Оқушыларды оқытуда қандай кедергілер бар және оларды қалай шешуге болады?
Мектептің басты міндеті - адамға өзінің болашақ өмірінің негізін салуға көмектесу, ол табысты және білім алушы үшін қызықты болуы керек. Мектеп оқушыларының жүйелі әрі толыққанды білім алуы мемлекет үшін маңызды. Осы ретте туындайтын мәселелердің шешімін табу мен белең алуына жол бермеу үшін жіті бақылауға алу қажеттілігі туындайды.
Оқыту барысында туындайтын мәселелердің бірсыпырасына тоқталып өтейін. Атап айтқанда, мектептегі білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы мұғалімдердің жеткіліксіз хабардар болуы; мамандандырылған сыныптарды жинақтау механизмінің жоқтығы; бейіндік оқыту мазмұнының дамымауы; оқу-тәрбие процесін толық ұйымдастыруға дайын болмауы; Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың дәстүрлі формаларының басымдылығы, оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланудың төмен пайызы; жаңа оқу-әдістемелік кешендерді әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі. Мәселені шешу жолдары да бар. Мектепте мұғалімдердің саналылығын ғана емес, кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмектесетін ақпараттық кеңістікті құру қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыра білу, жұптық, топтық тапсырмаларды әртүрлі формада ұсыну қажет. Оқушылардың ұсынысын ескеру, білім беру екі жақты процес, яғни оқытушы мен оқушы өзара тіл табысып, жұмыс істегенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.
Оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігінің төмендігі олардың қарсы әрекеттерінің, жаттығуларының жеткіліксіздігі мен тиімсіздігінен туындайды. Мұндай әрекеттерді ұйымдастыру мұғалімнің міндеті болып табылады. ұғалімнің өзі сабақта жұмыс істеп қана қоймай, оқушылар да өнімділіктен кем болмауы керек. Бала, әрине, материалды есте сақтай алады, содан кейін оны сөзбе-сөз қайталай отырып, оны тапсырады, бірақ мұндай оқытудан кейін адамда ештеңе қалмауы мүмкін. Мұндай білімнің есте сақталуы тым ұзаққа бармайды, тәжірибеде қолданылмайды. Сондықтан оқыту оқушылардың ойлау жұмысына бағытталуы керек. Сонда есте сақтау еріксіз және берік жүзеге асырылады және өңделген материалдың сақталуы әлдеқайда сенімді болады, ал оны жаңғырту сенімдірек, тәжірибеге бағытталған болады. Бұл жағдайда оқыту процесіндегі оқытушылардың жаңашылдық танытуы, тиімді әдіс-тәсілдерді пайлалануы іс жүзінде жүзеге асырылуда.
Ойымды қорытындылай келе айтарым, жаңартылған білім беру жүйесі оқытушылардың да, оқушылардың да жаңашылдыққа бет бұрып, нәтижелі оқу процесін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондықтан жоғарыда мен тілге тиек етіп өткен мәселелер мен кедергілердің алдын алып, шешу жолдарын тиімді қолдансақ нәтижеге қол жеткізер күннің ауылы алыс емес.
Достарыңызбен бөлісу: |