Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет16/111
Дата20.03.2023
өлшемі0.54 Mb.
#470972
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111
Î?óëû? Æî?àðû î?ó îðûíäàðûíû? 050117 «?àçà? ò³ë³ ìåí ?äåáèåò³» ì

Вакхилид (б.з.б.500-450) - думанды лириканың ең соңғы ірі өкiлi. Ол Кеос аралындағы Иулида қаласында дүниеге келген. Жоғарыдағы ақындармен бiрге Сицилия әміршісі Гиерон сарайында өмiр сүрдi. XIX ғасырдың соңына дейiн оның өлеңдерi тек үзiндi күйiнде ғана жеткен делiнiп келдi. 1896 жылы Лондондағы Британия музейiнен Вакхилидтiң Мысыр папирусына жазылған 20 өлеңi табылды. Олардың барлығы дерлiк батырлар жайында жазылған аңыз эпиникийлерден, мифтерден құралған жырлар.
Оның эпиникийлерi Пиндар жырларына қарағанда өзгешелеу. Ол қаһарманның батырлығын аз ғана сөзбен қысқа баяндайды да, оның бұрынғы iстерiн мифпен араластырып, кең түрде ашады, алдағы iстерiне табыстар тiлеп отырады.
«Вакхилид шығармашылығында Афина аңыздары негiзгi орынды алады, осы аңыздар арқылы ақын көркейіп, дамып бара жатқан Афинаның даңқын айтпақшы болады. Афина патшасы Эгей және оның қасындағыларды асқақтата дәріптейді, әсiресе Тесей
батыр жайы көбiрек хикаяланады»[1,66].
Вакхилидтiң маңызды қызметi – оның грек драматургиясына, әсiресе трагедиясына негiз салғандығы. Вакхилид шығармалары көбiне диалог формасында болып келедi, оларды «дифирамб» деп атаған едi. Осыдан трагедия формасы туды дегенге саяды.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Грек лирикасының негізгі түрлері қандай?

  2. Элегия мен ямб өлеңдерінің мәні?

  3. Каллин мен Тиртей шығармашылықтарындағы көркемдік ерекшеліктерді салыстырыңыз.

  4. Солон шығармашылығындағы дүниетаным, бейнелілік (образдылық) пен поэтикалық тіл мәселелері қалай шешілген ?

  5. Сапфо өлеңдерінің халықтық мерекелермен, үйлену, салт- жоралғылармен байланыстарын анықтаңыз.

  6. Анакреонт өлеңдеріндегі архаикалық өлеңдік-поэтикалық стильдің шарықтау шегі туралы не айта аласыңыз ?

  7. Симонид және ежелгі эпиграмма дәстүрлерінің жаңғыруы.

    1. тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет