Реферат Тақырыбы : Клиникалық зерттеудің негізгі әдістері Орындаған : Пернебаев М. С. Тобы: ап-19. 8ДК1 Тексерген: Қамбаров А



Дата27.11.2022
өлшемі25.28 Kb.
#465882
түріРеферат
реф клин диаг


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Аграрлық факультет
" Ветеринариялық медицина " кафедрасы 
Реферат
Тақырыбы: Клиникалық зерттеудің негізгі әдістері

Орындаған : Пернебаев М.С.


Тобы: АП-19.8ДК1
Тексерген: Қамбаров А.

Шымкент 2022




Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Малды бекемдеу
Б) Малдың лимфа бездерін, кілегей қабаттарын зерттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Анамнез жинау және габитусты анықтау.


Анамнез дегеніміз – мал иесімен диалог жасау арқылы алынған мәліметтер. Габитус дегеніміз – малдың сыртқы түрі. Габитусқа мына сыртқы белгілері жатады: кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті, дене құрылымы, қоңдылығы, дене бітімі (конституция), темпераменті (сыртқы әсерлерді сезгіштік). Малдың кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті табиғи және амалсыздан немесе еріксіз болып бөлінеді. Мысалы, сау жылқы негізінен үш аяқтап тұрады, ал төртінші артқы аяғын алма-кезек алмастырып тұрады. Сау сиыр барлық уақытта төрт аяқтап тұрады, ал күйіс қайтарғанда бір жамбастап жатады. Түйе тұрғанда төрт аяқтап, ал күйіс қайтарып, демалған кезде шөгіп жатады. Ауру малда амалсыз жату немесе тұрып тұру белгілері кездеседі. Еріксіз тұрып тұру негізінен өкпе қабынғанда, жүрек қабы жарақаттанғанда, сіреспе ауруымен ауырғанда, еріксіз жатып қалу малдың аяқтары, омыртқа жұлыны зақымданып жарақаттанғанда білінеді. Еріксіз қозғалыстар малдың ми, мишық және есту мүшелері зақымданғанда болады.
Малға жақындау мен оны ұстау ережелері. Ауру малды жайлап сипап, ұрмай, соқпай, үркітпей және айқай-шусыз жақындар ұстау керек. Малға жақындау үшін әр малдың ерекщеліктерін білу қажет. Жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер жылқы тыныш тұрмаса, онда жоғарға ерніне немесе құлақтың түбіне бұрау немесе қамшының бауын салып бұрайды, сондай-ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын жоғары көтеріп тұрады. Ірі қара малға мойынның жанына келіп екі қолмен мүйізден ұстайды , егер мал тынышсызданса, онда мұрын қуысының шеміршегін қолмен немесе мұрынға арналған қысқышпен қысады. Түйеге алдыңғы аяғының тұсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқтадан ұстау қажет. Түйені шөгеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тасау керек. Тынышсыз түйелерге мұрындық кигізеді. Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан ұстайды. Тексеру кезінде мал иесі мойыннан немесе мүйізден ұстап тұрады. Итті тексерген кезде қандай жуас ит болсын, оған тұмылдырық кигізу қажет, егер тұмылдырық жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіндінің бір ұшын желкенің шоқтығынан байлау керек. Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстау қажет.
Терісі мен түгін зерттеу – қарау және пальпациямен жасалады – түгінің теріге жабысуы, жылтырлығы, терінің тартып, жіберіп созылмалық қасиетін, құлақтың, мүйіздің түбінен, танауынан, аяқтарын ұстап температурасын анықтауға болады. Тері мен тері асты қабаттарын зерттеген кезде қарау пальпация, перкуссия және сыналы тесуді жасау қолданылады, терінің жұқпалы аурулары болған жағдайда микроскопия пайдаланылады. Теріні тексеріп зерттегенде, ең алдымен терінің түгі мен түсін, ылғалдылығын, иісін, қызуын және серпімділігін анықтайды. Содане сол патологиялық өзгерістеріне көңіл аударады, яғни тері көлемінің үлкеюі (ісуі, сары су жиналуы, желденуі, қыртыстануы), бөртуі мен бүтіндігінің бұзылуы. Тері бүтіндігінің бұзылуына тырналу, сыдырылу, жырылу, тесілу, ойылуы және тыртықтанып бітуі жатады.
Лимфа бездерін зерттеу. Негізінен пальпация жасап бездердің көлемін, формасын, қоз,алмалылығын, ауырсынуын анықтайды. Күйіс қайыратын малдарды жауырын алды, түзе үсті, ал ісінгенде алқым, құлақ түбі бездері зерттеледі. Патологиялық процестің дамуында лимфа бездері көбінесе өзгерістерге ұшырайды, өйткені оларғы қабыну ошағынан инфекция қоздырушылар, токсиндер лимфа ағысымен келіп түседі. Кейбір жағдайларда лимфа бездерінің өзгеруі диагноз қойған кезде аурудың ең басты белгісі болып келеді ( сақау ауруында, лейкоз, жіті жұқпалы ауруларында). Бездерді қарап, пальпациялау кезінде олардың көлеміне (үлкендігіне), пішініне, жұмсақ-қаттылығына, қозғалғыштығына жəнее сол безді жауып тұрған терінің қызуына көңіл бөледі. Жылқының жақ асты, щап бездерін, сиырдың, қойдың, ешкінің жақ асты, жауырын алдындағы, шап жəне желін бездерін, иттің шап безін тексеруге болады. Лейкоз, туберкулез ауруларында барлық бездердің көлемі үлкейеді. Сол кезде басқа бездерді сипап табуға болады( үш жұп мойын бездері, құлақ безі, аш бүйір безі,т.б.). Лимфа бездерінің өзшерістерне жіті жəне созылмалы бөрту жəне олардың гиперплазиясы жатады.
Кілегей қабықтарды зерттеу – көздің, ауыздың, танаудың кілегей қабықтары зерттеледі. Кілегей қабықтардың түсіне, тұтастығына, жылтырлығына, ойық, уытты жаралардың, қанталаған жерлердің болуына мән беріледі. Жалпы зерттеуде малдың конъюктивасын (көздің дəнекер қабығы), мұрын, ауыз жəне қынап кілеоей қабықтарын қарай арқылы тексереді. Терең жатқан кілегей қабықтарды тексеру үшін арнайы аспаптар қолданады ( риноскоп, рефлектор, ларингоскоп, қынап айнасы). Малдың кілегей қабықтарын зерттеренде түсіне, ылғалдылығына, ісуіне, іріңдеуіне назар аударылады. Сау малдың кілегей қабықтары ашық қызыл түсті, сəл сұрланған, іріңсіз жəне ісіксіз болады. Мал ауырғанда кілегей қабықтың түсі өзгереді, яғни қызарады, сарғаяды, көкшіл жəне бозғылт тартады. Жылқының кеңсірігінің кіленей қабығы – ашық қызыл, сіл көкшіл тартып тұрады. Қынаптық кілегей қабығы ашық қызыл, сəл ғана сарғыш тартып тұрады. Ірі қара малды көздің дəнекер қабығы ашық қызыл күңгірт, қынап, ауыз, мұрын кілегей қабықтары сəл сарғыш тартып тұрады. Кілегей қабықтың ісінуі мен қоймалжың іріңнің басып қалуы көбінесе ауыз, мұрын, көз кілегей қабықтары қабынғанда білінеді. Көзден жас, мұрыннан су, ауыздан сілекей жəне қынаптан сұйық зат ағуы оларлың кілегей қабықтары қабынғанда, ауыз жəне басқа ауруларда байқалады. Кілегей қабықтан аққан сұйық зат (экссудат) аурудың түріне, жітілігіне қарай шырышты, ұйыма жəне іріңді болып бөлінеді.
Термометрия жасау – тік ішек арқылы анықталады. Вазелин жағылған термометрді жайлап бұрап тік ішекке енгізеді, 10 минутқа қалдырады сонан соң суырып, мақтамен сүртіп көрсеткішін жазып алады. Малды жалпы зерттеу кезіндегі дене қызуын өлшеу міндетті. Малда дене қызуын тік ішектен, ал құстарда клоакадан өлшейді. Дене температурасын малдəрігерлік термометр неммесе электртермометр арқылы зерттейді (тез жəне дəл тəсіл). Өлшейтін термометр залалсыздандыратын сұйық құйылған ыдысқа салулы тұруы керек. Дене қызуын өлшер алдында термометрді сілкіп, сынап бағанасын төмен түсіреді, содан соң майлап, тік ішекке енгізіп, онда 5-10 минутқа қалдырады. Термометр жерге түсіп сынбас үшін оны щұйрықтың түбіне жіппен байлап немесе Нагорький қысқышы арқылы бекітеді. Термометр көрсеткіштері жұмыс құжатына жазылады. Əрбір мал түрінде дене қызуы көрсеткіштерінің шеткі мəліметтері бар.
Дене қызуының мөлшері:
Ірі қара малда – 37,5-39,5 шошқада – 38,0-40,0
Қойда – 38,5-40,0 итте – 37,5-39,0
Ешкі – 38,5-40,5 мысықта – 38,0-39,5
Түйе – 35,0-38,6 тауықта –40,5-42,0
Жылқы – 37,5-38,0 көгершінде –41,0-44,0

Қорытындылап айтсақ, кез келген малды тексерген кезде, ол мал туралы мәлімет жинаймыз. Одан кейін малды бекемдеп, объективті симптомдарды іздейміз. Ол үшін пальпация, аускультация, перкуссия әдістерін қолданамыз. Осы әдістерге және лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып, біз малға диагноз қоямыз. Қойылған диагнозге қарай малға емдік шаралар жүргіземіз.



Пайдаланылған әдебиеттер
 О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет