Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет2/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

Шишмарев Владимир Юрьевич 
Өлшем құралы 
Оқулық 
6-шы басылым, түзетілген 
Редакторы Г.Т.Салкинбаева. Техникалық редакторы Е. Ф.Коржуева 
Компьютерлік беттеу: Л. М. Беляева. Корректорлар И. Н. Волкова, И. В. Могилевец 
© Шишмарев В.Ю., 2006 
© «Академия» білім беру - баспа орталығы, 2006 
ISBN 978-601-333-369-4 (каз)
ISBN 978-601-333-369-4 
(рус.)
© Рəсімдеу «Академия» баспа орталығы, 2006 


КІРІСПЕ 
Өлшеу техникасы адам қызметінің көптеген салаларында 
қолданылады. 
Соңғы онжылдықта əртүрлі өлшеуді талап ететін дəл əдістер мен 
технологиялар сонымен қатар химияда, биологияда, медицинады, 
ауыл шаруашылығында жəне басқа да салаларда кеңінен 
қолданысқа ие болды. 
Қазіргі уақытта бақылау мен өлшеудің еңбек сыйымдылығы 
барлық қоғамдың өндірістің еңбек сыйымдылығынан орта есеппен 
10-нан 15 %-ға дейін құрайды. Кейбір салаларда, мысалы машина 
жасау, радио аппараттар жасау, авиациялық жəне ғарыштық 
техникада, бұл үлес біршама жоғары. 
Өлшеуіш техникасын əзірлеу жəне өндірумен аспап жасау 
ұйымдары мен кəсіпорындары айналысады. Біздің елімізде қазіргі 
уақытта өнеркəсіптің азаматтық салалары үшін аспап жасауды 
дамыту стратегиясы əзірленген. 
Ресейдің аспап жасауды дамыту стратегиясы (бұдан əрі 
стратегия) осы саланың негізгі басымдықтарын техникалық қайта 
жарақтандыруды іске асыру мен жаңа жоғары технологиялық 
өндіріс пен ғылымның дамуына əсер етуге үндейтін машина жасау 
кешенінің ғылыми еңбекті қажет ететін бөлік ретінде анықтайды. 
Стратегияның мақсаты, міндеті және артықшылықтары 
Стратегия ғылымның заманауи жетістіктері (информатика, 
метрология, электроника) мен елдің интеллетуалдық əлеуетін 
пайдалану негізінде өнерəсіптің шикізаттық жəне машина жасау 
салаларының 
біршама 
тиімді 
дамуын 
қамтамасыз 
ету 
мақсаттарында аспап жасаудың басым дамуы шарттарын құруды 
болжайды. 
Стратегия мақсаттары: 
• нарықтық экономика жағдайларында елдің экономикалық 
қауіпсіздігі мен технологиялық тəуеліздігін қамтамасыз ету; 
• Ресей бірыңғай өлшеу жүйесінің материалдық базасын мен 
жаңа жоғары тиімділіктегі технологияларды (атомдық техника, 
нанотехнология, биосинтез, энергия жəне ресурс жинау) белсенді 
дамытуға 
мүмкіндік 
беретін 
қолданбалы 
метрологиядағы 
бағыттардың озық дамуын жетілдіру мен əлемдік деңгейде ұстауды 
қамтамасыз ету; 
• құралдар мен өндірістік жүйелік, кешенді автоматтандыру 
негізінде жалпы өнеркəсіптің технологиялық базасын жəне 



машина жасау бөлігін модернизациялауды қамтамасыз ету; 
• өнеркəсіптік, көліктік жəне коммуналдық объектілердің 
пайдаланудың қауіпсіздігін арттыру, соның ішінде төтенше 
жағдайларда; 
• денсаулық сақтау органдарының медициналық техниканың 
заманауи құралдарымен жабдықталуын жақсарту есебінен 
медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыру. 
Көрсетілген мақсаттар келесі міндеттердің шешілуін болжайды: 
• мəндердің кең диапазонында параметрлердің заманауи өлшеу 
құралдарының ғылыми жəне конструкторлық-технологиялық 
əзірлемелерін жылдамдату, соның ішінде төтенше жағдайларда 
өлшеу, жоғары сенімділіктегі жəне жылдам əсер ететін 
автоматтандыру 
құралдары 
мен 
басқару 
жүйелерін, кең 
тағайындалымдағы 
бағдарламалық 
өнімдерді 
жəне 
теле 
басқарылатын жүйелерді өлшеу үшін; 
• аспап жасау кəсіпорындарын технологиялық қайта жабдықтау, 
бірінші кезекте алдыңғы қатарлы, негізінен өндірістік потенциалды 
сақтаған кəсіпорындарды қайт жабдықтау (автоматтандырылған 
жобалау жүйелерін, АҮИС (аса үлкен интегралдық сұлба) 
мироэлектрондық технология учаскелерін, механикалық өңдеудің 
икемді өндірістік жүйелері бар автоматтандырылған цехтарды, 
сынақ орталықтарын құру); 
• кооперация мен маманданудың жоғары деңгейі бар 
біріктірілген компанияны құру, сонымен қатар жоғары сапалы 
аспап өнімі мен толымдаушы бұйымдарды құру мен өндіруге 
мамандандырылған шағын жəне орта кəсіпорындарды дамыту мен 
қолдау; 
• алдыңғы қатарлы шет елдік фирмалармен, соның ішінде 
жақын шет елдермен сыртқы экономикалық байланыс пен 
əріптестікті құру, стандартты жəне техникалық нормаларды 
халықаралық нормалармен үйлестіру; 
• жас мамандардың əлеуметтік сұрақтарын шешу арқылы 
инженерлік жəне жұмысшы мамандарды мақсатты дайындауды 
ұйымдастыру, соның ішінде мамандарды дипломнан кейінгі қайта 
даярлау. 
2010 жылға дейінгі кезеңде аспап жасау, автоматтандыру 
құралдары мен басқару жүйелерінің басым бағыттары болып 
табылады: жоғары дəлдікті, сенімділікті жəне өлшемдердің кең 
диапазонын, соның ішінде төтенше жағдайларда қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін іргелі ғылымдардың, гетерогендік қүрылымдардың, 
нанодисперстік материалдардың, ядролық магниттік резонанстың
лазерлік оптиканың, басқа жоғары технологиялардың биотехникалық 
сенсорларының жетістіктері негізінде технологиялық параметрлер мен 
физикалық шамаларды өлшеу құралдарын құрудың жаңа физико-
технологиялық параметрлерін пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет