Оқулық " Экология"мамандығы


ФАКТОРЛАРДЫҢ КЕШЕНДІ ӘСЕРІ. МИНИМУМ ЕРЕЖЕСІ



бет24/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   125
treatise95823

ФАКТОРЛАРДЫҢ КЕШЕНДІ ӘСЕРІ. МИНИМУМ ЕРЕЖЕСІ.
Бірнеше орта факторларының организмдерге бірегей әсерін «констелляция» деп атайды. Мұндай кезде факторлар арасында өзара әсерлесу қалыптасады да жеке факторлардың сипатының және әсер ету дәрежесінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Модификациялық факторлар – физиологиялық үрдістерге қатынаспайтын фактор, бірақ басқа факторлар әсерін айтарлықтай өзгерте алады, бұл үрдістерге (жел, ағыс, жауын – шашын, қар жамылғысының) тікелей қатысы бар.
Шектеуші факторлар. «Ортаның қажетті факторлары осы ортадағы тіршілік иелерінің популяция тығыздығын анықтайды, даму стадиясына әсер етеді, төменгі экологиялық валентілікке ие, сандық және қарқындылық әсері бар, оптимумнан барынша алыс» (А. Thienemann, 1939).
Бейімделудің екі деңгейлік ережесі.Гомеостаз – организмнің сыртқы ортамен үйлесімді тепе – теңдік жағдайы, сол арқылы организм өзіндік қасиетін сақтай алады және орта өзгерісінде тіршілігіне қажет қызметтерді атқара алады.Бұл жағдай екі негізгі бейімделу жүйесінің атқарған қызметі арқасында әртүрлі қағидалардың негізінде орындалады.
Бейімделу механизмін екі топқа бөлуге болады:

  1. Жалпы деңгейдегі жекеленген жүйелердің қызметін тұрақтандыратын бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және біртұтас организмнің мекен ету орасымен айқын қатынасын және тұрақтылық параметрін қамтамасыз ететін механизмдер.

  2. Бейімделу қызметі реакцияларының қосылу «жолымен жалпы деңгейді ұстап тұрушы, қоршаған ортаның нақты жағдайының орташа деңгейден ауытқуы барысында болатын лабильді реакциялар».

Бұл екі жүйе, бейімделудің екі деңгейі бірге әсер етеді және олардың өзара әсері организм қызметін ,фактордың нақты жағдайын дәл «қуып жетуін» қамтамасыз етеді.

«ОРГАНИЗМ –ОРТА» ЖҮЙЕСІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

  1. «Организм – орта» - жүйесі қызметінің ортақ заңдылықтары.

  2. «Ораганизм – орта» бірлестік заңы.

  3. «Экологиялық сәйкестік» ұстанымдары.

  4. «Организмді генетикалық анықтаушы орта жағдайының сәйкестік» ережесі.

  5. В.И. Вернадский, Э.С. Бауэрдың «Биогенді энергияның минимумы» заңы (энтропия).

  6. «Өмір сүруге сыртқы орта» қысымы заңы немесе Ч. Дарвиннің «Өсудің шектеулуі» заңы.

  7. Э. Митчерлиха мен Б. Бауленің «Факторлар әсерінің біргейлігі» заңы.

  8. Ф. Блэкманның «Факторлардың шектеуші» заңы.

  9. В. Шелфордың «Төзімділік заңы».

  10. Барлық тіршілік жағдайларының түрлі мәнділік заңы. «Организм – орта» жүйесі заңдылығы.

  11. Ю. Либихтың «Минимум» заңы.

  12. «Факторлардың өзара әсері» ережесі.

  13. Э. Рюбелдің «Факторлардың орын толтыру (өзара орын басу) (әсері)» заңы.

  14. В.В. Алёхиннің «экологиялық жағдайдың орын басу» ережесі.

  15. Вильямстың іргелі факторлардың алмастырылмайтын заңы «Барлығы немесе ештеңе» заңы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет