Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ойын арқылу арттыру
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ойын арқылу арттыру
2.2. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
2.3. Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекеттері
2.4. Баланың шығармашылық қабілетін ойын арқылы дамыту
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиететр тізімі
Кіріспе
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері -- мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті -- балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ойын арқылы арттыру
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Ойындар оқушылардың ой -- өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, оқушының өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, оқу-тәрбие ісінде оң жетістіктер береді.Үздіксіз оқыту процесінің барлық бөліктерінде танымдық қызметтің артуына байланысты жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады.Оқушының алған қарапайым білім қоры оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге жетелейді.Міне, осы аралықта әр пән бойынша алған білім заңдылықтарды біріктіре қорытындылай білетін бала зор табысқа жетеді.Сондықтан осы тұста әрбір мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда өзіне өте жоғары талап деңгейінде көрсете білуі басты мақсат.
Танымдық қызметті арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір сабақтың өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануSа болады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. Ойыннан басталады,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі -- ойын.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу жTне үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады.Біріншіден, оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады, бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді.Ең бастысы ол танымдық қызығушылықты қалыптастыратын жұмысты ұйымдастырушы болмақ.Сонымен бірге мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып бала талғамының білімінің артуына септігін тигізеді.
Осыған байланысты оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулуды сызба-нұсқа арқылы жүзеге асырамын:
Ұлттық танымдық экономика ғылымымен байланысты
Өзіндік
жүмыс
Топтық
жұмыстар
Зеттеу жұмыстарына баулу.
Шағырмашылық
жаттығулар
Танымдық
ойындар
Оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс
Экономикалық әдебиетке баулу.
Үйірме жұмыстары
Саныптан тыс іс-шара
Ұлттық танымдық экономика ғылымымен байланысты
Өзіндік
жүмыс
Топтық
жұмыстар
Зеттеу жұмыстарына баулу.
Шағырмашылық
жаттығулар
Танымдық
ойындар
Оқушының танымдық қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс
Экономикалық әдебиетке баулу.
Үйірме жұмыстары
Саныптан тыс іс-шара
Оқу материалының маңыздысын бөліп алу, дәлелдеу, үйрету оқушылардың маңызды ой қорытулар жасай алуына тәрбиелейді.Оқушыларды экономикалық зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы экономикалық теорияның мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік туады.Зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайында ұшырасатын танымдық қиындықтарды өз бетінше жеңу кейбір оқушыларға оңай соқпайтыны белгілі, өйткені, мұғалім ондай қиындықтарды жеңуге үлгерімі жақсы оқушыларды кеңірек тарта отырып, ұжымдық талдау арқылы бүкіл сыныпқа көмектесуге әрекет жасайды.Оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне мұндай бірлескен іс-әрекет тиімді әрі қонымды.Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сол сабақтағы тақырыптың негізгі мәселесіне оқушылардың өздері зерттеу барысында кенгендігі, экономикалық ережені өздері ашқандай сезімде болуы үлкен рөл атқарады.
Оқу үрдісін жетілдірудің негізгі тенденциясы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық белсенділігін көтеру болып табылады.Педагогика ғылымы тиянақты білім маңызына әсер етпейді, қайта оқушыларды оқытуға тәрбиелеу мен жетілдіру бағытында жаңа мақсаттардың рөлін айқындап береді.
Яғни;
oo білімді өз бетінше қабылдау қасиетін ұлғайту;
oo қисынды ой-тұжырым білігімен дағдысын, ғылыми ойлау тәлім-тәрбиесін кеңейту;
oo Экономиканы оқып-үйрену кезінде кездесетін барлық танымдық бастауларды өз бетінше пайдалануын қалыптастыру, атап айтқанда:мұғалім түсіндіруі кітап оқу, тапсырмаларды орындау, бақылау;
oo өз бетінше ойлануын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекеттері
Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекеттері бір-бірімен байланысты.Қабылдаушылық іс-әрекет оқушының дамуының алғашқы сатысы болып табылады және ол біртіндеп сатылап даму нәтижесінде шығармашылық іс-әрекеттерге айналып отырады.Есептерді шығару барысында оқушының шығармашылық ізденісін, тапқырлығын,зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал етеді.
Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың экономика пәніне қызығушылығын тудырудың жолдарының бірі-сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталығын және экономика тарихының элементтерін енгізе отырып, есептің мазмұнының тартымдылығын арттыру керек.Экономика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты есептер ойындар сабақ үстінде өзінің орынын табады.
Халықаралық сауда ойыны
Мақсаты:оқушыларға саңғы жылдары халықаралық сауданың күрт өсуін түсіндіру, халықаралық сауданың күнделікті өмірдегі әсері, экспорт, импорт ұғымдарын маңыздандыру.
Керекті заттар:дүниежүзі картасы, түрлі-түсті карандаш.
Үақыты:30 минут.
Ойын барысы:қатысушыларды бірнеше топқа бөлу.Әр топ 5-тауарды табу керек.Қағазға тауар атымен шығарылған елі көрсетіледі.Әр топ шығарылған елді (тауар) дүниежүзілік картадан көрсетуі тиіс.
Төмендегі тауарлардың Отаны қай ел?
1.Нестле - 9.Кока кола -
2.Шелл - 10.Боинг -
3.Чай Липтон - 11.Сони -
4.ЛОреаль - 12.Хенкель -
5.Филипс - 13.Фиат -
6.Найк - 14.Аспирин Байер -
7.ДЭУ - 15.Хонда -
8.LGЭлектроникс - 16.Адидас -
17.Сименс -
Кроссвордтан бастап шытырман ой-жұмбақтардың психологиялық, логикалық есептермен жаттығулардың құпия сырларына үңіліп олардың шығу тарихымен, өзіндік ерекшеліктерімен танысу, ой-өрісін кеңейтумен бірге қабілетін шыңдап, білім аясының артуына көмектеседі.Осындай танымдық ойындар бос уақыттың көңілді де мазмұнды өткізуді мақсат еткен үлкен-кішінің жол серігіне айналады деп ойлаймын.
Үлкен кроссворд
1.Тауар шығарамыз, яғни бізде ... .. бар.
2.Кәсіпкерлік, іс, экономикалық қызмет, ... ...
3.Жеке кәсіпкерлерге белгілі бір еркіндік дәрежесін ұсынатын экономикалық жүйе - ... ... .
4. Иесі пайда аламын деген үмітпен ... ... құрады.
5.Акция иелері ... .. алады.
6.Коммерциялық фирма құрып, пайда алу үшін оны жұмысын басқаратын адам - ... ... ...
7.Оны жақсы көрмейді, бірақ онсыз мемлекетте ақша болмайды ... ...
8.Жеке иадам иелігіндегі заттар - ... ...
9.Тауарлардың елге әкелінуі мен елден тыс жерлерге шығарылуын ... ... . реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |