Хаттама №1
.
Барлығы-15 оқушы күні:
Қатысқан-15 оқушы
Күн тәртібінде:
1) Сынып белсенділерін сайлау
2) Мектеп формасы, мектеп ережесі,оқулықтардың ұсталуы жайлы
«Мектеп – мейірім мекені» Тәрбие сағаты
Тыңдалды:
1-мәселе бойынша сынып жетекшісі Ниеталы А.Б оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылында биік белестерді бағындыру айтылды. Өткізілген барлық шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болу. Сыныбымызға жаңадан келген оқушылармен танысу. Бір үйдің баласындай ұйымшылдыққа болу. Көмек керек кезде қол ұшын созу. Достығымызды нығайту жайында сөз болды. Мектеп ережелерімен оқушыларды таныстыру. Ол жөнінде мектептің мүлкіне тиянақты қарап, тазалықты және тәртіпті сақтау айтылды. Мектеп формасын сақтап үнемі киім жүру керек екені ескертілді. Берілген тапсырмаларды уақытында орындап, мектепішілік шараларға белсене қатысу керек екеніне тоқталдық. Мұғалімдердің рұқсатынсыз мектептен кетуге және сабақтан себепсіз қалуға болмайтыны жөнінде сөз болды. Сабақтың басталуы уақыты мен қоңырау ұзақтығымен таныстырылды. Мектепке сабаққа қатысы жоқ нәрселерді әкелмеуге тыйым салынды. Сабақ кезінде, қоңырау кезінде оқушы өзін-өзі ұстауы жөнінде де ескертіліп кетті.
Сынып белсенділері сайланды.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Атқаратын қызметі
|
1
|
Дүйсен Ілтипат
|
Сынып басшысы
|
2
|
Бейбіт Аяулым
|
Оқу секторы
|
3
|
Жанат Нұрболат
|
Спорт секторы
|
4
|
Әмірхан Күміс
|
Денсаулық секторы
|
5
|
Бұхантай Айша Алпамыш Аружан
|
Мәдениет секторы
|
6
|
Қуаныш Жасмин,Лес Жанерке
|
Гүл өсіруші
|
3-мәселе бойынша сыныппен «Мектеп – мейірім мекені» атты жалпы сыныптық сынып сағаты өткізілді. Мектеп әрбір жанның білім нәрімен сусындап,түлеп ұшқан ұясы екені түсіндірілді. Оқушылар өздері де өз ойларын ортаға салды.
Достарыңызбен бөлісу: |