Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет5/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

1 Т А Р А У
 
ӨНДІРІСТІК АСПАПТАР МЕН АВТОМАТТАНДЫРУ 
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ 
1.1. 
Құрылымның тағайындалуы мен принциптері 
Өндірістік аспаптар мен автоматтандыру құралдарының 
мемлекеттік жүйесі (ӨАМЖ ) өнеркəсіптің əртүрлі салаларын 
технологиялық процесстермен басқару жəне реттеу, бақылау 
жүйесін техникалық құралдармен қамтамасыз ету мақсаттарында 
құрылған. 
1950 жж. əртүрлі ұйымдар мен кəсіпорындарда ұқсас 
техникалық сипаттары бар өлшеу мен бақылауға арналған көптеген 
əртүрлі аспаптар əзірленді, бірақ та бұл ретте əртүрлі 
өндірушілердің аспаптарының бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі 
ескерілген жоқ, бұл шығарылатын техникалық құралдар базасында 
күрделі жүйелерді əзірлеу құнының артуына əкелді, құралдарды 
кеңінен енгізуді тежеді, автоматтандыру құралдарын кеңінен 
енгізуді тежеді. Сондықтан да 1960 жж. ӨАМЖ құру туралы шешім 
қабылданды, ал 1961 жж.бастап оны іске асыру бойынша жұмыстар 
басталды. 
Қазіргі уақытта ӨАМЖ технологиялық процесстерді бақылау, 
өлшеу, 
реттеудің 
автоматтық 
жəне 
автоматтандырылған 
жүйелерінің, сонымен қатар ақпараттық-өлшеу жүйелерінің 
құралдары ретінде пайдалану үшін тағайындалған бұйымдардың 
эксплуатациялық, ақпараттық, энергетикалық, метрологиялық жəне 
конструктивтік ұйымдастырылған жиынтығын ұсынады. ӨАМЖ
өнеркəсіпте 
технологиялық 
процесстерді 
басқарудың 
автоматтандырылған жүйесін (ТП БАЖ) жəне басқарудың 
автоматтандырылған жүйесін (БАЖ) құрудың техникалық 
базасына айналды. Оны дамыту мен қолдану ТП БАЖ жобалау 
процессін құруға, машиналық жобалауға өтуге əсер етті. 
ӨАМЖ құру мен жетілдіру негізіне келесі жүйелік техникалық 
принциптер қойылған: автоматтық бақылау, реттеу жəне басқару 
қызметінің көп түрлілігін типтендіру жəне минималдандыру; 
техникалық құралдар номенклатурасын минималдандыру; аспаптар 
мен құрылғыларды блоктық-модульдік құру; бірегейлендірілген 
аспаптар мен құрылғылар негізінде басқару жүйесінің агрегаттық 
құрылымы; аспаптар мен құрылғылардың үйлесімдігі. 



Функционалдық сипаты бойынша ӨАМЖ барлық өнімдері 
құрылғылардың келесі топтарына бөлінген: процесстің немесе 
объектінің күйі туралы ақпаратты алу; байланыс арналары бойынша 
ақпаратты қабылдау, түрлендіру жəне беру; ақпаратты түрлендіру, 
сақтау жəне өңдеу, басқару командаларын құру; командалық 
ақпаратты пайдалану. 
Құрылғылардың бірінші тобына ақпаратты ұсыну тəсіліне 
байланысты байланыстың бірегейлендірілген дабылын құрайтын 
тетіктер, нормалаушы түрлендіргіштер; қадағалаушының тікелей 
қабылдау үшін қол жетімді түрде өлшеу ақпаратын ұсынуды 
қамтамасыз ететін аспаптар жəне оператор қолмен енгізетін 
алфавиттік-сандық ақпарат құрылғылары кіреді. Ақпаратты алу 
құралдары Өндірістік аспаптар мен автоматтандыру құралдарының 
мемлекеттік жүйесіндегі бұйымдардың ең саны көбі болып 
табылады - барлық техникалық құралдар номенклатурасының 
жартысынан артығы. 
Құрылғылардың 
екінші 
тобы 
өлшегіш 
тізбектердің 
коммутарторларынан, 
дабылдар 
мен 
кодтардың 
түрлендіргіштерінен, шифрлегіштер мен қайта шифрлегіштерден, 
келісу құралдарынан, теледабыл, теле өлшеу жəне теле басқару 
құралдарынан тұрады. Бұл құрылғылар өлшегіш жəне басқару 
дабылдарын түрлендіру үшін пайдаланылады. 
Үшінші топты дабыл анализаторлары, функционалдық жəне 
операциялық түрлендіргіштер, логикалық құрылғылар мен жады 
құрылғылары, реттегіштер, басқарушы есептегіш құрылғылар мен 
кешендер құрайды. 
Төртінші топқа атқарушы құрылғылар - электрлік, пневматикалық, 
гидравликалық жəне құрама атқарушы механизмдер, қуаттылық 
күшейткіштері, ақпаратты ұсынудың қосалқы құрылғылары кіреді. 
Бақылау 
жəне 
басқару 
құралдарының 
номенклатурасын 
минималдандыру екі идея негізінде іске асырылады: бір 
функционалды тағайындалымдағы құрылғылардың осы бұйымдардың 
параметрлік қатары негізінде сəйкестендіру жəне ірі функционалдық 
міндеттерді шешу үшін техникалық құралдар кешенін агрегаттауды 
бірегейлендіру. 
Минималдандыру процессі құралдар мен құрылғылардың кейбір 
негізгі параметрлерін іріктеу, олардың қатарынан басты параметрді 
бөлу жəне басты параметрдің өзгеруінің барлық диапазонын жабу үшін 
құрылғылардың минималдық қажетті санын орнатудан басталады. 
Оған қоса бір құрылғыны пайдалану диапазонынан басқасын 
пайдалану диапазонына өту белгілі заңдылықтарға бағынады. Артық 
сандар қатарына негізделген геометриялық прогрессия басым 
пайдаланылады. Бір функционалдық тағайындалымдағы бұйымдардың 
барлық жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. 
Қазіргі уақытта қысым, шығын, деңгей жəне электрлік өлшегіш 
аспаптар тетігінің параметрлік қатарлары əзірленген. 



Дегенмен оларды техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша 
оңтайландыру 
жалғасуда, 
мысалы, 
берілген 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыруға жиынтықты шығындардың минимумдық критерийі 
бойынша. Бұл критерий тұтынушы мен өндірушінің қызығушылықтары 
арасында қарама-қайшылыққа негізделген: аспаптар қатары қаншалықты 
аз болса, əзірлеу, игеруге шығындар соншалықты аз, ал олар соншалықты 
көп топтамамен шығарылады, ол сонымен қатар өндірушінің шығындарын 
төмендетеді. 
Қатардағы 
аспаптар 
санын 
арттыру 
аспаптардың 
мүмкіндіктерін біршама тиімді пайдалану есебінен немесе технологиялық 
процесс режимін біршама дəл сақтау есебінен тұтынушыға үнемділік 
береді. 
Агрегаттық кешендер (АК) пайдаланудың əртүрлі жағдайларында 
өлшеудің қажетті диапазондарын қамтитын жəне міндеттердің берілген 
санаттары шегінде барлық функциялардың орныдалуын қамтитын 
функционалдық-параметрлік 
қатарлар 
түрінде 
ұйымдастырылған 
техникалық құралдардың жиынтығын ұсынады. 
Бірегейлендірілген блоктар мен құрылғылар негізінде күрделі 
басқарушы жүйелерді құрудың сатыларында агрегаттау принципін іске 
асыру АӨЖ құру процессін біршама жеңілдету мен жылдамдатуа 
мүмкіндік береді, оларды жобалауды автоматтандыру үшін сілтемелер 
береді. Техникалық құралдарды агрегаттық құрудың өте маңызды 
артықшылықтарына бұйымдарды толық жаңартусыз жетілдіру мүмкіндігін 
жатқызуға болады. 
ӨАМЖ 
-де 
агрегаттау 
принципі 
өте 
кең 
қолданылады. 
Бірегейлендірілген пневматикалық жəне электрлік дабылдары бар жылу 
энергетикалық шамалардың тетіктерінің бірегейлендірілген базалық 
құрылғысы бөлшектердің бар-жоғы 600 атауынан құрылған, оған қоса 
тетіктердің 136 типтері мен 863 түрленуіне ие болды. 
ӨАМЖ бұйымдарын жобалаудың біршама жоғары деңгейлерінде 
құрылымдық негіз ретінде құрылымдардың бірегейлендірілген типтерінің 
(модульдік) кешені (ҚБТ) пайдаланылады. Кешеннің барлық бөлшектері 
мен түйіндері төменгі қатардағы бұйымның элементтері жоғары қатардағы 
бұйымдардың элементтеріне түрлену үшін тағайындалатындай түрде 
бөлінеді. 
ӨАМЖ -не қойылған барлық бұйымдар үшін ортақ үйлесімдік 
түсінігін келесідей түрде құруға болады. 
Ақпараттық үйлесімдік - түрлер мен номенклатура, олардың 
ақпараттық параметрлері, деңгейлері, кеңістікті-уақыттық қатынастары, 
логикалық қатынастары мен логика типі бойынша байланыс 
дабылдарының 
келісімділігін 
қамтамасыз 
ететін 
стандартталған 
сипаттардың жиынтығы. ӨАМЖ -нің барлық бұйымдары үшін 
байланыстың бірегейлендірілген дабылдары мен бірыңғай интерфейстер - 
жүйедегі құрылғылардың өзара əрекетін қамтамасыз ететін бағдарламалық 
жəне аппараттық құралдардың жиынтығы. 
Конструктивтік үйлесімдік - техникалық құралдардың механикалық 
кернеуі мен құрылымдық параметрлерінің келістілігін, сонымен 
10 


қатар бірлесіп пайдалану кезінде эргономикалық нормалар мен 
эстетикалық 
талаптарды 
орындауды 
қамтамасыз 
ететін 
қасиеттердің жиынтығы. 
Эксплуатациялық үйлесімдік - техникалық құралдарды 
өндірістік жағдайларда бірлесіп пайдалану кезінде жұмыс істеуінің 
сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін, сонымен қатар қызмет 
көрсету, баптау жəне жөндеуді қамтамасыз ететін қасиеттердің 
жиынтығы. 
Метрологиялық 
үйлесімдік 

өлшеу 
нəтижелерінің 
салыстырмалылығын жəне жүйелер құрамында техникалық 
құралдардың жұмысы кезінде өлшеу нəтижелерінің қателігін 
есептеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарының 
қасиеттері мен таңдалған метрологиялық сипаттардың жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет