Оқулық " Экология"мамандығы


Ағзадағы ұлпалардың сәулелерді сіңіруі



бет118/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   125
treatise95823

Ағзадағы ұлпалардың сәулелерді сіңіруі
Егер иондаушы сәулелер тірі ағзалардың бойы арқылы өтсе, ол өзінің энергиясын ұлпалар мен клеткаларға береді, ал олардан барлық биологиялық материалдар құралады. Сонымен энергияның сіңуі біркелкі таралмайды, керісінші бөлектеніп сіңеді. Сәулелену энергиясының мөлшері қандайда бір клетканың белгілі аймағына ғана беріледі.
Осындай энергияның әркелкі сіңу қасиеті ағзаға радиацияның әсер ету салдарының ерекшелігімен түсіндіріледі. Ұлпаларға сіңген энергияның жалпы мөлшері азғана болуы мүмкін, дегенмен тірі материаның кейбір клеткалары энергияның осындай әркелкі таралуы салдарынан зақымданады. Мысалы, жалпы сәулелендіру кезіндегі адам үшін өте қауіпті рентген сәулесінің дозасын жылу энергиясымен салыстыруға болады, сонда рентген сәулесінің өлімге алып келетін энергиясы жылы күнде күннің көзін пайдаланғаннан кейінгі бірнеше минутта немесе бір кесе қайнаған ыстық кофені ішкеннен соңғы адам ағзасына сіңген жылу энергиясынан аз болады Өз кезегінде, рентген сәулесінен сіңген энергияның өлімге душар ететін дозасы бір адамның екінші бір адамның денесінен еденнен 40 см биіктікке көтерген кезде орындалатын жұмысқа сәйкес келеді.
Радиацияның дозасын өлшеу
Сәулеленудің сандық сипаттамасын, әдетте доза деп аталатын, ұлпаларға сіңген энергияның көлемімен өлшейді. Өлшем бірлігінде пайдаланылатын сандар қатаң анықталған және дәлелденген болуы тиіс, радиациялық әсерді салыстыруға лайықты болуы шарт. Радиацияны өлшеу бірліктері Халықаралық бірліктер жүйесінде тұрақты алмастырып отырды, Радиологиялық бірліктер мен өлшемдер бойынша Халықаралық комиссияның мойындауынша, жаңа өлшем бірліктер 1980 жылы қабылдануына қарамастан, 1984 жылы қабылданған өлшем бірліктер бірмезгілде пайдаланылып келген, яғни ескі өлшем бірліктер пайдаланудан шығарылса да қолданыста болған.
Ағзаның сыртқы және ішкі сәулеленуінің арасындағы айырмашылық
Радиацияның адам ағзасының ұлпалырына енуі мен оған әсер теуі екі жолмен жүреді. Бірінші жол – ағзадан тыс орналасқан радиациядан сәулелену. Бұл жағдайда рентген сәулесі мен -сәулелер адам денесін тесіп өту үшін энергиясы салыстырмалы жоғары болуы керек, ал кейбір жоғары энергетикалық  - сәулелер терінің беткі қабатына ену күйінде болуы тиіс. Екінші жолы – ағзаның ішіне түскен радиоактивті заттармен іштей сәулелену. Осы жағдайда -, - и -сәулелер өте қатты қауіп тудыртуы мүмкін. Дегенмен ең күшті қауіп -бөлшектермен сәулеленетін изотоптардың ағзада жиналуы туғызады, олардың өту жылдамғы қысқа және иондаушылығы өте жоғары. Ішкі сәулеленуге қарсы жүргізілетін шаралардың маңызы өте зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет