Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет60/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   205
Акмеология

114
115
көрсетеді. Акмеология теориясын, оның əдіснамалық негіздерін 
жетілдіру шамасына қарай, жүйелі ой-пікірлер аса жедел дамиды, 
акмеологиялық объектілердің жүйелі сипаттамалары аталған 
тұғырдың талаптарына сəйкес келетін болады. 
Отандық ғалым K.С. Мусин болашақ мұғалімдердің кəсіби 
дамуын, Г.К. Ахметова педагогикалық білім берудің теориялық 
негіздерін жасап, үздіксіз білім беруді заманауи əрекеттегі білім 
беру мекемелерінің жүйесі ретінде қарастырып, ондағы білім беру 
мазмұны мен технологияларының сабақтастығын қамтамасыз 
ету мəселесін алға қояды. Yздіксіз педагогикалық білім беру 
мəселесінің теориялық жəне əдіснамалық қырлары мен əр елдер-
дегі үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің даму жолдарын 
А.К. Құсайынов, Б.К. Момынбаев, Ш.Т. Таубаева, Е.Ш. Қозыбаев 
жəне т.б. салыстырмалы түрде жан-жақты талдайды. Ғалымдардың 
зерттеулерінде үздіксіз білім беруге келесі сипаттама беріледі: қоғам 
мен жеке адамның қажеттіліктері мен тілектерін ескеретін, оларға 
жалпы білім беретін, кəсіби даярлаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз 
ететін мемлекеттік жəне қоғамдық мекемелердің шынайы əрекеттегі 
жүйесі. Яғни үздіксіз білім беру жүйесі тұлғаның өмір бойы оқуына, 
білімін өздігінен тəжірибемен тиімді ұштастыруға жəне өз өміріндегі 
əрекет субъектісі ретіндегі дамуына мүмкіндік беретін жүйесі болып 
табылады. 
Жүйелі тұғырдың негізінде акмеологияның теориялық-
əдіснамалық негіздерін құрастыру, оның өзекті, перспективті, 
теориялық ғылыми бағыты болып саналады. Алайда, қазіргі кезде 
акмеологиялық білімнің базасында осы бағыттың жалпы белгілерін 
анықтауға болады. 
Атап айтсақ, ілгері тұлғалық-кəсіби дамуды қарастыруда, 
кəсібиліктің акмеологиялық жүйесі туралы толыққанды негізде 
айтуға болады. Оның жүйе құраушы факторы ретінде, өзінің 
дамуында шыңға жеткен тұлғаның идеалды бейнесі, кəсіби, 
əлеуметтік жəне жеке жетістіктерге жеткен адамның тұлғалық 
эталоны болуы мүмкін. 
Сонымен қатар, жүйе құраушы фактор ретінде, тұлғаның 
кəсібилігінің жəне іс-əрекеттің қабылданған стандарты бола алады. 
Ғылыми зерттеулерде акмеологиялық жүйе құраушы факторды 
осылай түсіндіру, көп жағдайда дамыған тұлғаны субъект ретінде 
қарастырумен теңестіріледі (К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, 
А.С. Огнев жəне т.б.).
Тұлғалық-кəсіби даму үдерісіндегі іс-əрекет субъектісі, К.К. 
Платоновтың тұлғаның функционалдық-динамикалық құрылымы 
туралы тұжырымдамасы, В.С. Мерлиннің тұлға тұжырымдамасы, 
В.А. Ганзен ұсынған жүйелі психологиялық сипаттаулардың көмегі 
арқылы анықталатын күрделі жүйе ретінде көрсетілуі мүмкін. 
Акмеологиялық жүйедегі құрылымдық компоненттер ретінде, 
іс-əрекет субъектісінен басқа, біліктер мен дағдылар жүйесі, 
мотивтер, эталондар мен АКМЕ идеалдар жүйесі алынады. Аталған 
жүйе тұлғалық қасиеттер мен кəсібилікті дамыту деңгейлерімен 
сипатталатын көпдеңгейлі жүйе болып саналады. Акмеологиялық 
жүйеде əсер ету құралдары алуан түрлі болуы мүмкін – өзіне-өзі 
əсер етуден оқытуға дейін, алуан түрлі болатын жүйедегі тікелей 
жəне кері байланыстар алынады. Бұл тек нұсқалы болжам, аталған 
мəселе арнайы теориялық қайта құрастыруды талап етеді. 
Субъектілі тұғыр. Аталған сатыда ол көп жағдайда акмеология 
үшін парадигмалы тұғыр ретінде болады (К.А. Абульханова,
В.Г. Асеев, А.В. Брушлинский, А.С. Огнев жəне т.б.), ол басты
анықтаушы тұғыр ретінде қарастырылады. Аталған принцип адамды 
жетілдіру қабілеті мен қажеттілігі арқылы көрінетін, субъектілік пен 
болмысты ұйымдастыру орталығы ретінде субъект туралы С.Л. Ру-
бинштейннің идеясына негізделген. 
Акмеологияда адам жетілдіру субъектісі ретінде қарастырылады 
(өзін-өзі жетілдіру акмеологиялық технологиялармен негізделген), 
бұл адамның жоғары, еркін дербестігін, мақсаттар мен эталондарды 
таңдаудағы белсенділігін қамтиды. 
Психологияда құрастырылған психологиялық детерминизм 
жəне даму принциптерін (К.А. Абульханова, Л.И. Анцыферова,
В.Г. Асеев, А.В. Брушлинский, В.С. Мерлин, С.Л. Рубинштейн), 
айқын акмеологиялық мазмұны бар деп атауға болады. 
Осындай принципке сəйкес, сыртқы жағдайлар объектінің мəнін 
жəне оған əсер ету нəтижесін біржақты анықтайды. Бір құбылыстың 
басқа құблысқа кез келген əсері С.Л. Рубинштейн бойынша, əсер 
етілетін құбылыстың ішкі қасиеттері арқылы жүзеге асырылады. 
Акмеологияда детерминизм принципінің өзгешелігі бірнеше 
бағыттар бойынша анықталады. Бірінші бағыт бойынша, «ішкі» 
алдымен «сыртқымен» жəне статикалықпен бірлікте қарастырыла-
ды. Акмеология «ішкіні» оңтайлы бағыттағы даму логикасы ретінде 
анықтайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет