ДИМЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
І - тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке теориялық негіздері
1.1. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі ..........................10
1.2. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлау жүйесі......16
1.3. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың мүмкіндіктері ........................................................................................................20
ІІ - тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай даярлаудың әдістемелік ерекшеліктері
2.1. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай оқытудың мазмұны ...........23
2.2. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына даярлаудың тиімді әдістері мен формалары .............................................................................................................27
ІІІ - тарау. Зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы.
3.1. Зергерлік бұйымдарға қажетті құралдар мен өңдеу тәсілдерін таңдау.................................................................................................................... 3.2. Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі. Алқаның жасалутәсілі....................
3.3. Әшекей бұйымдарды дайындаудағы технологиялық реттіліктерді өңдеу.....................................................................................................................
Қорытынды .........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................
Қосымша...............................................................................................................
Кіріспе
Жұмыстың көкейкестілігі: Әрбір мемлекеттің мәдени - экономикалық дамуы қайсы бір тарихи кезеңде болмасын ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен байласынты. Қазіргі өнім өндіру қызметі жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйеге ұмтылуда. Кәсіптік білім алудың әлемдік, көкейкесті мәселері Қазақстан Республикасына оа ортақ. Үшінші мыңжылдық табалдырығына адамзат қоғамы ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгкерістер енгізуде. Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады. Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан жа жалпы білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту керек.
Нарықтық экономика жағдайында жалпы білім беретін мектептерде оқушыны еңбекке даярлау, еңбек салтын үйрену және әр кезде ұрпақтарға берілуінің көп ғасырлық тарихын, мәдениетін технология пәнін оқыту барысында жүзеге асыруға болады.
Солай бола тұрса да, соңғы кезде еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін базалық кәсіпорындармен тығыз байланыстырып шешуде кәсіпорындар экономикалық тәуелсіздік алдық деген ұранмен еңбек тәрбиесінде оқу - өндірістік комбинаттардың жағдайы соңғы жылдары қайтадан қалыпқа келіп жатқандығын байқауға болады.
Қазіргі кезде нарықтық оқу - материалдық жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағыттары алдымен жалпы білім беретін мектептерде, кейін оны оқу - өндірістік комбинаттарда, кәсіптік мектептерде жалғастырғанын есепке алып анықтаудың үлкен пратикалық маңызы бар. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруды оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін біршама зерттеп, жаңа әлеуметтік - экономикалық кезеңде, нарықтық экономика жағдайында технология пәнін дұрыс оқытып, бұл мәселені ойдағыдай іске асыруға байланысты экономиканы түпкілікті өзгертуге орай жаңаша ойлай білетін, шығармашылық қабілтеі жоғары, өзіне жауапкершілікпен қарайтын жастарды дайындау қажеттігін айта отырып, қазіргі кезде оқушылардың келешекте қандай жұмыстар істеу керектігі жөнінде әдістемелік жағынан нұсқаулар беріліп отырылуы қажет.
Елімізде жаңа экономикалық арнаға көшу мәселесі қолға алынып, көптеген өзгерістер болып жатқанда, мектеп өмірінде көп бастама, жаңа түр, жаңа мазмұн, жаңаша еңбекті ұйымдастырудың, әсіресе, нарық жағдайында оқушыны еңбекке даярлаудың әдіс - тәсілдерін анықтау мүмкіншілктерін пайдалану керек.
Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау процесі заңымен үйлестіре отырылып, күрделі өзгерістер негізінде яғни, концептуальдық деңгейде жүргізілуі тиіс. Концепцияны жасауда тек өзінің жетістігімен шектеліп қан қоймай, өзге елдің теориялық біліммен мол қаруланып, олардың практикалық іс - әрекет барысында кемшіліктерден сақтануға көмектеседі.
Оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай даярлау, баспасөз құралдары, жүздесулер, пікір таласулар, қазіргі ақпараттар мен көне мұраларды зерттеу арқылы байытылып отырылады. Сондай - ақ, нормативті заңдар, теориялар мен концепциялар, білім беру мекемелері мен қоғам құныдылықтары. Салыстырмалы түрде жүргізілетін педагогикалық зерттеулер мәдениетті байытудың ең тиімді әдісі болып саналады. Олар материалдарды іріктеу мен сұрыптау, ұғындыру мен ойға түю және алынған нәтижелерді бір -бірімен салыстыру және даярлау жүйесі болып бөлінеді. Аталмыш үлгі оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау процесіндегі оң және теріс тенденцияларды анықтау, олардың шығу себептерін білу арқылы жүзеге асырылады.
Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінде талдау жасау, жаңа жүйенің қайта жаңғырту, қалыптасу кезеңдері де болады. Ал, еңбекке және кәсіпке даярлау процесі қазіргі заман мәдениетіне сай болып келуі үшін алдымен оған жан - жақты талдау жасауы оның дамуын айқындап, жаңа үлгілер мен жобаларды жасауға негіз қалайды. Сұраныс пен материалдық жағдай, сондай - ақ оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың міндеттері, мазмұны, тәсілдері мен ұйымдастыру түрлернің әр кезеңге тән өзіндік ерекшіліктері болады. Бұл орайда ғылыми - техникалық революция және осыдан туындайтын барлық әлеуметтік - экономикалық өзгерістер алдыңғы орынға шығады. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың ерекшеліктері мен табиғаты сол елдің жағрапиялық жағдайы мен саяси құрылымына, ғылымы мен дініне және ұлттық дәстүрлеріне байланысты болып келеді де, заң артілерімен бекітіледі. Ал, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың алға қойған мақсаты оқушының қабілет - қарымы, дағдысы, бейімділігі және маман болып қалыптасуға деген құлшынысымен өлшенеді. Жалпы оқушыларды кәсіпке даярлау құрылымы кісіпке даярлық, кәсіптік бағдар, үйірмелерге қатысу т.б. болып жалғаса береді.
"Технология" интегративті білім саласы ғылыми - жаратылыс, гуманитарлық - технологиялық, жалпы адамдық және мәдениеттік мәселелерді қарастыруға қолайлы келеді. Себебі, жалпы мектептерде оқытылатын интегративті пәндерде оқушыларды өмір сүру рамкасында белсенділігін арттыруға даярлау дың мүмкіндігін тудырады. Бізідңше қазіргі заман мәдениетін екі жақта қарастыруға болады. Біріншісі - материалдық, екіншісі - рухани. Бірақ талап бойынша "Технология" интегративті білім саласында адам өміріне қажетті болашақтық технология жайында ақыл - ой, сезімдік әркеттері жүйесін қалыптастыру; жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті таныстыру; қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету әдістерімен таныстыру; оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуін дамыту; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг салаларына қатысты негізіг ұғымдарды меңгеру және оларды өз өнімдерін іске асыру мен қызмет көрсетуде қолдануға мүмкіндік беру; бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және сәндік қолданбалы өнер негіздерін кәсіпке оқыту мазмұнын ескеру қажет болып саналады. Себебі мұнда кәсіптік оқытуға байланысты "Киім тарихы", "Киім композициясы", "Ақпаратты технологиялық тігін машиналары", "Тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістері", "Тігін бұйымдарын сәндеу технологиясы", "Адам тұлғасын тану", "Түстану", т.б. тарауларына аз көңіл бөлінген. Осы мәселелерді оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда жүзеге асыру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын "Қазіргі мәдениет талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлау мүмкіндіктері" деп таңдап алуға мұрындық болды.
Мәдениет - халықтың шығармашылығы. Мәдениет дегеніміз - адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі. Адамдық әрекет шеңберіне қамтылған қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға айналып біздің тіршіліміздің тіректері болады. Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды ыждаһатты, жігерлі және жан - жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу және оқыту үрдісі барысында оқушылар даярлығының қолданбалы экономикалық жағын күшейту мәселелері ескеріледі. Қазіргі уақытта әлеуметтік және қоғамдық өмірде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты бұл тақырып әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Соның бірі, жастарды тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулықа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән адам тұрғысының барлық жағына қатысы бар мәселелер және біз, зерттеу жұмысымызда ҚР елбасы Н.Назарбаевтың 5 - сәуірде Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей "Жастарды өз халқының тарихи мұраларын сақтау және оларды оқу - тәрбие үрдісінде септігін тигізетін білім мазмұныда ескеріп отыру қажет" /39/ - жолдауы да ескерілді. Себебі, ертеден - ақ данагөй қариялар жас ұрпаққа ата - баба дәстүрін қасиетті танымдары мен сенідерін баян етті. Соынмен қатар өру, тоқу, тігу, иіру, өрнектеу тәсілдеріне баулыды. Қорыта келгенде, халық тәжірибесіндегі бала тәрбиесі бір - бірімен тығыз байланысып отыратын екі мақсатқа бағыттадық.
-
Баланы еңбекке үйрету барысында оның қабілет - икемін, дағдысын дамыту.
-
еңбек үстінде бала бойына халықтық ізгі қасиеттерді сіңіріп, дарыту. Бұл екі бағыт бір -бірімен жалғаса отырып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтиды.
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында имандылық, адамгершілік тәрбиелерде бірқатар педагог - ғалымдардың еңбектерін зерделеуде байқауға болады. Атап айтқанда: М.Қоянбаев /17/, С.Әбдіғаппарова /4/, К.Қожахметова /20/, Ғаббасов С /21/. Себебі, халық дәстүрлері жастар тәрбиесінде негізгі орын алады. Оқытудың жаңа технологиялары бойынша Қ.Қабдықайырұлы /16/, кәсіпке оқыту Д.Қоңыратбай /19/.
Қазіргі заман мәдениеті талабына сай бұйым әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар бойынша А.Байбатшаева /9/, киімді көркемдеп сәндеу С.Жолдасбекова /13/ толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға Зюзин А.И., Исаев И.К., Осипова /15/, Бернина Артиста 180 /12/, балалар және әйелдер киімдерін сәндеу Бағжаева А./6/, сырт киімдерді әзірлеуде Литвина В /25/. Киімді конструкциялау және модельдеу бойынша Махмутова К /22/. Ал, стильдерді қазіргі заман талабына сай таңдауға Гофман А.Б. "Мода и люди" /10/, киімдерді жобалау Коробцева К /14/ т.б. "Тігін бұйымдарының техникасы мен технологиясы" Ұзақова А /31/.
Қазіргі заман мәдениеті стиліндегі киім үлгілерін пайдалануға, "Технология" интегративті білім саласы /34/, "Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу" /35/, "Қолөнер және дизайн" /36/, "Тұрмыста қызмет көрсету еңбегі" /38/ бағдарламаларына талдау жасалынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу арқылы, технология сабағында оларды қазіргі заман талабына сай кәсіпке бейім болып өсуін, кемелденуін және нарық жағдайында оңтайлы жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ете отырып оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары..
Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп оқушыларын қазіргі талабына сай кәіспке оқыту үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні: оқушыларға қазіргі мәдениет талабына сай кәсіби білім беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауға болады: егерде:
-
оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауда, оларды жаңа ағын көздері және ақпаратты технологиялармен жұмыс жасау мүмкіндігі ескерілсе.
Оқушыларды кәсіпке даярлау міндеттері әдетте еңбекке даярлау мақсаттарын туындайды. Сондықтан да жоғары сыныптарда аталмыш мақсаттарды инвариантты топтарға бөліп қарастыруды жөн көрдік. Даярлау - оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да:
-
Оқушыларды кәсіпке бейімділігін, қабілетін, дағдысын шыңдауға және дамытуға бағытталған педагогикалық міндеттер:
-
педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне қатысты ұғымдарды зерделеу;
-
еңбекке және кәсіпке даярлау процесі барысында оқушылар бойында танымдық мәдениетті қалыптастыру;
-
оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына байланысты мәдени - эстетикалық құндылықтармен қаруландыру.
-
Еңбекке және кәсіпке оқыту бағдарламасындағы қазіргі заман мәдениеті талабына сай мағлұматтарды зерделеуге және оқытуға қойылатын міндеттер:
-
"Технология" интегративті білім саласының мазмұнындағы қазіргі мәдениет талабына сай мағлұматтарды зерделеу;
-
оқушылар зердесінде қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай оқытудың тиімді әдістері мен формаларын қалыптастыру;
-
оқушыларды кәсіпке даярлау бағдарламасының қазіргі заман талабына сай тарауларында талдау жасау;
-
Техника, технологиялық даярлығына байланысты міндеттер:
-
еңбек объектісіне қажетті материалдарды таңдау;
-
бұйымды конструкциялау және модельдеу;
-
бұйымды өңдеу технологиясы;
-
бұйымның құнын есептеу;
Зерттеу жұмысының ғылыми - әдістемелік жаңалығы:
-
қазіргі заман мәдениеті талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлауда жаңа ақпараттық технологиялық тігін машиналары мен оларда әзірленетін сәндік элементтерін киім үлгілерінде қолдану ескерілді;
-
ақпараттық технологиялық тігін машиналарына мәлімет берілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
Мектепте оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау барысында қазіргі заман мәдениетіне тән ұсыныстар, олардың танымдық ой - өрісі мен іс - әрекетінің өсуіне мүмкіндік береді.
І - тарау. Оқушыларды қазіргі мәдениет талабына сай кәсіпке даярлаудың теориялық негіздері
1.1.Оқушыларды кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізі
Жалпы білім беретін мектептерде соңғы екі жыл көлемінде "Еңбекке баулу" пәнінің "Технология" болып өзгертілуі, оқушыларға оқу материалын жоғарғы дәрежеде меңгертуде оқыту әдістемесінің жеткілікті болуын талап етуде. Қазіргі жаңа технология интегративті білім саласы негізінде жазылған оқулықтардың құрылымы мен мазмұнын оқытудың тиімділігін арттырудағы ең басты тірек. Қандай пәнді оқытқанмен, ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты болады. Осылардың ішінде білім беруді нақыштап, мазмұны мен көлемін анықтауда оқулық негізгі орын алады. Өйткені оқулық мазмұны берілетін білімнің неден басталып, қалай жалғасатынын, немен аяқталатынын анықтайды. Басқа қолданылатын қосымша құралдар осы мазмұнға тәуелді түрде пайдаланылады.
Оқулық қай заманда да сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мәдениет деңгейі мен халықтың салт - дәстүрін оқушыларға жеткізетін, білім беретін негізгі құрал болып табылады. Білім негіздері ұрпақтан - ұрпаққа оқулықтар арқылы беріліп келеді. Білім беруді жүзеге асыруда қолданылатын оқу құралдарының мазмұны оқулық мазмұнына байланысты өзгереді. Әр пәннің көздейтін мақсатына қарай оқулық мазмұны құрылады.
Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енеді. Оқулыққа ендірілетін материалдар ғылыми шындық болғандықтан, мұны меңгеру үстінде оқушылардың зерттеушілік әркеттеріне жағдай тууы қажет. Себебі, оқулық мазмұны тікелей сол пәнді оқытуға қойылатын талаптан туындайды.
Оқулық мазмұны оқытудың тиімділігін арттырудағы басты тірек. Қандай пәнді оқытсақ ең алдымен оның оқулықтағы мазмұнына байланысты оқытудың әдістемесі анықталады. Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің айналып келген, әлде де пайдаланатын оқулықтар баршылық. Олардың қатарына - оқулық және қосымша оқу құралдары (сыныптан тыс уақыттарға арналған, көркем шығармалар, сөздіктер т.б.) жатады. Осылардың ішінде білім беруді бағыттап, оның мазмұны мен көлемін айқындауда оқулық негізгі орын алады. Қазіргі заман мәдениетіне байланысты мағлұматтарды, оқушының ой - өрісіне лайықты мағлұматтарды бере отырып, олардың дамуына жағдай жасайтындай. Соның ішінде қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай келетін оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуге әлеуметтік - гуманитарлық (тарих, қоғамтану, жағрапия, қазақ әдебиеті (орыс тілі) т.б.), жаратылыстану (математика, физика, химия, информатика т.б.) пәндерді оқытуда ескеруге болады. Мұнда оқушылардың туған елге, жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып дүниеге қызығушылығын күшейту үшін оларға алғашқы мәліметтер береді. Қоршаған ортамен таныстыру - адам, табиғат, өсімдік, жануарлар болғандықтан білім көзін
осылардан бастау керек. Экологиялық проблемалармен байланысты денсаулық сақтау. Оқулықтардың әдістемелік нұсқаулары, ғылымилығы, тәрбиелік мәні, өмірмен байланыстылығы ескеріліп, оқушылардың қазіргі заман талаптарындағы өмірге деген икемділігін байқауға болады.
Сабақ барысында мұғалім оқушыларға қазіргі заман мәдениетіне тән әлеуметтік - гуманитарлық пәндерде мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:
-
оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыптар мазмұнын ашатын материалдар көлемінің шағын, ықшам болуы;
-
мәтін көлемі шағындығымен қатар, тақырып мазмұнының ғылымилығы, әсерлілігі, бейнелілігі;
-
берілген тапсырма оқушылардың ойын, тілін дамытуға, олардың сабақ барысында өздігінен жұмыс орындауына, іс - әркетіне түрткі туғызуға сай келуі;
-
берілетін білімнің оқушылардың өмір тәжірбиесімен және қоршаған ортамен байланыстылығын қамтамасыз етуге қолайлылығы.
Оқушылар жанұя, табиғат, қоғам мен ортамен арасындағы қатынас. Мәдениетті танып білуі үшін, өзі табиғаттың бір бөлігі бола тұра, оқып білген, тәжірибеден үйренген білім арқылы адам қоршаған ортамен қатысты басқаларға да үйретеді. Біртіндеп өмір жағдайына баға беру деңгейіне көтеріледі.
Оқушыларға білім беруге арналған құралдардың ең негізгісі оқулық болып саналғанымен, оның мазмұны мемлекеттік құжат - бағдарлама талабынан алшақ кете алмайды. Жеке пәндерді оқытуда оқушыларға ғылыми ұғым беру қажет, ол ұғымдардың саналы меңгеруді жүзеге асырып, ептілікті қалыптастырудың негізгі мүддесі. Нақты заттар мен құбылыстар негізінде бақылау ұйымдастыру біртіндеп ұғымға ұласпақ. Ұғым - өте күрделі психологиялық процесс. Қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы техникалар, түрлі машиналар, компьютерлер дәуірі қоғамның өрлеуіне, әлеуметтік деңгейдің көтерілуіне әсерін тигізіп отыруда. Бұлардың барлығы адамның өсіп - өнуіне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтанда ол қазіргі жастар өмірінде жаңаша мәдениетті талап етеді. Оны алдымен оқушыларды еңбекке даярлау қолданылатын бағдарламаларды зерделеу барысында қарастыру қажеттілігі туындайды.
Осы тұста Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа ұсынған "Технология" жалпы білім беретін мектепке арналған интегративті білім саласы негізінде жарыққа шыққан оқулықтарға тоқталамыз.
Қазақстан тарихында алғаш шыққан "Технология" оқулығында бұрынғы кезде еңбекке баулу сабағында өтілетін технология элементтері қамтылған. "Технология" ежелгі гректің "tecno" - өнер, шебер, білгір және "logos" ілім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология - шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылым. Адам баласының іс - әрекетіне қажет технологияның да сан алуан түрі кездеседі. Дегенмен әрбір адамға үнемі қажет технологиялар да жоқ емес. Олар: тамақ әзірлеу, үй мүлкін күту, ақпараттандыру т.б. технологиялары. Сонымен бірге оқулықтарда бағдарлама тарауларына байланысты шығармашылық жұмыстары, жоба берілген. Бағдарлама тарауларына сәйкес қолөнер бұйымдарын әзірлеуге қолөнерге, тамақ әзірлеу технологиясына, үй мәдениеті және тұрмыстағы техника, кәсіпкершілік және жанұя экономикасының элементтері тарауларына оқытуда қазақ халқының көне атауларына, оны қалай үйреткендігіне салыстырмалы талдаулар жасалынбаған.
Мысалы, қазақша мата атаулары, қазақтың ұлттық киімдерінің аттары, ыдыс атаулары, қазақша өлшем аттары, қазақ халқының бояу жасау дәстүрі, сабын жасау түрлері, бесіктің түрлері, киіз үй жиһаздары, киіз үй түрлері.
Ал, бағдарламаның мақсаты: оқушыларды ұлттық тәрбие негізінде өздігінен еңбек етуге, бұқаралық кәсіпті бейімділіктерін айқындау үшін тәжірибе элементтерін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында және жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында қазақ халқының мәдениеті мен салт - дәстүрлерін оқып - үйрену үшін жағдайлар жасау, оқушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай - ақ тілін, салт - дәстүрін меңгерту бұл мектеп алдындағы негізгі міндет болып саналады. Бұл сала бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары қолға алынып келгенімен, оны әлі де болса тереңдей білімді қажет етеді. Қазақ халқында бұрын "Технология" деп атамаса да, май шайқап, құрт жасау, киімді әр түрлі тәсілмен тігу, сәндеу, тері өңдеу, кесте және кілем тоқу, киіз басу, арқан есу, ши тоқу, бала бағу, т.б. секілді жұмыстарды атқарған.
Міне, осы жоғарыда аталған технологиялар жайлы "Технология" оқулығында мәліметтер толығымен қарастырылмаған. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктеріне аса көңіл бөлінбеген. Атап айтатын болсақ: 7-ші сыныптарда иықтық киімдерді әзірлеу технологиясына түнгі көйлек және камзол берілген. "Камзол" дегенде оқушы бірнеше киім түрлерін түсінуі мүмкін. Ал, егер камзол жеңімен болатын болса онда оқушылар жеңнің сызбаларымен бейтаныс болады. Егер камзол жеңсіз болса, онда киім атауларына көбірек көңіл бөлу қажет болады.
Тарихи деректемелерде қарағанда "камзол","жилет" терминімен сәйкес келеді. Мұндай жағдайда мұғалім камзол, бешпент әзірлеуді жоба тарауында ескеруі тиіс. Оқу - тәрбие процесі мұғалім мен оқушының қарым - қатынасынан тұратыны педагогика ғылымында дәлелденген, яғни мұғалім белгілі бір белгілі тақырып бойынша жинақтаған білім жүйесін оқушыға меңгерту үшін оны оқып - үйреніп, өз тәжірбиесінде қолдана бліуі тиіс. Сондықтанда болашақ маман иесі бағдарламамен етене таныс болып қоймай оны оқушылардың тәлім - тәрбиесінде тиімді пайдалану үшін, ондағы тақырыптар бойынша ғылыми - теориялық, практикалық, кәсіби білімдермен жеткілікті дәрежеде қаруланған болу қажет. "Фитодизайн" жайлы оқулықта мәліметтер қарастырылмаған.
Оыс секілді, 8-ші сыныпта "батик" технологиясы берілген. Батиктің суық және ыстық түрлері болады. Ал, мектеп жағдайында батикті жасау қазіргі экономикалық жағдайларда күрделі келеді. Сондықтанда жоғарыда келтірілген бояу жасау дәстүрін мұғалімнің сабақ барысында пайдалануды ескергені жөн. Себебі бояуларды рауғаштың тамырынан, талдың қабығынан, жосадан (қызыл топырақтан), қынадан, анар жемісінен алуға болады.
9-ші сыныпта мынадай сөйлем берілген: "Моншақтан бас киім, камзол, жейде тігу". Моншақтан киім жасау технологиясы берілмеген. Мүмкін, моншақпен бас киімдерді сәндеу деп қарастыру қажет секілді. Сонымен қатар "камзол" әзірлеу процесс 7-ші сыныпта қарастырылатындықтан ол қайталанып келген. Бұл жайлы мәліметтер теориялық және графикалық түрде берілгені жөн. Сол сияқты, моншақпен "камзол" әзірлеу емес, сәндеу келтірген дұрыс болар.
Кілем түрлері және тоқылу технологиялары жайлы мәліметтер оқулықтарда өте аз берілген. Мұндай мәліметтерді мектеп оқулықтарында қарастыру аса қажетті мәселе болып саналады. Себебі, оқушылардың бойында қазақи тәрбие мен қазақи "технологияларды" қалыптастырудың бірден - бір жолы, ұлттық қолөнер болып саналады.
Сол секілді, мектеп оқушыларын алаша, терме алаша, "жұлқыш", бау- басқұр, жалпы айтқанда киіз үй жабыдқтары жайлы мәліметтермен мейлінше толығырақ қаруландыру қажет.
Қазіргі таңда дамыған елдердің ақпараттары мен технологияларын кеңінен қолдауына байланысты қойылып жатқан жаңа талаптар жастардың тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білу, шешім қабылдау, шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі қажеттігін байқатады. Соның біріне тігін машинасында кестелеу жұмыстарын орындау болып табылады.
Кестелеу жұмыстары бүгінгі таңдағы тәрбиенің негізі болып саналатын қолөнер туындыларының тарихы ретінде санап, оны естен шығармау қажет. Осындай жұмыстарды орындау арқылы қазақ жастарына өздерінің дінін, тілін, салт - дәстүрін естеріне түсіріп отыруға мүмкіндік береді. Еңбек пәнінің бағдарламасына сай оқулықтарының мақсаттары, қарастырылатын ептіліктерінің айқын тізбегіне, берілген нұсқауларға зейін аудар келе, бағдарламаның мазмұны төмендегідей кемшіліктерге ие деп есептейміз:
-
Бағдарламада тақырып бойынша пәнаралық байланыстар берілмеген.
-
Қолөнер түрлері толық қамтылған.
-
Бағдарламаның түсінік хатында оқушыларды қалыптастырылуға тиіс еңбектік және кәсіби ептіліктер тізбегі келтірілмеген.
-
Бағдарламада кейбір сөйлемдері үйлеспеген.
Достарыңызбен бөлісу: |