Оқулық атауы: Қазақ тілі



Дата03.01.2022
өлшемі18.38 Kb.
#451031
түріОқулық
Берикбай Жанерке 31Б оқулық талдау


Оқулықтар сапасын практикалық талдаудың критерийлер жүйесі

Оқулық атауы: Қазақ тілі

Авторлары: Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:4 Оқулық саны-12

Баспа: Алматы «Атамұра» 2015

І.Нормативтік бағалау: Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.

ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы .Оқу материалын іріктеуде оқушы жас ерекшелігі ескерілген. Оқу материалы оқушы үшін түсінуге ыңғайлы. Материалдар оқушының ізденісіне қарай бағытталып құрылған. Топпен, жұппен орындалатын жұмыстар, шығармашылыққа арналған тапсырмалар, терең ойлауға арналған тапсырмалар берілген. Оқушыларға сөйлем, ереже, мағұлмат, түбір, жұрнақ, жалғаулардың шартты белгілерін бере отырып, оқушыны жетелеуге тапсырмалар берген. Оқулық соңында қысқаша түсіндірме сөздігі берілген. Ол оқушы үшін түсінбеген сөздерді қарап шығуға мүмкіндіктері бар. Ал ол өз тиімділігін көрсетуде.

ІІІ. Оқулық мәтіні. Негізгі мәтіндер теориялық және тәжірибелік білімдер қатар берілген. Оқулықта берілген тапсырмалар оқушыны өз ойларын айта білуге, қорғауға және дәлелдеуге құрылған. Оқулықтағы шартты белгілерді назарға ала отырып, оқушы қай бағытта жұмыс жасайтынын біледі. Берілген суреттерге байланысты оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы өз ойын өрбітуге де көңіл бөлінген. Оқулықта оқушы үшін берілген тапсырмалар күрделі болса, астына «үлгі» ретінде көретілген. Оқулық артында қиын сөздерге түсіндірме сөздіктері берілген.

Оқулықтағы материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жазылған.



ІУ. Мәтін тілі және стилі. Оқулықта баяндау стилі әдеби тіл нормаларына сәйкес.

У. Баспа қателерінің болуы. Оқулықта грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателер сипаты байқалмады.

УІІ. Шрифт. Өлшемі талапқа сай, жолдар арасындағы ара қашықтық сақталған.

Оқулықтың беттеріндегі түрлі оқу материалын орналастыру мүмкіндігіне форматы сәйкес және пайдалануға ыңғайлы. Қағаздың сапасы жақсы, әріптері анық, тығыздығы, қалыңдығы жақсы, тасымалдауға ыңғайлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет