Күнкөрістің қаражат көздерінің тізбесі



Дата30.06.2016
өлшемі44.9 Kb.
#167994


Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға 7-қосымша

Күнкөрістің қаражат көздерінің тізбесі




Код

Күнкөрістің

қаражат көздері



Анықтама

1

жалдамалы жұмыстан түскен табыс

жалақы (айлықақы); жалақыға үстемеақы; ақшалай немесе заттай түрдегі көтермелеу төлемдерінің барлық түрлері; қаламақылар; сыйлықақылар; пайдадан түскен және еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемақылар.

2

өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыс

өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың жеке өзі үшін немесе олардың отбасының мүшелеріне қатысты алған табысы. Өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табысқа мүліктен пайыз, дивидендтер түріндегі табыс, рента және жеке меншіктен түскен басқа да табыс түрлері, сондай-ақ сыйлықтар және әлеуметтік көмек кірмейді.

3

ауылшаруашылық өнімдерін сатудан түскен табыс

жеке қосалқы шаруашылықтағы жұмыс (ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыс) өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығының өндірілген өнімдерін сатудан алынатын табыс.

4

оқушыларға арналған стипендиялар

тамақтануға, тұруға және оқу әдебиетін сатып алу шығыстарын ішінара өтеу үшін білім алушыға берілетін ақша сомасы.

5

жасы бойынша зейнетақы

жасы бойынша: азаматтық зейнеткерлермен қатар әлеуетті құрылымдар зейнеткерлері алатын сома.

6

мемлекеттік жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік көмек түрлері

Жәрдемақы:

облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген, орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы кедейліктің шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) мемлекет ұсынатын ақшалай түрдегі төлемақы



18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға бала 1 жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты, мүгедек баланы тәрбиелеп отырушыға жәрдемақы, сондай-ақ айлық табысы орта есеппен жан басына шаққанда облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген азық-түлік қоржыны құнынан төмен аз қамтылған отбасыларға мемлекет ұсынатын жәрдемақылар.

мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты азаматтарға бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлемақылар.

жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға жәрдемақының өзге де түрлеріне қарамастан төленетін ақшалай төлемақылар.

үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету төлемақылары; азаматтарды жерлеуге берілетін жәрдемақы; экологиялық апат аймағында тұруына жатуына байланысты біржолғы өтемақылық төлемақылар; саяси қуғын-сүргін құрбандарына және басқаларына ақшалай өтемақылар.

жергілікті бюджеттерден жұмыс орны бойынша және басқа қаржыландыру көздерінен (әкімдіктерден, ардагерлер кеңесінен және өзгелері) заттай түрдегі біржолғы төлемақылар.

7

туыстар мен таныстардан материалдық көмек

туыстарынан немесе жақындарынан материалдық көмек: үй шаруашылықтарының туыстарынан және достарынан алған трансферттері

8


меншіктен түскен табыс

жеке меншіктен табыс, дивидендтер, сыйлықақылар:

үйді, пәтерді, саяжайды және жер учаскелерін сатудан түскен табыстар, саяжайды бұзудан түскен төлемақылар және өзгелері



көлік құралдарын, киім-кешекті, зергерлік бұйымдарды және өзгелерді сатудан түскен табыс.

бағалы қағаздардан немесе акциялардан дивидендтер, ақшалай салымдар бойынша пайыздар, авторлық қаламақылар.

тұрғын үйді, сонымен қатар кісі тұрмайтын (өндірістік) үй-жайларды: гараждар, қойма орындарын жалға беруден түскен пайда мен шығындар.

жерді, ауылшаруашылық техникасын жалға беруден алынатын сома.

9

біреудің асырауындағы адам

басқа тұлғалар тарапынан ұзақ немесе үнемі материалдық немесе ақшалай қамтамасыз етілетін адамдар.

10

өзге де

өзге де:

үй шаруашылықтарының:

тамақтануға (толық немесе ішінара);

қоғамдық көлікпен жол жүруге;

автомобильмен қалааралық, теміржол, әуе, теңіз және өзен жолаушылар көлігімен жол жүруге;

демалыс үйлеріне, санаторийлерге, балаларға арналған демалыс лагерлеріне жолдамаларға;

дәрі-дәрмектерге;

тісті протездеуді қоса алғанда, медициналық қызмет көрсетуге;

мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстауға, балаларды оқытуға;

кәсіптік білім алуға;

мәдени-спорттық іс-шараларға;

тұрғын үйге, отынға ақы төлеуге;

мал, жемшөп сатып алуға;

арнаулы киімге, киіндіруге алған жеңілдіктерінің;

дотацияларының және жеңілдіктерінің сомасы;

дотациялардың және жеңілдіктердің басқа да түрлері.



коммуналдық қызметтерге жұмсалатын белгіленген шығыстары осы мақсаттарға арналған жол берілетін шекті үлесінен асатын аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлемақы немесе олардың дербес шоттарына ақшалай қаржының аударымдары түрінде мемлекеттің беретін көмегі.

неке бұзылғанда жұбайының көмегіне мұқтаж кəмелетке толмаған балаларды, ата-аналарды асырауға алынған сомалар.

жоғарыда аталмаған табыстар.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет