Бумакөл ауылдық кітапханасы
Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп өркендеуі рухани байлықтың қайнар көзі – кітаппен тығыз байланысты. «Жақсы кітап-жан азығы» дейді дана сөз. Кітапты сақтаушы, топтандырушы ошақ – кітапхана. Кітапхана – өзінің оқырмандарын білім қорымен сусындатып, іздегендерге бағыт беретін мәдени орта. Осындай орта Бумакөл ауылында 1929-1930 жылдары ашылып, тұрғындарын қуанышқа бөлеген. Алғашқы кітапхананың кітапханашысы Төлеген Ескендіров. Кітап саны бар болғаны 60 дананы құраған. Кітапхана жойылған жоқ. Оқырманның сұраныстарын қанағаттандыруға әртүрлі жолдар іздестіріліп, қарастырылды. Соның бірі көршілес ауыл кітапханаларымен кітап алмастыру. Кітапты алмастыруда елеулі көмек көрсеткен мәдени ошағы – Бөрлі кенттік кітапханасы. Жәкен Абдрахманова кітапхананың игі істерін 1953-56 жылдар істеп алға бастырады. Жаңа орында жұмыс істеген Нсыанова Клара өзін үлгілі істерімен көрсете білді. 1962 жылы бұл жұмысты кітапханашы Марзия Истаева жалғастырды. 1973-74 жылдары жұмыс істеген Б.Г.Дербисова өзіндік жаңалықтарымен көп із қалдырды. Жұмысқа жолдамамен келген Л.Н.Арефьева 1987 жылға дейін істеп жұмыста өзін көрсете білді.
Сол кезеңде кітап қоры 8000 данаға дейін көтеріліп кітапхана өрісі көзге түсерліктей кеңейе түсті. Онымен қатарлас жұмыс істеген Л.Н.Арефьева дала қостарында мал фермаларында «Қызыл бұрыштар» ұйымдастырылып, викториналар мен әртүрлі шолулар өткізді. Кітапхана қызметін 1987 жылдан бастап М.Қ.Маймирова атқарып келеді. Орналасқан жері мәдениет үйінің екінші қабатында. Кітапхананың ең негізгі міндеті: жас жеткіншектермен жасөсіпірімдердің кітап құмарлығын арттыру. Осы бағытта әртүрлә кештер, пікірталастар, дебаттар, турнирлер, кітап көрмелері өткізіліп, ұйымдастырылып отырады.
Облыстық «Шағын Отан» байқауында Бумакөл ауылдық кітапханасы екінші орынға ие болып, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханадан мақтау қағазымен марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.
Кітапхана орналасқан Мәдениет үйі
Кітапханашы Арефьева Л.Н.
(оң жақта бірінші) 1976ж.
Достарыңызбен бөлісу: |