284
жазушылар феодалдық монархияға қарсы қарулы көтеріліске
шақырады. Бұл Мильтонның публицистикасы, Лильберн мен
Уинстенлидің памфлеттерінде анық көрінді.
Осы дәуірде жасаған ірі жазушылардың бірі драмашы Бенжамин
Джонсон (1573-1637) жеке биліктің зұлматына қарсы күресуші
ретінде кең танылды. «Сеян: оның күйреуі» (1603), «Катилина:
оның көтерілісі» (1611) трагедияларында Джонсон Рим тарихынан
материалдар алып, монархияға
қарсы республикашылдық
идеяларды ұсынды. Ол «Вольпоне» (1607), «Эписин яки момын
әйел» (1609), «Альхимик» (1610), «Әулие Варфоломей күніндегі
жәрмеңке» (1614) комедияларында ағылшын билеушілерінің
сатиралық образдарын сомдады. ХVІІ ғасырдың 40-50 жылдары
саяси күрестер жүріп жатқан дәуірде демократтық рухтағы күшті
публицистер Джон Лильберн (1618-1657) және Жерарда Уинстенли
(1609-1652) тарих сахнасына шықты.
ХVІІ ғасырдың 60-70 жылдарындағы
жаңғырту дәуірі мен
тозығы жеткен ақсүйектік мәдениетті қатты сынға алған жазушылар
Мильтон мен Бэньян болды. Джон Бэньян (1628-1688) жаңғырту
дәуірінің бүкіл көлеңкелі жақтарын өз көзімен көрген жан. Ол
«Зияратшының сапары» (1678) повесінде даңқты қаланың қомағай,
надан, опасыз адамдары арқылы жоғары топ өкілдерін әшкереледі.
Джон Бэньян «Мистер Бэдменнің өмірі мен өлімі» (1680) повесінде
буржуазиялық тип болған «сотқар адамды» сынайды. «Қасиетті
соғыс» (1681) повесінде 40-жылдардағы азаматтық соғысты,
төңкерісшіл қосынның феодалдық монархия әскерін ойсырата
жеңгендігін паш етеді.
Достарыңызбен бөлісу: