Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері



Дата12.06.2016
өлшемі317 Kb.
#131164
түріОқулық
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Windows басқару элементтері. Жұмыс үстелі. «Маус» типті манипулятор. Windows оқулығы . Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. «Пуск» батырмасының функциялары.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерімен, Windows жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру. Есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету. «Маус» манипуляторын меңгерту.

2. Оқушылардың Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерін,

есептер тақтасының, «Пуск» батырмасының арналуларын,

«мауспен» орындалатын әрекеттерді білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Практикум элементері бар баяндау, көрсете отырып, түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс

қойылатын талаптар: - Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерін;

- жұмыс үстел ұғымын;

- Windows –пен жұмысты іске қосу және аяқтау ретін;

- есептер тақтасының арналуын;

- «Пуск» батырмасының арналуын;

- «мауспен» орындалатын әрекеттерді.



Оқушылар үйренуі тиі:

  • Windows жұмысының іске қосу және аяқтау ретін;

  • Есептер тақтасында бағдарлануды;

  • «Пуск» батырмаасы мен басты менюді қолдануды;

  • «мауспен» орындалатын механикалық әрекеттерді: сол жақ батырманы бір рет шерту, екі рет шерту, «маусты» сол жақ батырманы басып жылжыту



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Windows ’98 операциялық жүйесін оқытуға кірісуден бұрын, оқушыларға

сұраққа өз бетімен жауап беру ұсынылады.

Бақылау сұрағы : Операциялық жүйенің арналуы қандай?

Жауабы: Операциялық жүйе компьютердің барлық жүйелерінің, бағдарламалық жабдықтаманың жұмыстарын басқару үшін және адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін керек.

Windows-тың негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару .

Windows –бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі - бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft Windows’98 ортасының ерекшеліктері:

  • пайдаланушының интерфейсін стандарттау;

  • көлемі ондаған Мбайт жедел тиімді басқару;

  • жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;

  • бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;

  • көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбаны қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;

  • графикалық режимді басым қолдану;

  • жергілікті желі және Internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас құралдары;

  • мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралы;

  • “Plug and Play” технологиясы (қосатын құрылғыларды автоматты баптау).

Оқулықта келтірілген сипаттамаға және мұғалімнің түсіндіруіне сүйеніп, оқушыларға компьютермен жұмысты бастау және аяқтау үшін орындайтын әрекеттердің ретін жазу ұсынылады. Тапсырма барлық сынып оқушыларының қатысуымен немесе жеке оқушының орындауымен өткізілуі керек. Бұл мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі.

3.1.1. Тапсырма. Әрекет тізбегін көрсет.

Компьютермен жұмыс істеуді бастау әрекеттерінің тізбегін көрсет.

Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерінің тізбегін көрсет.

  1. Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы тақтасындағы қосу/өшіру батырмасын бас.

1. Маустың сол жақ батырмасымен ПУСК батырмасын шерт.


  1. Тіркеу терезесі пайда болады.

2. Менюден “СЕЙЧАС СЛЕДУЕТ”-ті таңда да, ВЫКЛЮЧИТЬ КОМПЬЮТЕР пунктін таңда.


  1. Пайда болған терезеде ОТМЕНА (болдырмау) батырмасын бас.

3. ДА батырмасын бас.


  1. Windows ’98 операциялық жүйесі жұмысқа дайын.

4. ”Енді компьютер қорегін өшіруге болады” (“Теперь питание компьютера можно отключить”) деген жазу шыққаннан кейін,жүйелік блоктың алдыңғы тақтасындағы компьютерді қосу/өшіру батырмасын бас.



Windows обьектілері

Windows ’98бұл графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде көрсетіледі.
Маус.

Мауспен орындалатын үш механикалық әрекеттер (операциялық):



  • сол жақ батырманы бір рет шерту;

  • екі рет шерту;

  • «маусты» басулы сол жақ батырмамен жылжыту

Мауспен орындалатын манипуляцилар:

Мой компьютер - Панель управления - Мышь – Настройка и тренировка.

Маусты пайдалану дағдылары мен пернетақтаны латын әрпінен кириллицаға және керісінше ауыстырып қосу біліктілігін қалыптастыру.


3.1.2. Тапсырма. Маустың қандай батырмасы негізгі, ал қайсысы қосымша болып табылады?

Windows обьектілерінің негізгі басқару құрылғысы- маусты қарастыру және суреттегі төртбұрыштарды толтыру керек




Маустың оң жақ батырмасы (қосымша)




Маустың көмегімен не істеуге болады?

  1. тасымалдау

  2. созу

  3. қосу

  4. белгілеу

  5. ашу

  6. жабу


Маустың сол жақ батырмасы (негізгі)



МАУСПЕН ЖҰМЫС

Бақылау сұрағы: Маус манипуляторының қызметі қандай?

Маус - Windows обьектілері мен басқару элементтеріне әсерін тигізетін манипулятор.

3.1.3. Тапсырма. Маус нұсқашының түрлерін сал.

Тапсырма оқулыққа сәйкес орындалады, мұнда мұғалім меңзер қандай жағдайларда көрсетілген пішінде болатынын компьютерде көрсетіп түсіндіруі керек.
Жүйенің базалық элементтері.

Жұмыс үстелі.

Windows жұмыс істеу кезіндегі экранның бүкіл бетін (Desktop) әрекеттері орындалады. Бұл Windows-тың қарапйым, бірақ негізгі ұғымы.



Windows-тың экранын өздеріңнің қалауларың бойынша стандартты жиыннан алынған тұсқағазбен (wallpaper) «төсеп қоюға» болады.

Ребус (Ү).

Ребустың жауабы: «жұмыс үстелі» - бұл Windows-тың негізгі экраны.
ЖҰМЫС ҮСТЕЛІНДЕ Windows-тың объектілері және басқару элементтері орналасқан, оларды сәйкес қатарларда атау керек:

1. қапшықтар 4. таңбашалар

2. файлдар 5. белгішелер

3. терезелер 6. маус нұсқағыштары


3.1.4. Тапсырма. Ашық және жабық қапшықтың қалай көрінетінін бағдаршалармен көрсет.

Ашық Жабық

3.1.5. Тапсырма. Жұмыс үстелінің (орнының) негізгі элементтерін атап жаз.

Жұмыс үстелін компьютерде немесе оның суретін оқулықтан көруге болады. Тапсырманы тақырыпты меңгеруді тексеру үшін қолдануға болады.

  1. белгішелер

  2. есептер тақтасы

  3. Пуск (іске қосу) батырмасы

  4. қапшықтар



WINDOWS БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

3.1.6. Тапсырма. Жұмыс орнының терезесінде қандай басқару элементтері бар?

Тапсырма-конспект. Мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалады.

  1. Пуск батырмасы

  2. басты меню

  3. меню жолдары

  4. бағыныңқы меню

  5. командалар

Команда – бұл берілген команданың белгішесінде маусты шерткенде жүретін әрекет.

Қысқа командаға мысал – WordPad-ты шерту (немесе басқа қосымшаның белгішесінде).

Ұзын командаға мысал - Пуск Программы Стандартные Игры

Косынка (мұның мысалы басқа программаға нұсқайтын тізбек бола алады).
3.1.7. Тапсырма (Ү). Бас менюдің негізгі командалары мен белгішелерін сәйкестендір.

Тапсырма тақырыпты оқытқаннан кейін, ол бойынша оқушылардың білімін тексеруге арналған. Түрлі түсті қарындаштарды қолдану ұсынылады.




Қапшықты, файлды, жалпы компьютерді, пошталық хабарды іздеу



Анықтама ақпаратты шақыру



Жұмысты аяқтау немесе компьютерді қайта жүктеу



Баптауы өзгертілуі мүмкін жүйенің құрауыштарының тізімін шығару



Бар бағдарламалардың тізімін шығару




Жақын арада ашылған құжаттардың тізімін шығару



Бағдарламаны іске қосу, MS DOS командасын орындау немесе қапшықты ашу



МАУСПЕН ЖҰМЫС

Бақылау сұрағы: Маус манипуляторының қызметі қандай?

Маус – Windows-тың объектілері мен басқару элементтеріне әсерін тигізетін манипулятор.

3.1.8. Тапсырма. «Маус терминологиясы»

Тапсырма-конспект. Мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтың оқумен қатар орындалады. Маустың оң және сол жақ батырмаларымен орындалатын әрекеттердің атын кестеге жазу керек. Оқушылар мен маустың сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жақ батырмасы қосымша екенін естеріне салу керек.

ОҢ ЖАҚ БАТЫРМА

Әрекет

1. Объектіде немесе басқару элементтерінде шерту

2. Апару (тасымалдау)

Әрекет

Нәтижесі


Динамикалық (контексті) менюді шақырады

Жылжыту, көшіру, таңбаша жасау командалары бар менюді шақыру

СОЛ ЖАҚ БАТЫРМА

Әрекет

1. Объектіде шерту

2. Басқару элементінде шерту

3. Екі рет шерту

4. Апару

(тасымалдау)




5. Созу

Әрекет

нәтижесі

Объектіні

ерекшелеу

(белгілеу)


Басқару

элементтерін жұмыс істеді



Бағдарлама іске қосылады,

қапшық, файл, ашылады



Объектіні басқа орынға апарады

(тасымалдайды)




Терезелердің өлшемі өзгереді

3.1.9. Тапсырма. «Маус сөздігін» пайдалана отырып, маустың көмегімен орындалатын әрекеттер қалай аталатынын анықта.

Тапсырма терминологияларды есте жақсы сақтау мақсатымен өз бетімен орындауға ұсынылады, сонымен қатар берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін қолданылады.

  1. Маусты шерту

  2. Маусты екі рет шерту

  3. Маустың оң жақ батырмасын шерту

  4. Апару (тасымалдау)

  5. Маустың оң жақ батырмасымен апару

  6. Созу




Нұсқағышты объектіге орнамын да, тез екі рет басамын, содан кейін сол жақ батырманы жіберемін

Нұсқағышты объектіге орнатып, оң жақ батырманы басамын да, босатамын. Экранда динамикалық меню пайда болады.







Бұл әрекет меңзерді терезенің жақтауынан немесе бұрышына орнатса, ал содан соң маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, оны керек бағытта жылжытса, терезенің өлшемін өзгертеді

Нұсқағышты объектіге орнамын да, сол жақ батырманы басып, босатамын.




3.1.10. Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер.

«Терезеге қара» тесті оқушылардың Windows терезесінің негізгі батырмалары мен белгішелерін есте сақтағанын тексеру үшін ұсынылады.

Сұрақ №

1

2

3

4

5

6

7

8

Жауабы

c

a

b

b

b

a

a

c

3.1.11. Тапсырма. Маусты баптау әрекетінің тізбегін керсет.

1. Пуск батырмасын шерту

2. Настройка (Баптау) командасын шерту

3. Панель управления (Басқару тақтасы) қапшығының белгішесінде шерту

4. Маус белгішесінде екі рет шерту

5. Қажет Баптауды таңда

6. ОК батырмасын шерту


ЕСЕПТЕР ТАҚТАСЫ

Есептер тақтасы – Windows 98-дің интерфейсінің негізгі элементі, ол әдетте барлық терезелердің жоғарғы жағында орналасады және оның құрамына:



  • жүйенің басты менюін шақыруға арналған «Пуск» батырмасы;

  • ашық қолданбалардың белгішелері;

  • қосымша ақпараттар;

  • есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы кіреді.

Есептер тақтасы – бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.


«Пуск» батырмасы

«Пуск» батырмасы (Start) интерфейстің негізгі элементі (жасаушылардың пікірі бойынша): жүйе іске қосылған соң есептер тақтасында «Жұмысты осы батырманы басудан бастаңдар» («Начните работу с нажатия этой кнопки») деген көмек сөз пайда болады. Бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пунктен тұрады:



  1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім

  2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімінен

  3. Баптау

  4. Іздеу

  5. Анықтама

  6. Орындау

  7. Жұмысты аяқтау. Бұл пунктті таңдаған кезде экранда таңдау өрістері бар диалог терезесі шығады. Қажет жалаушаны орнатып «Иә» батырмасын басу керек. Компьютерді өшіру қажет болған жағдайда, міндетті түрде экранда жұмысты аяқтауға рұқсат хабар шыққанша өшіруге болмайды.

3.1.12. Тапсырма. «Пуск» батырмасының функцияларын атап өт.

Тапсырма берілген тақырыпты түсіндіру кезінде орындалады.

1. Бағдарламаларды іске қосу

2. Құжатты ашу

3. Жүйенің баптауын өзгерту

4. Анықтамалық мәліметтерді алу

5. Қажет файлды іздеу

6. Компьютердің жұмысын аяқтау


WINDOWS ОҚУЛЫҒЫ

Оқулықты іске қосу және онымен танысу.

Пуск Справка Учебник Windows введение в Windows Новые возможности Основные приемы работы (жұмыстың негізгі әдістері):



  • кіріспе мәліметтер;

  • терезелерді жылжыту;

  • терезелердің өлшемін өзгерту;

  • айналдыру;

  • терезені жабу;

  • терезелер арасында орын аусытыру;

  • диалог терезесімен жұмыс істеу.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

3.1.1, 3.1.2, 3.1,3, 3.1.4, 3.1.5, 3.1.6, 3.1.8, 3.1.9, 3.1.10, 3.1.11, 3.1.12 – тапсырмаларды орындау

V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Windows басқару элементтері. Жұмыс үстелі. «Маус» типті манипулятор. Windows оқулығы.

Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. «Пуск» батырмасының функциялары.

Ребус. 3.1.7 - тапсырма



2)Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет