Мазмұны
Мазмұны 2
Кiрiспе 2
I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар 4
1.2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы 6
1.3 Электрондық оқулық кiмге және не үшiн қажет? 8
1.4Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 8
1.5 Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар 9
1.6 Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық 11
II ТАРАУ “Мәлiметтер базасын жобалау” бойынша электрондық оқулық 12
2.1 Мәліметтер базасын құру негіздері 12
2.2 Негізгі түсініктер және анықтамалар 16
2.3 Деректер модельдерінің қысқаша мінездемесі 23
2.4 Реляциондық мәлiметтер базасы 30
2.5 SQL командасын қолдануға мысалы 42
2.6 Мәліметтер базасын жобалау және қолдану 43
2.7 Инфологиялық үлгілеу 57
2.8 Visual Basic – VBA (Microsoft Access мысалында) 63
III ТАРАУ Электрондық оқулықты құру жолдары 79
3.1 JavaScript дегеніміз не? 79
3.2 Электрондық оқулықты құрастыру 79
3.3 Асcess ортасында мәліметтер қорын қүру 82
Қорытынды 86
Қолданылған әдебиеттер: 87
Кiрiспе
Бiлiм беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түрiндегi компьютерлiк пакеттердi құру шарттарында ғана орындалуы мүмкiн.
Жоғарғы оқу орындарында студенттерге бiлiм беруде компьютердi қолдану оларды аудиториялық, яғни лекциялық және лабороториялық сабақтарда, өз бетiмен бiлiм алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану мүмкiндiгiн туғызады.
Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.
Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек.
Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау – тестiлеу сабақтарымен жалғасуы керек.
Ақпарат жүйесi (АЖ) – қандай да бiр объектiнi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, iздеу және шығарып беру жүйесi деп қарастырылады. Әрбiр ақпарат жүйесi (АЖ) ақпараттық объектiлердiң бiрiгуiн қамтитын қандай да бiр ақпараттық кеңiстiктi бейнелейтiн пәндiк саланы иемденедi. Ақпаратты қандайда бiр мәселелердi шешу үшiн пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсiнiктi және бағаланған жаңа бiлiм деп түсiнейiк. Ақпарат дегенiмiз, оны алушы кiсiге дейiн қабылдау механизiмiнiң қабылданды – түсiнiктi – бағаланды деген үш сүзгiсiнен өткен нәрсе.
Мультимедиалық ақпаратты - әдiстемелiк кешендердi практикада пайдалану белгiлi бiр техникалық шарттарға, бiрiншiден, жаңа сипаттағы аудиториялық қордың бар болуын талап етедi. Мультимедиа құралдарын пайдаланып лекциялар даярлауға қосымша жұмыс уақытын шығындауы, сонымен бiрге мультимедиалық аудиториялар, компьютермен жабдықталған лабораторияларды құру, олардың тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруға арналған материалды қаржылық ресурстарды қажет етедi. Ал, жалпы оқу процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану шарттарында электрондық оқулық студенттердiң уақытын үнемдейдi, өз бетiмен бiлiм алу, алыстан оқу жағдайында студенттерге үлкен көмек болады. Осыған орай, көкейтестi мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкiндiктерiнiң даму есебiнде бiлiм берудiң жаңа компьютерлiк әдiстерiн өңдеу болып отыр және көрсетiлген бағытта жұмысты жалғастыруды қажет етедi.
Бiтiру жұмысының мақсаты “Ақпараттар жүйесiн математикалық жабдықтау және басқару” кафедрасының негiзгi пәндерiнiң бiрi болып табылатын “Мәлiметтер базасы ” курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау.
Осы мақсатқа жету барысында келесi мiндеттер туады:
-
“Мәлiметтер базасы” бойынша теориялық материал жинау;
-
Теориялық материалдар бойынша тапсырмалар ұйымдастыру, оларды орындау әдiстемесiн көрсету, бақылау сұрақтар ұйымдастыру;
-
Теория және практиканы бiр жүйеге келтiру;
Курс бойынша тест тапсырмаларын ұйымдастыру.
Берiлген бiтiру жұмысым кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар
1.1 Негiзгi ұғымдар
Электрондық басылым (ЭБ) – бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда – магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.
Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) – бiлiмнiң сәйкес ғылыми – практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы бiлiмдер, бiлiктер және дағдыларды белсендi түрде меңгеруi керек.
Оқулық (О)- мемлекеттiк стандартқа және оқу программасына сәйкес оқу пәнiнiң немесе оның тарауын жүйелi мазмұндаудан тұратын басылымы.
Электрондық оқулық (ЭО)-өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады.
Оқу құралы (ОҚ)- бұл берiлген басылымның түрi ретiнде ресми түрде бекiтiлген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық.
Электрондық оқу құралы (ЭОҚ)-оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде бекiтiлген электрондық басылым.
Гиертекст-электрондық формада ұсынылған және оның бiр фрагментiнен басқа фрагментiне дер кезiнде өтудi қамтамасыз ететiн тармақталған байланыстар жүйесiмен жабдықталған текст.
Интеллектуалдық ядро-математикалық операцияларды сандық және символдық формада шығаратын программалардың арнайы жиынтығы.
Визуализация-суреттердiң, графиктердiң және анимацияның көмегiмен көрнекi түрде көрсетiлуi.
Достарыңызбен бөлісу: |