106
тұманын түретін нұрлы сəуле білім екенін ақын аңғарып қана
қоймай, соны ұлтының үмітіне
айналдыруға тырысып, білімді
насихаттауға бар күшін салады. Сондықтан да ақын “Yш рет сөз“
атты өлеңінде:
Қылады əркім мазақ ғылымы жоқтан
Надандар адасуда білімі жоқтан, –
дей келіп, оның отаршылдықтың құрсай түсуіне тиімді болып
тұрғанын ашына айтады:
Шаруаның берекесі кірмейді екен,
Мекен-жай қоныс қылар орны жоқтан.
Іргеңнен атақоныс мұра шықты,
Тарылтып аймағыңды крестьян.
Мұнда қазақ жерінің талан-таражға түсіп, күйі қашқан қысылтаяң
сəті ешбір бүкпесіз берілген. Еркіндігінен
еріксіз айырылған ел
іргесінің бүліншілікке ұшырауына түрткі болған кім деген сұрақтың
туары шындық. Ақынның бағамдауынша, оған негізгі қозғаушы күш
болып отырған «өз тамағы тойған соң, қисық жаққа бұза шыққан»
төрелер, «ат айғырды қан сорпа қылып, қырып-жойып жүрген»
ғаділетсіз хəкімдер.
Құрметті ел билеген хакімдер де,
Жыландай зəрін төгіп, сорып жатқан.
Бас салып мұңлы-зарлы кем кетікті.
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Ақын бейнелеуіндегі хəкімдер бейнесі ап-айқын. Момын халқын
сорып жатқан улы жылан, тырнағымен бүріп жатқан бүркіт тектес
хəкімдер жауыздықтың нақты образына айналған озбырлық пен
азғындықтың біртұтасқан жиынтығындай. Нақ табылған, тап келген
теңеу деп осындайды айтса керек.
Мəшhүр Жүсіп Көпеев – негізінен діни-ағартушы ақын.
Шығармашылығындағы басты желі діни
таным төңірегінен өрбіп
жатады. Əйтсе де, ақын өлеңдерінде “дін“ ұғымы қандай мақсатпен
үйлесім тапты? Шығармашылығына дінді тұғыр еткен кез келген
ақын, сөзсіз оның танымдық, тəрбиелік негізін арқау етеді. Мəшhүр
107
Жүсіп поэзиясындағы діни таным оның əрбір айтар ойына, толғамына
тірек қызметін атқарады. Мəшhүр мұрасын зерттеушілердің бірі Ер-
тай Мəшhүр Жүсіп шөбересі ақын өлеңдеріндегі дін тақырыбы жайлы
“Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің дін тақырыбына көп жазғанын зерделеген-
де, алдымен оның себебіне біраз үңілу керек. Мəшhүр Жүсіп алғашқы
өлеңдерін жазып, əдебиетке араласа бастаған шағы ХІХ ғасырдың
соңғы ширегіне дөп келеді. Бұл патшалық Ресейдің қазақ елін отар-
лауы белең алған кез еді. Жердің ең шұрайлысын келімсектерге беру
арқылы тек экономикалық емес, рухани қыспақта дендеп ене баста-
ды. Мұндай
жағдайда дінге насихаттау, халықты Аллаға құлшылық
етуге, дін жолына шындап кірісуге үгіттеу дінді ғана емес тілді, жал-
пы ұлттық болмыс-бітімді сақтаудың ең пəрменді құралы болғанын
аңғару қиын емес“ (“Ислам əлемі“. 1997, №3) деген түйінді ой айтады.
“Дін“ деген ұғымның тек қана жақсылықпен жанасатыны жəне
адамды ізгілікке,
бөлінбейтін бірлікке, бүтіндікке, адалдыққа
тəрбиелейтіні белгілі. Əр халықтың дүниетанымдық ерекшелігі,
таным-түсінігіне орай ол белгілі денгейде ұлттық санаға да əсерін
тигізбей қоймайды. Мəшhүр Жүсіп
өз поэзиясына дінді тұғыр
етіп, сол арқылы ағартушылық-азатшылдық ойын білдіре оты-
рып, бірлікке, білімге, ғылымға үндеп,
адамгершілікті насихаттау
арқылы қоғамдық маңызы бар ой айтқан. Осы тұрғыдан келгенде
ақын шығармашылығындағы дін рухани-мəдени өмірді өркендетуге
үндеудегі басты бағыт-бағдар. Ақын бірде:
Достарыңызбен бөлісу: