Зиялылық (лат. intelligentis – білетін, түсінетін, парасатты) – адамның мә-
дениетке, парасатқа түсінуге ден қоюшылығынан, мәдениеттің құндылығы мен
қажеттілігін түйсінуінен көрінетін қасиеті. Зиялылық мәдениет құбылыстарын
қайсібір жалпылама ақиқаттарды, заңдарды, нормаларды ұғындыруға саймай-
тын, өздігінен бағалы аяқталған авторлық туындылар деп білумен, осы бір
ерекше, ештеңе мен өзгертілмейтін авторлық туындыны түсінумен және те-
рең сезінумен байланысты. Ғылыми-зерттеулерде зиялылық негізінен тектілік
қағидалары негізінде тұқымқуалаушылық жолмен берілетінін анықтап отыр.
Сонымен қатар зиялылық демократиялық қоғамда жастарға тәлім-тәрбие беру-
де идеал болып табылады.
Инабаттылық – әдептілік, тәрбиелілік, мәдениеттілік ұғымдарымен жақын
мағынада қолданылатын, кісілік қасиеттердің бірі. Инабаттылық, көбінесе,
адамның мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады. Оның басты көріністе-
ріне: адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік, тәртіпті-
лік, қанағатшылық, биязылық, ілтипаттылық, ізеттілік, сабырлылық, әділдік,
шыншылдық, т.б. жатады.
Көрегенділік – жеке адам бойындағы имандылық, кішіпейілділік, әдепті-
лік тәрізді адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Көрегенділік жақсы үлгімен
тәлім-тәрбие алғанын білдіреді. Көрегенділіктің әуелгі қайнары әдеп болса,
алғашқы белгісі амандасудан көрінеді.
Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-баба-
ларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру
идеалдарының жиынтығы.
Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қа-
уіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық азаматтардың
ұлты мен конфессиясына қарамастан, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін
307
Достарыңызбен бөлісу: |