1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Өмірхан Əбдиманұлы
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ
Оқулық
Алматы, 2012
2
ƏОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3 (5Қаз)
Ə 13
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-тəжірибелік орталығы ұсынған
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Ысқақұлы;
филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов;
филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Есембеков;
филология ғылымдарының докторы, профессор С. Ержанова.
Əбдиманұлы Ө.
ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті: Оқулық. – Алматы, 2012. – 408 б.
ISВN 978-601-217-315-4
Бұл оқулықта жазба əдебиеттің ең бір өнімді де көркемдік ізденіске толы кезеңі
– ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиетінің тарихы тұңғыш рет толыққанды түрде
жүйеленіп, беріліп отыр. Аталмыш кезеңнің қазақ əдебиеті даму үрдісіндегі өзіндік
орны, түрлі əдеби бағыттардың жазба əдебиеттің өркендеуіне қосқан үлесі қазақ
қоғамындағы тарихи-əлеуметтік үдерістермен бірлікте алынып қарастырылады.
Оқулықта ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің өзекті мəселелері уақыт талабына сай
жаңаша көзқарас тұрғысынан оқытуға негізделген.
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттеріне
жəне жалпы əдебиет зерттеушілеріне арналған.
ƏОЖ 821.512.122.0
КБЖ 83.3 (5Қаз)
Ə13
© Ө. Əбдиманұлы, 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
ISВN 978-601-217-315-4
3
АҢДАТУ
Осы уақытқа дейін өткен ғасырдың бас кезіндегі əдебиет тари-
хы, оны түрлі білім сатыларында оқытудың жай-күйі аз сөз болған
жоқ. Бүгінгі күнде көптеп жазылып жатқан зерттеулерді былай
қойғанда, əдебиеттің осы кезеңіне деген қызығушылық, зертте-
уге деген талпыныстар ғасыр басында-ақ байқала бастаған еді.
Алғашқы кезде жекелеген мақалалар мен мектепке арналған
оқулықтарда сөз болса, бірте-бірте олар кең көлемдегі зерттеу
еңбектердің арқауына айналды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиетке арналған алғашқы оқулық-
зерттеу еңбек – Сəбит Мұқановтың “ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті”
(1932) атты кітабы. Автордың өзі атап көрсеткендей, зерттеудің ба-
сты мақсаты: “Тың жатқан мəселеге із салып, пікір көтеру, сонымен
қатар материалды системаға келтіріп, жол ашу” болды. Сондықтан
да “тыңнан қозғалған мəселе болғандықтан кей жері кем, кей
жері үстірт” бұл еңбек уақыт ырқынан шыға алмай, замана ығына
жығыла жазылды. Онда ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінің
кейбір ірі өкілдері мен олардың көрнекті шығармаларына таптық
идея тұрғысынан назар аударылып, біржақты қарау басым жатты.
Сонымен бірге қазақ əдебиеттану ғылымының балаңдығы жəне
əдеби мұралар мен көркем шығармалардың толық жиналып, жүйеге
түспегендігі де аз зиянын тигізбесе керекті. Əйтсе де, алғашқы
оқулық-зерттеу еңбектің тыңға түрен салып, мəселені алғаш бо-
лып көтеруі, тұңғыш рет кең көлемде сөз етуі кейінгі сандаған оқу
құралдарының, оқулықтар мен зерттеулердің жазылуына түрткі
болғаны даусыз.
Назар аударар бір жағдай алаш арыстарының əдеби шығар-
машылығы əдеби-ғылыми айналымға енгелі бергі уақытта олардың
өмір деректеріне қатысты көп материалдар негізінен осы еңбектен
алынды. Мұның өзі бұл оқулық-зерттеудің замана тезіне шыдай
білгендігін көрсетсе керек.
Кейінгі жарық көрген еңбектердің ішінен ХХ ғасырдың бас
кезіндегі əдебиетті танып – білуде Е. Смайыловтың “ХХ ғасырдағы
қазақ əдебиеті” (1941), Б. Кенжебаевтың “Қазақ халқының ХХ ғасыр
басындағы демократ жазушылары” (1958), “ХХ ғасыр басындағы
қазақ əдебиеті” (1976), М. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер
институты шығарған “Қазақ əдебиетінің тарихы” ІІ том, 2-кітап
(1965), “Қазақ əдебиетінің тарихы” 6-том (2006), “ХХ ғасыр бас
4
кезіндегі қазақ əдебиеті” (1994), Ы. Дүйсенбаевтың “Сұлтанмахмұт
Торайғыров” (1967), Б. Шалабаевтың “Қазақ прозасының тарихы”
(1968), Қ. Мұқаметқановтың “Абайдың ақын шəкірттері” (1993-1995)
4 кітаптық топтамасы, С. Қирабаевтың “Спандияр Көбеев” (1958),
“Əдебиетіміздің ақтаңдақ беттері” (1995), “Ұлт тəуелсіздігі жəне
əдебиет” (2000), Т. Кəкішевтің “Сын сапары” (1971), “Қазақ əдебиеті
сынының тарихы” (1994), “Мағжан – Сəкен” (1999), Ə.Дербісəлиннің
“Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл əдебиеті” (1966),
“Дəстүр мен жалғастық” (1976), Т. Əбдірахмановтың “Жаңа ғасыр
көгінде” (1969), “Таланттар тағылымы” (1988), Ш.Елеу кеновтің
“Мағжан” (1995), “Əдебиет жəне ұлт тағдыры” (2001), Р. Нұр-
ғалидың “Əуезов жəне алаш” (1997), “Қазақ əдебиетінің алтын
ғасыры” (2000), А. Еспенбетовтің “Сұлтанмахмұт Торайғыров”
(1992), З. Бисенғалиевтың “ХХ ғасыр басындағы қазақ романы”
(1997), “Қазақ прозасы. ХХ ғасыр басы: Жаңа роман жолында”
(2010), Б. Мамраевтың “Основные тенденции развития казахской ли-
тературы первой четверти ХХ века” (1998), У. Қалижановтың “Қазақ
əдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым” (1998), Р. Тұрысбектің
“Жүсіпбек” (1997), “Жүсіпбек Аймауытұлы жəне 20 жылдардағы
қазақ прозасы” (1998), Б. Қанарбаеваның “Жырымен жұртын
оятқан” (1998), Б. Əбдіғазиұлының “Шəкəрім шығармашылығының
дəстүрлік жəне көркемдік негіздері” (2000), А. Ісімақованың “Воз-
вращение плеяды” (2002), “Алаш əдебиеттануы” (2009), Д. Қам-
забекұлының “Алаш жəне əдебиет” (2002), Д. Ысқақұлының
“Əдебиет алыптары” (2004), Ж. Смағұловтың “Ұлттық əдебиеттану
əлемі” (2005), М. Тəжімұраттың “Ғұмар Қараш” (2004), К. Д. Бей-
бытованың “Традиции Абая в казахской поэзии начала ХХ века”
(1997), Г. Піралиеваның “ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеттануы”
(2007), С. Жұмағұловтың “Ғұмар Қараш шығармашылығы” (2005)
тəрізді зертеулерінің, оқулық пен оқу құралдарының маңызы өте
зор. Сонымен қатар осы оқулық авторының “Қазақ” газеті”(1993),
“Ахмет Байтұрсынұлы”(2007), “Қазақ əдебиетіндегі ұлт-азаттық
идея”(2007), “Қазақ əдебиетіндегі ұлттық рух” (2010) атты моногра-
фиялары мен “ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиеті” (2002), “Қазақ
əдебиеті” (2007), “ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің алғашқы кезеңі
(1900-1940)” (2010) атты оқу құралдарының ХХ ғасыр басындағы
əдебиетті зерттеу мен оқытуда өзіндік орны бар еңбектер.
Жоғарыда аталған кітаптар жалпы, ХХ ғасыр басындағы
əдебиеттің келелі мəселелеріне арналғанымен, əр кітаптың
5
жазылуындағы өзіндік мақсат пен мүдде əр қилы. Бір зерттеушілер
шоғыры (Ы. Дүйсенбаев, Ш. Елеукенов, А. Еспенбетов, Б. Ə бдіғазиұлы,
Д. Ысқақұлы, С. Дəуітов, А. Ісмақова, Р. Тұрысбек, М. Тəжімұрат,
Ө. Əбдиманұлы жəне т.б.) өз зерттеулеріне сол кезең əдебиетінің же-
келеген өкілдерінің өмір жолы мен творчествосын арқау етсе, екінші
бір зерттеушілер ХХ ғасырдың басындағы əдебиеттің жалпы даму
бағытын айқындау тұрғысынан (Б. Кенжебаев, С. Қирабаев, Ə.
Дер бісəлин, Р. Нұрғали, Д. Қамзабекұлы, Ө. Əбдиманұлы жəне
т.б.) қарастырды. Зерттеушілердің үшінші тобы белгілі бір жанрдың
қалыптасу, даму сипатына зер салды (Б. Шалабаев, Т. Кəкішев,
Т. Əбдірахманов, З. Бисенғалиев). Əдеби дəстүр, жаңашылдық
мəселелерін сөз етушілер де болды (А. Нұрқатов, Ə. Дербісəлин,
К. Бейбітова т.б.).
Кезең əдебиетін оқытудағы белестер ретінде Сəбит Мұқановтың
“ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті” (1932) Е. Смайыловтың “ХХ
ғасырдағы қазақ əдебиеті” (1941), Р. Нұрғалидың “Əуезов жəне
алаш” (1997), Ө.Əбдиманұлының “ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ
əдебиеті” (2002), “ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің алғашқы кезеңі
(1900-1940)” (2010) оқу құралдарын атап өтуге болады.
Алайда, ХХ ғасыр басындағы əдебиетті оқытудағы Бейсенбай
Кенжебаевтың “ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті” оқулығының
(1976) орны айрықша. Бұл еңбектің өз кезінде бірнеше рет қайта
басылып шығуы да осының айқын дəлелі болса керек. Ғалым-ұстаз
ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіне тəн ерекшеліктерді, күрделі-
күрделі мəселелерді жинақтап, топтап сөз ете отырып, тұтас бір
əдеби кезеңнің өзіндік сыр-сипатын тануға ұмтылған. Оқулықтың
ғасыр басындағы əдебиетті тану мен танытудағы көтерер жүгі аса
қомақты. Автор ХХ ғасыр басындағы əдебиетті тұтас бір құбылыс
ретінде ала отырып, соның ішінде ағартушы-демократтық бағытқа
толығырақ тоқталып, осы бағыттың өзіндік ерекшелігін жан-жақты
ашып көрсеткен.
Жалпы жоғарыда аталған зертеулер мен оқу құралдарының
90-жылдарға дейінгілерінде уақыт ағымына байланысты “жабулы
қазан жабулы” күйінде кетіп, айтылмай қалған, əдейі бұрмаланған
жерлер де жетерлік. Ол еңбектер қалыптастырған көзқарастар, жал-
пы алғанда, ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің өрісін айқындауға,
даму ерекшелігін тануға, тіпті жеке шығармашылық тұлғаларға де-
ген пікірлерді белгілі бір қалыпқа салып, шығармашылық болмы-
сын толыққанды түрде ашуға мүмкіндік бермеді.
6
Бұл туралы жоғары мектеп ұстаздарының ұстазы, академик
Т. Кəкішев: “Жалғыз қазақ халқы ғана емес, Қазан төңкерісінің
дүрмегіне
ілескендердің
қай-қайсы
болмасын
көпшілікті
қызықтырар қиястығы мол идея соңына түскенін қазір ашық айтуға
тиістіміз. Бұл идеяда бұрын езіліп, тапталған, қорлық-зорлықты
көп көрген еңбекшілерді, кедей-кепшіктерді дүниенің əміршісіне
айналдырамыз деген ұранның тартымдылығы күшті болғанын
жəне оны барынша пəрменді насихаттап, білектің күшімен,
найзаның ұшымен, мылтықтың оғымен, зеңбіректің добымен қалың
жұртшылықтың сана-сезіміне зорлап сіңіру процесі нəтижесіз бол-
мады. Көпшіліктің көңіл ауаны ғана емес, бар ынта-тілегі соған
ауды, ауғысы келмегенін зорлап аудырдық. Басқаша түсінік болады
дегенге нанбадық, əбден етіміз өліп алған соң, басқаша ойлайтын-
дар кездесе қалса, əуелі шамдандық. Содан кейін атып-астық, те-
скентау айдадық…” – дейді. Осы жүйе бойынша өз ұлтымыздың, өз
тарихымыздың өткенін сүзгіден өткізіп, екіге бөлдік. Жұрт қамын
ойлаған Шəкəрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Мағжан Жұмабаевтай ұлыларымызды ұлтшылға айнал-
дырып, ел санасынан өшіруге ұмтылдық. Солар бастаған, байытқан
əдебиетті тарихтың тереңіне тығып тастап, ұлттық əдебиетіміздің
тарихын “ақтаңдаққа” айналдырдық. Олар жасаған мол мұра
өздерімен бірге тарих доңғалағының астына тапталып, мəңгі жарық
көрместей болды.
Елінің азаттығы жолында күрескен, “ұлтым” деп еңіреп өткен
ерлер мұрасы буржуазияшыл-ұлтшылдық аталып, тек датталумен
келді. Саясатта шаруасы жоқ, Шығыс əдебиетіне еліктеп, соның
үлгісінде шығарма жазған саңлақтарымыз ескішіл атанып, ескерусіз
қалды. Мəселен, əдеби мұрамыздың ең бір бай саласы – қиссашыл
ақындар шығармашылығы діншілдік бағыттағы шығармалар деп
танылып, надандықты насихаттаған, өткенді аңсаған кертарт-
па əдебиет өкілдері ретінде бағаланды. Мұсылмандық əлемге,
шығыстық дүниеге бой түзеп, үлгі алғандар шығармашылығындағы
діни-таным – адами тəрбие, адамгершілік пен адалдыққа жетелеген
өнеге екендігі ескерілмеді. Олардың рухани тазаруға үндеген озық
ойлары кері кеткен пікірлер ретінде бағаланды. Қазан төңкерісінен
кейінгі уақытта діни мəн-мағынасы бар əдебиет нұсқаларымен
күресу мəселесі қатты қолға алынды.
Осы күрес “нəтижесінде” Ақылбек бин Сабал, Шəді Жəңгіров,
Мəулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламов, Мақыш Қалтаев,
7
Нұржан Наушабаев жəне т.б. ақындар қазақ əдебиетіндегі өзіне
лайық орындарын ала алмай келген-ді. Бұл туралы “Шығыс
інжу-маржандарының өзімізге лайықтыларын, тұрақтай алатын
тақырыпты, сюжетті ол ақындар (қиссашыл – Ө.Ə.) дұрыс таңдады.
Əр жерде ауызға алынғаны болмаса, баспа бетін көрмеген біраз
шығармалардың мазмұны, идеялық ықпалы ашылмастан жатыр.
Бұларды діни уағыз, қиялдан туған дүниелер деп жылы жауып
қойып отырған жайымыз бар. Ал, шындығына келсек, “Лəйлі-
Мəжнүн”, “Мұңлық-Зарлық”, “Атымтай Жомарт” секілді махаб-
бат, адамгершілік хақындағы романтикалық дастандар қазақтың
кейінгі лирикалық, эпикалық дастандарына мол əсерін тигізді…”,
– дейді ғалым Өтеген Күмісбаев. Бірақ біз кезінде мұны аңғара
алмадық, аңғарғымыз келмеді де. Сондықтан замана ағысы, уақыт
барысы бойынша кейінгі кезеңге дейінгі зерттеулерде ХХ ғасырдың
басындағы əдебиет тарихы бүкіл болмыс-бітімімен тұтас ашыл-
май, жартыкеш күйде қалып, тек ағартушы-демократтық бағыт
өкілдерінің əдебиеті мадақталып, өзге бағыт-ағымдар мансұқталып
келгені жасырын жайт емес.
Бірақ “елу жылда – ел жаңа” ғана емес, ой да жаңарары белгілі.
Əр кезде бір көтеріліп, бір басылып жүрген Шəкəрім, Мағжан тура-
лы қазақ зиялыларының ой-пікірлері замана өзгерісіне орай өркен
жая бастады. Барлығына тарих төреші. Сондықтан да
Достарыңызбен бөлісу: |