Нотариус А. Ж. Т. (Ф. И. О.) Мекен жайы Индекс: 050000



Дата20.02.2023
өлшемі17.58 Kb.
#469807
түріКодекс
Возражение нотариусу каз




Нотариус А.Ж.Т. (Ф.И.О.)
Мекен жайы
Индекс: 050000


Д.Н.Ажантаевтан
Адрес:
Тел.: 8-701-000-00-00


Арыз

Құрметті нотариус Рахнова Затика Мартаевна Сіздің, маған жіберген атқарушы парағыңызбен мүлдем келіспеймін.


ҚР Азаматтық Кодексінің 8-бабының;
1-тармағында; Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.
4-тармағында; Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс.
- Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi.
5-тармағында; Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi.
Сонымен қатар; ҚР «Нотариат туралы» Заңының 92-1 бабының 1-тармағы 2-тармақшасында атқарушылық жазба негізінде даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу үшін жүргізіледі деп көрсетілген.
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінің 218-тармақшасында атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптар тізбесі Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 92-1-бабының 2-тармағында белгіленген.
219-тармақшасында:,
- егер ұсынылған құжаттар борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыз екендігін растаса;
- егер талап қоюға (өтінішке) құқық туындаған күннен бастап үш жылдан аспаса, нотариус жасайды.
- Атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленген жағдайда, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
Заңның 92-2-бабы атқарушылық жазбаны жасау шарттарында;
- егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса;
- егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалады.
- Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленсе, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
Дегенмен Сіздің атқарушылық жазбаңызға мен келіспеймін деп осы жерге өзіңіздің уәжіңізді жазасыздар (мысалы; нотариус ханым или мырза мен Д.Н.Ажантаев алған кредитімнің осы күнге дейін 495 мы теңгесін төлегенмін, ал Сіз атқарушылық жазбада менің алған кредитімді пайызын өте көп көрсетіп жібергенсіз, Каспи банк Заң бойынша артық пайызды жүргізуге құқығы жоқ, мен Сіздің шығарған атқару жазбаңызбен келіспеймін деп нақты уәждерді көрсету керек, атқару жазбаға уәж жазар алдында тездетіп банктен жалпы төленген соманың көлемін анықтап алыңыз, егер Сіз төлеген қаржы нотариустың жазбасынан көп болса нақты талаппен жазыңыз)
..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ талаптарын ескеруді сұраймын;


Осы Кодекстің 16-бап. Соттың белсенді рөлі;
2. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.
21-бап. Әкімшілік рәсімге қатысушылар;

  1. Арыз иесі және мүдделі тұлға әкімшілік рәсімге қатысушылар болып танылады.

22-бап. Арыз иесі;
2. Арыз иесінің:
1) әкімшілік органнан, лауазымды адамнан өзінің әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме алуға;
5) әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге;
23-бап. Әкімшілік рәсімдегі мүдделі тұлға;
1. Өзінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) қозғаған немесе қозғауы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып танылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІНІҢ талаптарын негізге алып қарап, тиісті жауапты өз мерзімінде беруді сұраймын.
Тез арада жоюды талап етемін.
Егер атқару жазбаңыыздың күшін жоймасаңыз мен Сізді сотқа беремін және лицензияңыздан айыруға Әділет Министріне талап қоямын.
Жоғарыдағылардың негізінде құрметті нотариус Сізден Заңның 92-8-бабының талабына сай жоғарыдағы атқарушы жазбаңыздың күшін жою туралы қаулы қабылдап, нәтижесін осы баптың талабына сай, Заңда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей менің мекен жайыма қаулы көшірмесін жолдауыңызды Заң бойынша талап етемін.

Қосымша; құжаттады « » парақта көшірмесі Сізге ұсынылады.




Д.Н.Ажантаевтан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет