтижелерін ескере отырып, білім беру мерзімін өзі анықтайды. Білім беру бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Оқу-ағарту министрліктерінің тиісті бұйрықтары негізінде жасалады.
Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап академиялық дербестік алған колледжіміз барлық мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеп, модульдік және кредиттік-модульдік технолоогиямен оқытуды толығымен енгізген алаңға айналды. Бұдан да басқа тиісті жұмыстар атқарылуда. Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының сапасына кері әсер етпейді, өйткені бұл үшін бірыңғай ақпараттық орта- білім беру бағдарламаларының тізілімі жинақталып жатыр. Колледж таңдаған әрбір жаңа бағдарлама еліміздің Оқу-ағарту министрлігінде және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында екі кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді. Министрлік оның стандартқа, ал жұмыс берушілер еңбек нарығының сұранысына сай келуін анықтайды.
Қорытындылай келе айтарым, бүгінгі таңда болашақ мамандарды даярлауда оқу процесін өнідіріспен байланыстыру өте маңызды. Академиялық дербестік алған колледждер ең бірінші кезекте еңбек нарығының сұраныстарына және технологиялық өзгерістерге бейміделіп жұмыс жасайды. Кәсіптік білім беру орындарының жұмыс берушілермен бірлесіп жасаған бағдарламалары мен оқу мерзімдері студенттердің қажітті білім мен біліктілік алып, қысқа уақыт ішінде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Қажет болса басқа біліктілік алуына да болады.
Осылайша колледжіміз еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандар даярлауға қадам басты.
Лиза Мектепова,
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет