Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы
Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ХАЙЫРЛИЕВА ГҮЛНӘР СЕРІКҚЫЗЫ
Сабақтың тақырыбы: Д.Қасенов «Адалдық».
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашуға негіз жасау, қолайсыз жағдаяттың алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірі – адалдық екенін ұғындыру.
Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу, қорытынды жасау, салыстыру, пысықтау, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау дағдыларын дамыту, өзінше ойлау, сөйлеу мүмкіндігіне еркіндік беру.
Тәрбиелігі: Өмірдегі қарама-қайшылықтар мен жағымды-жағымсыз деген түсініктерді ажыратып, баға беру арқылы адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқу құралдарын дайындау.
2. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері» \бір-біріне жақсы тілек айтады\.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
1-қатар
|
2-қатар
|
3-қатар
|
3 оқушы мәтінді жалғастыра отырып, әңгімелейді
|
Беріктің қылығына өз көзқарастарын білдіру
|
Мәтінді қандай мақал-мәтелдермен түйіндеуге болады
| -
Мұғалімнің қорытуы: Өмірде адам бойында өкіндіретін кейбір жаман әдеттермен қатар, жақсы қылықтарда (қасиеттерде) көп кездеседі.
ІІІ.Мағынаны тану. 1. – Олай болса, адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап көрелік.(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Топтастыру стратегиясы.
қайырымды Ақылды дарынды
Жақсы қасиеттер
ынталы достық лайық алғыр
-
Ал енді сағат тілінің бағытымен әр сөздің басқы әріптерінен сөз құрап оқиық.
-
Адалдық.
-
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы шытырман оқиғаны баяндайтын, мектеп өмірінен көрініс беретін шығарма Д.Қасеновтың «Адалдық» мәтіні.
-
Мәтінмен жұмыс:
-
Мәтінді кідіріспен оқу: Орыс тілі сабағы еді...5000 теңгелік...... шыға келді.
-
Әрі қарай балалар не істеуі мүмкін? (Өз ойларын ауызша айтады).
-
Қарай гөр мұның адалын....... өткен сабақты сұрауға кірісті.
-
Әрі қарай оқиға қалай болуы мүмкін? (Өз ойларын дәптерге жазбаша жазу).
-
Міне, мұндай шытырман оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма дейміз. Яғни бұл шығармада үш баланың мектеп өміріндегі басынан өткен бір оқиғасы әңгімеленеді.
-
Сөздік жұмыс.
-
Оқулықпен жұмыс: бірлескен оқу.
1-қатар
|
2-қатар
|
3-қатар
|
Мәтіннің басын оқиды
|
Рөлге бөліп оқу
|
Мәтіннің соңын оқиды
|
ІV. Ой толғау.
-
Балалар біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-
Әңгіме неліктен «Адалдық» деп аталған?
-
Осы шығарманың негізгі түйіні, айтайын деген ойы не?
-
Жалпы адалдық деп, адал болу деп нені айтуға болады?
-
Осы мәтінге сай қандай мақал-мәтелдер айтуға болады?
Пайда ойлама, ар ойла.
Ақ жүрген адам азбас.
Адалдық - өмірден де қымбат.
-
Олай болса, бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен түйіндесек:
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Балбұлақтай мөп-мөлдір, таза болғым келеді.
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау. Үш ұлды сипаттап жазу.
VІ. Бағалау.Мадақтау
Достарыңызбен бөлісу: |