Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет1/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ф. Б. Бөрібекова
Н. Ж. Жанатбекова


Қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар
Оқулық


Алматы, 2014


ӘОЖ


КБЖ
Ш


Түсінік хат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалык ғылыми-практикалық орталығы бекіткен

Пікір жазғандар:
С. Н. Жиенбаева - педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Қ. М. Мендаяхова - педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Н. А. Әбішев - педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Ф. Б. Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. - Алматы: 2014. - 360 бет.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналды. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық, шығармашылық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, логикасы жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Ұсынылып отырған оқулық ЖОО-ындағы болашақ мұғалімдер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады. Жаңа технологияны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдалану, оқушылардың шығармашылық сапа қасиеттерін дамытып, интелектуалдық пәрменділігін арттыру мақсатында пайдалануға негізделеді.
ӘОЖ
КБЖ

І8ЫЧ


© Н. Ж. Жанатбекова,
Ф. Б. Бөрібекова, 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014


Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту және оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман - бүгінгі студент педагогика теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларды бастауыш мектептің оқу- тәрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға тырысуы тиіс. Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тәжірибесінде тиімді қолдану, ең алдымен, оларды терең, жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. Сондықтан да аталмыш курс кредиттік жүйе бойынша білім беретін мамандықтардың оқу жоспарына енгізілген.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа ай- налуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педогогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Қазіргі кезде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын пайдалана алу әрбір мұғалімнің біліктілігін анықтайды. Бұл курстың қоғамда алатын орны мен методологиясына негізделіп жүзеге асады. Курсты оқу студенттердің жинаған білімдерін шығармашылықты негіздеуге және курстық, дипломдық жобаны орындау кезінде ғылыми-зерттеушілік әрекетінде білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қазіргі заманғы педагогикалық


3




технологиялар» пәні бастауыш білім берудің теориясы мен практикасын меңгеруге бағыттайды.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу- тәрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Практикалық сабақтарда білімгерлердің білігін қалыптастыру түрлі жаттығуларды орындау түрінде, іскерлік ойындарда әртүрлі рөлдер орындау барысында, білім жобаларын жасау және педагогикалық ситуацияларды модельдеу түрінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып-үйренуі өте маңызды болып отыр.
Білімгерлердің өзіндік жұмысы туралы қорытынды жасағанда келесідей тұжырымға келуге болады: өзіндік жұмыс білімгердің тек өз белсенділігі түрінде анықталады. Әрбір өзіндік жұмысты бастар кезінде білімгер алында белгілі бір мақсат, проблема болуы қажет.
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» курсы бойынша берілген өзіндік жұмысты орындау барысында әр білімгер өзінің жеке тәжірибесін пайдаланып, алған білім деңгейінде жұмыс жасайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытушы білімгерге арнайы тапсырма береді, ал білімгер берілген тапсырманың қажеттілігі жөнінде өз ойын бекітеді. Біріншіден, берілген тапсырманың мазмұнын талдайды, өзінің осыған дейін алған білім деңгейін саралап тапсырма мақсатын түсінеді. Екіншіден, берілген тапсырманы орындау үшін қандай амалдар керек екендігін ойластырады және


ойластырған жоспарды іске асырады, яғни тапсырманы орындайды. Үшіншіден, алған нәтижесіне талдау жасайды.
Білімгерлерге берілетін өзіндік жұмыстар дидактикалық жағынан үш түрге бөлінеді: білім алуға арналған өзіндік жұмыс; білімді пайдалануға арналған өзіндік жұмыс; теориялық материалды тексеруге арналған өзіндік жұмыстар.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» курсын меңгеруде білімнің өрінен көрінуге тілектеспіз.
Автор


4


5






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет