Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Диплодиоз. Қазақстанда бұл ауру карантин аруларының қатарына  жатады (44-сурет)



Pdf көрінісі
бет90/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Диплодиоз. Қазақстанда бұл ауру карантин аруларының қатарына 
жатады (44-сурет). 
 
44-сурет. Диплодиоз: 
а – залалданған собық; б – залалданған сабақ 
буыны; в – залалданған дән; г – саңырауқұлақ 
пикнидасы; д – саңырауқұлақ споралары 
Кесел ӛсімдік гүлдеген соң сүттеніп 
және 
балауызданып 
пісу 
кезеңдерінде 
білінеді. Диплодиоз ауруына жүгерінің 
собығы, дәндері, сабағы, жапырақтары, 
тамырлары және ӛскіндері залалданады. 
Кесел сабақтың тӛменгі буын аралықтарында 
пайда болып, нәтижесінде сабақ сол тұстан 
сынады. Залалданған бӛліктер қоңырланып, бетін пикнидалар басады. 
Дертке шалдыққан собықтың тӛменгі бӛлігінен басталған ақ ӛңез оның 
орауышына түгел таралады. Қатты залалданған собықтар қыртыстанып 
жетілмей қалады. 
Ауру қоздырғышы – Deuteromycetes класының Sphaeropsidales 
қатарына жататын Diplodia zeae Lev. саңырауқұлағы (42-сурет). Домалақ 
немесе сәл басылған, қара-сұр түсті, диаметрі 350-500 мкм пикнидалар 
тығыз жіпшумақта немесе залалданған ұлпада түзіледі. Пикноспоралары 
сопақтау, тік немесе сәл иілген 1-2 перделі, кӛлемі 13-33 3-7 мкм. 


124 
Аурудың дамуына қолайлы жағдай – 28-30°С деңгейіндегі 
температура және жоғары ауа ылғалдылығы, әсіресе – жауын-шашын. 
Инфекция қоры – пикнидалар қыстайтын ӛсімдік қалдықтары, тұқым, 
топырақ. 
Ауру ӛте зиянды – собық пен тұқымның сапасын тӛмендетеді. 
1.5 Дәнді дақылдардың бактериалдық аурулары 
 
Жҥгері собығының бактериозы. Бұл ауру жүгері егілетін барлық 
аймақтарда кездеседі. Ауруға шалдыққан жүгері собығының бойында 
түзелген дәннің тӛбесінде ақшыл-сұр, сәл басылған дақтар болады. Дақтар 
кейін қыртыстанып немесе ойық жараға айналып дән тӛбесін тұтас басады. 
Орауыш жапырақтарымен толық жабылмаған собықтың жоғарғы 
бӛлігіндегі дәндер жиі залалданады Собықта 30-40 дана балауыз дән 
залалданып, ал қалғандары ауруға шалдықпайды (45-сурет). 
45-сурет. Жүгері собығының бактериозы: 
а – залалданған собық; б – кеселге шалынған жүгері дәні 
Ауру қоздырғышы – Bacillus mesentericus var. vulgatus Flugge 
бактериясы. Кеселді астық кандаласы таратады, ceбeбi бактерия негізінен 
олардың ағзасында тipшiлiк етеді. Жүгерінің гүлдеу, дән түзу 
кезеңдеріндегі ыссы ауа-райында ӛсімдікке мол су беру себебінен орауыш 
жапырақтар собықтың жоғарғы бӛлігін түгел қамтымай, дәндердің ашық 
қалуы және бактериямен залалданған астық кандаласының кӛп болуы 
аурудың дамуына жағдай туғызады. 
Кесел тұқымдық жүгерінің қоймада сақталуын, ӛнгіштігін 
тӛмендетіп, ауру тұқымнан ӛнген ӛсімдіктің ӛнім беру мүмкіндігін 
кемітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет