Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет208/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Зертханалық тəжірибе 
Филология мен қоғамдық білім саласында информатиканың 
теориялық негіздері мен қосымшаларын қолдану
Дидактикалық мақсаттары: іздеу, зерттеу.
Сабақ түрі: тəжірибе.
Оқыту технологиясы мен əдістері: кітаппен жұмыс, іздеу 
жаттығулары, ақпаратты құрылымдау, оқу дискуссиясы.
Студенттердің алдын-ала дайындығы: баяндайтын сабағының 
тақырыбын таңдау, материалды оқу жəне жүйелеу.
Теориялық мəліметтер
Тезаурус құруға қажетті ұғымдар:
1. ақпарат;
2. тіл;
3. жүйе;
4. білім;
5. жіктеу;
6. жаттығу;
7. жасанды интеллект.
 Тақырыпты мазмұндық əдістемелік талдау
Информатика ғылымы ақпараттың барлық аспектілерін 
қарастырады, ал адамның тұлға ретінде қалыптасуы сезім 
мүшелерінің көмегімен қоршаған əлем туралы ақпаратты 
(бейнесін) қабылдаудан басталады. Осындай бейнені түйсіну сана-
ны қалыптастырады, санамен шынайылықты түйсінуге жету жəне 
танып білу нəтижесі білімді тудырады. Осыдан кейін қағидалар
көзқарас пен танымдар негізінде адам өмір сүріп отырға əлем 
бейнесі құрылады, яғни дүниетаным қалыптасады. Түйсік, білім мен 
дүниетаным қалыптастыруға сезімдік ақпарат негіз болады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптардағы ин-
форматика пəнінің мазмұнында жалпы білімдік аспектісінен өзге 
екі аспектіні бөліп айтуға болады:
– əлемнің жүйелік ақпараттық картинасы, өзі басқарылатын 
жүйелердің құрылуы мен əрекет етуінің жалпы ақпараттық 
заңдылықтары;


483
– ақпаратты алу, өңдеу, жіберу, сақтау жəне қолдау, компьютер 
жəне ақпараттық технологиялар құралдарының көмегімен есептерді 
шығару əдістері мен құралдары.
Дидактикалық материалдар
1-тапсырма. Хабарлау жəне жүйелеу сабағының конспектісін 
əзірлеңіз. Хабарлау жəне жүйелеу сабағының ерекшелігін ескеріңіз 
жəне конспектіде сабақтың негізгі дидактикалық міндетін жүзеге 
асырудың əдістемелік ерекшеліктерін көрсетіңіз: қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқып 
үйренуде мəні зор сұрақтарға қатысты оқушылардың теориялық 
білімін, білігі мен дағдысын, танымдық əдістерді меңгеру деңгейін 
анықтау жəне бағалау ерекшеліктерін талдаңыз.
Хабарлау жəне жүйелеу сабақтарының тақырыптары
а) семинар сабақ
№1. Информатика ғылым мен технология синтезі ретінде.
№2. Ақпараттық қоғам.
№3. «Ақпарат» ұғымының мəні.
№4. Геоақпараттық жүйелер.
ə) Мəселелік дискуссия сабақтары
№5. Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен 
ғылымдардың əртүрлі жіктеулері.
№6. Информатиканың əлеуметтік аспектілері.
№7. Информатиканың тілдік аспектілері.
№8. Бизнесті қайта жоспарлау жəне ақпараттық технологиялар.
б) Шығармашылық тапсырмалар сабақтары
№9. Эксперттік жүйелер.
№10. Интернеттегі телеконференциялар.
№11. Əлеуметтік зерттеулерде мəліметтерді математикалық 
өңдеудің ақпараттық технологиялары.
№12. Жоспарлау мен басқару салаларында мəліметтерді 
математикалық өңдеудің ақпараттық технологиялары.
2-тапсырма. Бақылау жəне білім, біліктілік пен дағдыны түзету 
сабағының конспектісін əзірлеңіз. Бақылау жəне білімді түзету 
сабағының ерекшелігін ескеріңіз, яғни конспектіде келесі негізгі 
кезеңдер сипатталуы керек: мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі, 
оқушылардың сұраққа жауап беруі, оқушылардың тапсырмаларды 
орындауы жəне есеп тапсыруы.


484
Бақылау жəне түзету сабақтарының тақырыптары: 
№1. Ақпаратты жүйелеу жəне құрылымдау.
№2. Паскаль программалау тілінің метасипаттамасы.
№3. Реляциялық мəліметтер қорын жобалау.
№4. МҚ-да мəліметтерді өңдеу үшін макростарды құру.
№5. «Есептер генераторы» режимінде МҚБЖ-мен жұмыс.
№6. Интернетте алшақтағы мəліметтер қорымен жұмыс.
№7. Электрондық пошта.
№8. Интернетте ақпаратты іздеу.
№9. Кестелік процессорлар көмегімен шамалар арасындағы 
корреляциялық тəуелділікті зерттеу.
№10. Экстраполяция əдістерімен болжамдау есептерін шешу.
№11. ЖОО-АБЖ жүйесімен немесе оның элементтерімен жұмыс.
№12. Қарапайым геоақпараттық жүйемен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет