Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»


Компьютерге қосылу принципі бойынша



Pdf көрінісі
бет100/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Компьютерге қосылу принципі бойынша тінтуірлерді 
компьютермен электр кабелімен жалғанған желілікке («құйрықты» 
тінтуірлер) жəне түйіспесіз (сымсыз, «құйрықсыз») деп бөлінеді. 
Сымсыз тінтуірлер – бұл инфрақызылдар немесе радиотінтуірлер. 
Инфрақызыл тінтуір теледидардың қашықтан басқару пультіне 
ұқсас жұмыс жасайды. Ол үшін компьютерге инфрақызыл 
сəулеленудің қабылдағышы орнатылады. Тінтуір қозғалысы бұрын 
қарастырылған механизмдермен тіркеледі жəне инфрақызыл 
сигналға түрленеді, ол содан кейін қабылдағышқа беріледі. 
Инфрақызыл сигналды жіберу үшін тінтуір таратқышы мен 
компьютер қабылдағышы арасындағы кеңістік жабылмау керек, 
206 


əйтпесе тінтуір ДК сигналды жібере алмайды. Инфрақызыл 
тінтуірлер қалыпты батареялардан жұмыс жасайды. 
Радиотінтуірі радиосигнал көмегімен тінтуірден ақпаратты 
жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл кезде қабылдағыш пен таратқыш 
арасындағы бос кеңістікке қажеттілік болмайды. Радиотінтуір 
радиотолқындар көмегімен шағын қабылдағышқа деректерді 
жібереді, ол компьютер жалғағышына қосылған. Радиотінтуір қуат 
көзі корпустағы батареяларынан жүзеге асырылады. Тінтуір 
сигналын енгізу құрылғысы онда орналасқан батырмалар болып 
табылады. Тінтуір моделіне байланысты екіден төрт батырмаға 
дейін болады. 
Тінтуір батырмаларының функционалдық тағайындалуы түрлі 
жəне орындалатын қосымшаға байланысты. Батырмалардан басқа 
көптеген тінтуірлер терезелерді тез айналдыру (скроллинг) үшін 
арнайы құрылғылармен жабдықталған. 
Тінтуірлер ДК қосылу тәсілі бойынша мынадай бөлінеді: PS/2 
портына жалғанатындар жəне USB портына қосылатын тінтуірлер. 
Эргономикалық пернетақталармен қатар компьютерлік нарықта 
эргономикалық, пайдаланушы білезігіне жүктемені азайтатын 
пішінді иілген тінтуірлер пайда болды. Бұдан басқа, түрлі пішінді 
тінтуірлер шығарылып жатыр, олардың қосымша тағайындалуы – 
пайдаланушыда оң эмоциялық икемделу қалыптастыру. 
Тінтуірдің маңызды сипаттамасы дюймге нүктелер санымен 
өлшенетін ажыратымдылық болып табылады (тнд немесе dpi — Dot 
Per Inch). 900 тнд ажыратымдылығы тінтуірді оң жаққа 1 дюймге 
жылжытқан кезде жетек микробақылаушыдан оң жаққа 900 бірлікке 
жылжығандығы туралы ақпарат алатындығын білдіреді. 
Тінтуірлердің негізгі өндірушілері Microsoft, MitsumiA4Tech, 
Logitech, Genius, Razer компаниялары болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет