Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Зейін мен есте сақтауды дамыту бойынша жұмыс ережесі



бет26/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Зейін мен есте сақтауды дамыту бойынша жұмыс ережесі. Оқушылар сөзді есте сақтағаннан соң, блок ашылады. Балалар қалып қойған сөздерді дәптерлеріне орнына келтіріп жазады. Тілшілер үшін бұл кезең жаңа сөздерді есте сақтау формасының бірі болып табылады. Мысалы: 7 сөздің үш сөзі өшіріледі. Бірақ балалар ол сөздермен сөйлем, сөз тіркестерін құру арқылы жаттықтыру жұмыстарын жүргізіп, оларды ұмытпай есте сақтауы қажет. Ары қарай өшірілген сөздер орнына келтіріледі, бірақ, басқа сөздер өшіріліп сөздермен жұмыс жасау жалғасады.
Мәтінмен жұмыс жасау. Оқушылар берілген мәтінмен тірек сөздерді тауып, тақырыптағы сөздің мәнін ашады. Сондай-ақ, мұғалім қарама-қарсы және сын тұрғысынан сұрақ қою барысында баланың көңілін әрбір ұсақ бөлшекке назар аударылатыны жайында ескертіп, балалар, мәтінге аса назар аударып оқулары қажеттілігі жөнінде мұғалім тарапынан нұсқаулық алады. Картаның негізгі мақсатын есте сақтау қажет, ол: оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып,


оқу материалын сапалы меңгеру және берілген тақырып бойынша сыныптың барлық күш-жігерін ақпаратты өңдеуге біріктіру.
Қарама-қарсы сұрақ қою. Жұмыс соңында мұғалім мәтіндегі тірек сөздермен жұмыстың нәтижесі бойынша бүкіл сыныптан сұрақ- жауап алады. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың тақырыптағы әрбір ұсақ бөлшектерін, ең негізгілерді баса нақты табу біліктілігін дұрыс жолға қою мақсатында тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім осы аталған карта бойынша оқыту сапасының ең негізгі ұстанымдарын дұрыс қолданғаны жөн: - сандық құрылуы - сынып- пен жұмыс жасауда анықталған ақпарат көлемін нақтылы өңдеу білігі. - сапа құрылуы - сол және басқа да тақырып негізінде жатқан нақты ақпараттар көлемін сыныппен біргелесе отырып жұмыс жасау білігі. - оқытудағы синергизм - сынып оқуға ену барысында және білімді алу нәтижесінде ақпараттарды өңдейтін жүйе - үдеріскер, бірыңғай ағза болып құрылады. Бұл оқу кеңістігінде тұрақты сапаны алу үшін, оқу аймағы қорын тиімді, әсерлі бөлшектеп пайдалануға мүмкіндік береді. Ескерту. Оқушыларды мынадай тұрғыда белсен- діру қажет: ұсынылып отырған білімнің барлығын бірдей бір оқушының меңгеруі мүмкін емес, бірақ жалпы сынып болып біріккен жағдайда берілген жүктемені әрбірі теңдей етіп бөліп алу барысында білімнің үлкен көлемін меңгеруге және денсаулық пен танымдық қуанышын сақтау мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет