Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»).
Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды:
-
сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды;
-
сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін;
-
сынақ жүргізу тәртібін;
-
сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін;
-
сынақ нәтижесін көрсету тәртібін;
-
сынақтың жіберілетін қателігін.
Стандарттың аарналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы. таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты).
Сертификаттау тәжірибесі аралас түрлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отыр (мысалы ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»).
Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, утилизациялау). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», ГОСТ 7995 – 79 «Мясо. Разделка говядины для розничной торговли», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация».
Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғаауға талаптарын енгізуі керек.
Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрлерді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың фирмалық стандарттарының типтік объектілері болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қандай түрлері тағайындалған?
2 ҚР Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезендерін айтып беріңіз
3 Стандарттардың қандай түрлері кездеседі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Лекция 11. Сәйкестікті растау. Жалпы сипаттамасы.
Лекцияның мазмұны
1 Сәйкестікті растаудың мәні және негізгі ұғымдары
2 Сәйкестікті растау мақсаттары
Лекцияның қысқаша конспекті
Сертификаттаудың мәне және негізгі ұғымдары.
Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» ден аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық практикада бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.
Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.
Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.
«Үшіні жақ» яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.
Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынадай анықтама берілген. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім.
Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың комплексі (жиынтығы) болып табылады.
Сертификаттау объектілері:
-
өнімдір;
-
көрсетілетін қызметтер;
-
процестер;
-
жұмыстар;
-
сапа менеджментінің жүйелері.
Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.
Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады.
Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Сәйкестікті растау мақсаттары.
Сәйкестікті растау мақсаттары болып табылады:
-
өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету;
-
өнімнің, көрсетілетін қызттердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау;
-
саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету;
-
жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар рыногындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру.
Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:
-
тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу;
-
тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау;
-
шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерін куәландыру.
Бақылау сұрақтары:
1 Сәйкестікті растау деген не?
2 Сәйкестікті растау объектілерін атап беріңіз
3 Сәйкестікті растау мақсаттарын атап беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Лекция 12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау
жүйесі.
Лекцияның мазмұны
1 Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің функциялары
2 Сәйкестікті растауға қатысушылар
Лекцияның қысқаша конспекті
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі.
Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болаты.
Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі:
-
сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
-
сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін;
-
сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды және оларды аккредиттеу рәсімдерін;
-
сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды дайындау және аттестаттау рәсімдерін;
-
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу; аудит және инспекциялық бақылау ережелерін;
-
және басқаларды тағайындайды,
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржыларынан және келісім- шарттар негізінде табылған қаржылардын құралады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай- ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады.
ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді..
Сәйкестікті растауға қатысушылар.
Сәйкестікті расттауға қатысушылар мыналар болып табылады:
1 Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган;
2 Акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар
4 Аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары);
5 Аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар;
6 Сертификаттау жөнендегі сарапшы- аудиторлар.
Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.
Өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар кез келген меншік түрлеріндегі, заңды тұлға болып табылатын және Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттарында тағайындалған талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың негізінде құрылады.
Әрекеттің белгілі сферасында сәйкестікті куәландыру жұмыстарын атқару құқығына ие болам деуші ұйым міндетті түрде аккредиттеу рәсімінен өтуі тиіс.
Өнімнің (көрсетілетін қызметтердың) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыруға қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу облысы шегінде сертификациялық сынақтар жүргізеді.
Сынақ зертханасы (орталығы) заңды статусы бар дербес ұйым болуы мүмкін немесе сертификаттауды куәландыру жөніндегі органның немесе басқа да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін.
Сынақ зертханаларының (орталықтарының) негізгі функциясы сертификациялық сынақтарды жүргізу болып табылады. Сертификациялық сынақтар жүргізгенде стандартталған әдістемелер қолданылуы керек және олар (әдістемелер) сынақ нәтижелерінің дұрыс (объективный және достоверный) болуын қамтамасыз ету керек.
Аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар – сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл ұйымдар Мемстандартпен бекітілген тәртіп боынша аккредиттеуден өткен болулары керек.
Сарапшы - аудиторлар. Сәйкестікті куәландыру жөніндегі сарапшы- аудиторлар – бекітілген тәртіп бойынша балгілі әрекеттер саласында өнімдері, көрсетілетін қызметтерді, процестерді, жұмыстарды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) және сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жұмыстарын жүргізу құқығына аттестацияланған маман болып табылады.
Сарапшы аудитор сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, олардың нәтижелерінің объективный және достоверный болуын қамтамасыз етеді.
Сертификаттау жүйесінің қызметін тұтынушы сертификаттауға қатысушы – өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға өтінуші және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беруші жеке және заңды тұлғалар (шығарушылар, сатушылар, орындаушылар) - өтінушілер болып табылады.
Сертификаттауға қатысушыларға тұтынушылар да жатады. Сертификттау жөніндегі іс- әрекеттер тұтынушы үшін маңызды болып табылады, өйткені олар:
-
өнімнің (жұмыстардың, процестердің) сапасы мен қауіпсіздіген жоғарылатуға;
-
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде ақиқат және толық ақпарат таратуға;
-
сапасыз тауарлардан (жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден) адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығындарды қайтарып беруге бағытталады.
Бақылау сұрақтары:
1 Мемлекеттік сәйкестікті растау жүйесі нелерді қарастырады?
2 Сәйкестікті растауға қатысушылар кімдер болып табылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Лекция 13. Сертификаттаудың заңнамалық және нормативтік базасы.
Лекцияның мазмұны
1 ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы
2 Сәйкестікті растаудың нормативтік базасы
Лекцияның қысқаша конспекті
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс.
Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы «Техниклық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.
Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамаман гармонизацияланған ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.
ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құықықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.
Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатырасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.
Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерік сертификаттауға қатысты жүзден артық нормтивтік құжаттар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады:
-
стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкетікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар;
-
өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;
-
сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;
-
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары.
Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі жағдайлар» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды.
Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді.
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қашан қабылданды?
2 Сәйкестікті растау жөніндегі нормативтік құжаттар нелерді қарастырады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Лекция 14. Сәйкестікті растау түрлері
Лекцияның мазмұны
1 Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы.
2 Сәйкестікті растау түрлері
Лекцияның қысқаша конспекті
Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы.
Сәйкестікті куәландырудың ұйымдық- әдістемелік негізі барлық сертификаттау объектілеріне таралатын және осы процедураны ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін ережелерден құралады.
Отандық және импортталатын өнімдердің сәйкестігін куәландыру бірегей ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тағайындалған ережелер және схемалар бойынша жүзеге асырылады. Өнім қай мемлекетте шығарылғаны, өндіру, сақтау, тасымалдау процестері, келісімдердің түрі мен олардың ерешеліктері ескерілмейді.
Импортталған өнімнің сәйкестігін куәландыру шетел сертификатын және сәйкестік Белгісін мойындау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде сертификаттау нәтижесін мойындау туралы тиісті келісім болуы керек. Республикада мойындалатын сертификат болмаған жағдайда өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарынан өткізеді? Сынақ жүргізгенде өнімнің көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасында жүретін нормативтік құжаттарда мекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Экспортталатын өнімдердің сәйкестігін куәландыру олардың шығарушы және тапсырыс беруші арасындғы контракттта қарастырылған ноормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жүргізіледі.
Өнімнің, оның ішінде импортталатын өнімнің сәйкестігін куәландыруды сертифиакттау жөніндегі аккредиттелген орган, ал ондай орган болмағанда Мемстандарт жүзеге асырады.
Сертификаттау сынақтарын жүргізуге тек аккредиттелген сынау зертханалары (орталықтары) тартылу керек.
Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер үш топқа бөлінеді:
-
идентификациялау мақсатында анықталатын көрсеткіштер;
-
қауіпсіздікті және міндетті сертификаттау үшін қойылатын басқа да талптарды куәландаруға қажетті көрсеткіштер;
-
ерік сертификаттау үшін анықталатын аталғаннан басқа көрсеткіштер.
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты барлық шығындарды, жұмыстың нәтижесіне байланысыз, өтінуші өтейді. Бұл үшін өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында келісім-шарт жасалады. Сертификаттау жөніндегі орган, өз кезегінде, сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өзі тартқан ұйымдардың шығындарын өтейді. Келісім – шарт бойынша.
-
Сертификаттау түрлері.
Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің, көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін куәландыру ерікті және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өз еркімен сәйкестікті куәландыру ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы, орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің (процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге болмайды.
Сәйкестікті міндетті куәландыру төмендегі түрде жүзеге асырылады:
-
шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы деклорация қабылдау арқылы;
-
міндетті сертификаттау жүргізу арқылы.
Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны.
Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі.
Техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдір мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Қазіргі кезде мұнбай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды.
Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады.
Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1- таблицада келтірілген.
Таблица 1. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы
сипаттамалары
Сертифи-каттау түрі
|
Жүргізу мақсаттары
|
Жүргізу негізі
|
Объектілер
|
Сәйкестікті тексеру мәні
|
Норматив-тік базасы
|
Міндетті
|
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін және экологияға зиянсыздығын қамтамасыз ету
|
Қазақстан Респуб-ликасы-ның заңнама-лық актілері
|
Міндетті түрде сертификатту-ға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Тізіміне енгізілген өнімдер, көрсетілетін қызметтер
|
Нормативтік және де басқа құжаттарда қарастырыл-ған міндетті талаптарға сәйкестікті тексеру
|
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы және қауіпсіздігі-не міндетті талаптар қоятын нормативтік және басқа құжаттар
|
Ерікті
|
Кәсіпорынның өнімінің (жұ-мысының, көр-сетілетін қыз-меттінің) бәсеке-сестігін қамтамасыз ету.
Қауіпсіздік талаптарына ғана емес, сапаны қамтамасыз ететін талаптар-ға сәйкес келетін өнімге (жұмыс-қа, көрсетілетін қызметке) жарнама беру
|
Заңды және жеке тұлғалар-дың инициа-тивасы бойынша жасалған келісім-шарт
|
Кез келген объектілер
|
Өтінуші белгілеген кез келген талаптарға сәйкестікті тексеру (міндетті сертифкатау-ға жататын өнімдер бойынша міндетті талаптарды толықтыру-шы талаптарға сәйкестікті тексеру)
|
Өтінуші ұсынған нормативтік және басқа да құжаттар
|
Қазақстанда қазіргі кезде көбінесе міндетті сертификаттау орын алады. Себебі – тауарлар рыногындағы бәсекелестіктің деңгейі төмен. Бәсекелестік арта түскен жағдайда ерікті сертификаттаудың ролі артады. Шетел мемлекеттерінде ерікті сертификаттаудан өткен өнімдер жақсы сатылады, бәсекелестікті көтереді. Біз де соған жетеміз өз кезінде.
Бақылау сұрақтары:
1 Сәйкестікті растау ережелері нелерден құралады?
2 Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер неше топқа бөлінеді?
3 Сәйкестікті растау қандай түрде жүргізілуі мүмкін?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Достарыңызбен бөлісу: |