Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет174/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

аралығындағы (Сулавеси, Банда, Фиджи, Филиппин теңіздері), 
материк аралық (Жерорта, Қызыл, Кариб теңіздері) жəне шеткі 
теңіздер (Баренц, Шығыс Сібір, Кар, Лаптевтер, Чукот теңіздері) 
деп бөлінеді. 
Теңіздер Дүниежүзілік мұхиттың 10%-ын алып жатыр. Ең үлкен 
теңіз деп Филиппин теңізі саналады, оның ауданы 5 млн 726 мың 
км
2
жетеді.
Теңіздер қазан шұңқырларының қалыптасу жолына қарай 
материктік (эпиконтиненттік) жəне мұхиттық (геосинклиналь-
ды) деп бөлінеді. Геосинклинальды қазаншұңқырларда орналасқан 
теңіздер жер қыртысының терең жарықтары мен литосфералық 
тақталардың аралығында болғандықтан, симметриялы пішінді жəне 
орталық бөлігіне қарай терең болып келеді. 
Бұл теңіздердің табандарында тектоникалық белсенділік жоғары, 
сондықтан олардың жағалауындағы аралдар көп жағдайда əрекетін 
тоқтатпаған жанартаулардан құралады.
Шығанақ – мұхиттың, теңіздің немесе көлдің құрлыққа сұғына 
еніп жатқан, бірақ су айдынының негізгі бөлігімен жалғасатын 


247
құрамдас бөлігі. Кей жағдайда мұхитты шығанақ пен теңіздерге 
бөлудің өзі шартты сипат алады. Ерте кезден бері шығанақ аталып 
жүрген Гудзон, Мексика, Бенгаль, Парсы шығанақтары іс жүзінде 
теңіздер болып табылады. 
Шығанақтардың фьорд, лиман, лагуна деп аталатын түрлері 
бар. Ресейдің солтүстігіндегі құрлыққа сұғына еніп жатқан 
шығанақтарды (Гыдан, Двина, Мезень, Печора жəне т.б.) ернеу деп 
атайды, олардың көпшілігі өзендердің сағасы болып табылады. 
Еі үлкен əрі терең шығанақ – Бенгаль шығанағы, оның ауданы 2 
млн 191 мың км
2
, ең терең жері 4 519 метрді құрайды.
Бұғаз – əртүрлі су айдындарын жалғастыратын жəне құрлықтың 
жеке бөліктерін бөліп жатқан, салыстырмалы түрде жіңішке су 
кеңістігі. Дрейк бұғазы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын, Бе-
ринг бұғазы Солтүстік Мұзды мұхиттың Чукот теңізі мен Тынық 
мұхиттың Беринг теңізін жалғастырып жатыр. 
Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай бұғаздар мынадай 
топтарға жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет