Судың кермектілігі



бет1/3
Дата21.02.2022
өлшемі21.83 Kb.
#455632
  1   2   3
11. Судың кермектілігі
1 lab, 1 lab, 04 Sillabus DTN3 kr kaz 16, ïѬµ¿n 1, Фармацевтикалық-тауартану, Енбек коргау РК ответы, мед физика сессия, 2. Ерітінділерді стандарттау HCl, NaOH, 3rly7sgwnul79a41zx7daqvbdmr61r1cgm812b2dasav5q (1)

Судың кермектілігі

Cудың кермектігі көрсеткіші 1 литр судағы миллиграм-эквивалентпен (мг-экв/л), кей елдерде градуспен өлшенеді. Табиғи сулардың кермектігі өте кең ауқымда ауытқиды: тайга мен тундра белдеміндегі өзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-экв/л-ден кейбір жер асты сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-экв/л-ге дейін. Кермек су тұщы болса да, нашар сабындалады, бу қазандықтарының қабырғаларына тат түзеді, қант, былғары және басқа да көптеген өнеркәсіп салаларында пайдалануға жарамайды.


Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO3)және карбонаттық (СО32-) тұздарының болуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең. Біздің елімізде судың кермектігі 1 дм3 судағы Са2+ мен иондарының миллиграмм-эквиваленттік мелшерімен көрсетіледі.
Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай бес топқа бөлінеді:

  • өте жұмсақ су (1,5 мг-экв-ке дейін),

  • жұмсақ су (1,5—3,0 мг-экв),

  • орташа кермек су (3,0—6,0 мг-экв),

  • кермек су (6,0—9,0 мг-экв)

  • өте кермек су (9,0 мг-экв-тен жоғары).

Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7—20 мг-экв болатын жер асты сулары пайдаланылады.
Су кермектігін жою немесе төмендету суды жұмсарту деп аталады. Жұмсақ су құрамында кальций мен магний карбонаттары аз, кермектік мөлшері 3,0 мг-экв/л-ден төмен шаманы көрсететін су. Жұмсақ су тобына жаңбыр, еріген қар және мұз сулары жатады. Термиялық өндеу Осы тәсілдің мәні суды алдын-ала 70 – 80оС дейін жылыту немесе қайнатуда болып тұр. Бұл тәсіл тек уақытша (карбонатты) кермектікті жояды. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы (ерімейтін карбонаттар СаСО3 және MgCO3 (Са2+, Mg2+ катиондары қақ түрінде тұнады) жоюға болады:
Ca(HCO3)2 = CaCO3 ↓ + CO2 ↑ + H2O
Суды химиялық жолмен өндеу (реагентті тәсіл) Бұл тәсіл тұрақты да, уақытша да кермектікті жою үшін арналған. Тәсілдің мәні – кермектікке әкелетін иондар мен аз еритін қосылыстар түзуші жоятын арнайы реагенттермен суды өңдеу. Мұндай реагентерге: сода (Na2CO3), сөнбеген (CaO) және сөнген әк (Ca(OH)2), әртүрлі натрий фосфаттары (Na3PO4, Na6P6O18) және т.б . Суды әкпен өңдегенде (сөнген не сөнбеген) оның уақытша кермекігі жойылады және сілтілігі төмендейді. Бұл процесс әктеу немесе декарбонизация деп аталады. Карбонатты және бейкарбонаты кермектікті қатар жою үшін өнеркәсіпте әкті-содалы тәсіл кең тараған: бұл СаО және Nа2СО3 қоспалармен суды өңдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет