Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет7/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

1.3. 
Ақпараттық байланыстар 
ӨАМЖ техникалық құралдары арасындағы ақпаратпен алмасу 
байланыс дабылдары мен интерфейстерінің көмегімен іске 
асырылады. Үздіксіз (ұқсас) дабылдар өлшегіш ақпаратты алу мен 
басқарушы дабылдарды орындау үшін бақылау жəне басқару 
жүйелерінің төменгі деңгейлерінде пайдаланылады. Басқару 
жүйелерінің біршама жоғары деңгейлерінде дабылдардың біршама 
сенімді өңделуін қамтамасыз ететін сандық (дискреттік) 
дабылдарды пайдаланады. Ұқсас дабылды сандыққа түрлендіру 
үшін ұқсас дабылдардың уақыт бойынша дискреттелуі мен деңгей 
бойынша квантталуын орындайтын ұқсас-сандық түрлендіргіштерді 
қолданады. 
АБЖ-же артықшылықтары дабыл берудің жоғары жылдамдығы, 
төмен құны мен энергия көздерінің қолжетімділігі, байланыс 
желілерін 
төсеудің 
қарапайымдылығы 
болып 
табылатын 
байланыстың электрлік дабылдары біршама кеңінен таралған. 
Пневматикалық дабылдар 
негізінен жарылыс қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету қажет болатын жəне жоғары жылдам əрекет ету 
қажет емес мұнай, химия жəне мұнай химия өнеркəсібінде 
қолданылады. Гидравликалық дабылдар негізінен гидравликалық 
бағушы жүйелер мен гидравликалық атқарушылық механизмдерді 
басқару құрылғыларында қолданылады. 
Ақпараттық дабылдар табиғи немесе бірегейлендірілген күйде 
ұсынылуы мүмкін. Табиғи дабыл деп өзгеріс түрі мен диапазоны 
түрлендіргіштің физикалық қасиеттерімен жəне өлшенетін 
шаманың өзгеруі диапазонымен анықталатын біріншілік өлшегіш 
түрлендіргіштің 
дабылы 
аталады. 
Әдетте 
бұл 
өлшегіш 
түрлендіргіштердің 
шығыс 
дабылдары, 
көбінесе 
аздаған 
қашықтықта (бірнеше метрге дейін) беруге болатын электрлік 
дабылдар. Бірегейлендірілген дабылда ақпаратты тасымалдаушының 
түрі мен оның өзгеруі диапазоны өлшенетін шама мен өлшеу əдісіне 
байланысты болмайды. Әдетте бірегейлендірілген дабылды 
ендірілген немесе сыртқы нормалаушы түрлендіргіштердің 
көмегімен табиғидан алады. 
Электрлік 
дабылдардан 
тұрақты 
ток 
пен 
кернеудің 
бірегейлендірілген дабылдары біршама кеңінен таралған. Жиілікті 
даылдарды 
жергілікті 
ақпараттық-басқарушы 
жүйелерді 
техникалық 
құралдар 
кешенінде 
(ЖАӨЖ 
ТҚК) 
жəне 
телемеханикалық аппаратурада пайдаланады. Өзара индуктивтілік 
дабылы 
теплоэнергетикалық 
параметрлердің 
тетіктерінде 
қолданылады, бұл қарапайым құрылымда қоршаған ортаның əсеріне 
төзімділік пен жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді. Импульстік 
дабылдар екі позициялық құрылғылардың күйін бақылау, 
командалық дабылдарды беру үшін пайдаланылады. 
13 


Күрделі жүйелерді құруда, əсіресе микропроцессорлық 
құрылғылар мен есептеуіш құралдар базасында, жоғарғы деңгейдегі 
техникалық 
құралдар 
арасындағы 
ақпаратпен 
алмасу 
интерфейстердің көмегімен іске асырылады. Интерфейс немесе 
енгізу-шығарудың жанасуы - жүйеге кіретін жəне ақпаратты жинау, 
өңдеу жəне пайдалану үшін тағайындалған құрылғылардың өзара 
əрекетін іске асыратын жəне орнататын бағдарламалық жəне 
аппараттық құрылғылардың жиынтығы. 
Анықталғандай интерфейс бағдарламалық жəне аппараттық 
бөліктерден 
тұрады. 
Бағдарламалық 
(ақпараттық) 
бөлім 
дабылдармен (тəртібін) жəне ақпаратпен (алгоритмдер мен 
уақытша диаграммалар) алмасу хаттамасын анықтайды Аппараттық 
бөлік (интерфейстік карталар, платалар) функционалдық модульдер 
арасындағы басқарушылық, адрестік, хабар беру жəне басқа да 
дабылдармен ақпараттық алмасуды іске асыруға мүмкіндік береді. 
ӨАМЖ «Жалпы шина» (ЖШ) жəне «Бірыңғай интерфейс» (БИ) 
интерфейстері біршама таралған. 
интерфейстер ақпаратты жинау жылдамдығын, ЭЕМ немесе 
контроллер жадын жүктеуді, аппаратура құнын анықтайды
сондықтан да қазіргі уақытта рационалдық интерфейстерді құру 
бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет