«Кинометафора» әдісі Оқушыларға интерактивті тақтадан салауатты тамақтану дағдылары туралы видео көрсетіледі. Оқушыларға видеоны мұқият тыңдау қажет екендігі ескертіледі. «АШЫҚ МИКРОФОН» айдары арқылы тыңдалым материалы бойынша сұхбат жүргізу.
ОЙ
Тамақтан соң неліктен өзіңізді нашар сезінуіңіз мүмкін?
Қандай өнімді тұтынбау керек?
Трансмайлар қандай ауруларды қиындатады?
Тұзды шамадан тыс қолданса қандай ауруларға апарады?
Тәттіге әуестік неге әкеледі?
Тамақтанған кезде қандай ережелерді сақтау керек?
«Ой қозғау» әдісі Берілген суреттерге қарай отырып, тағам түрлерін атап шығады. Балалар, нақыл сөздерді оқып шығайық
«Ой қозғау» әдісі Нақыл сөздердің қасына суреттегі тамақтарды топтастырайық. Май, бешбармақ, нан, кәмпит, салат айран, күріш, қаймақ, балық, жеңіл сорпа
Таңғы асты тастама –
2. Түскі тамақ – күшті тамақ – 3. Кешкі асқа қарама –
«Түскі тамақ» өлеңін оқу Түскі тамақ өлеңінің авторымен таныстыру Ертай Ашықбаев 1956 жылы Ақтөбе облысы Теміртау ауданыБабатай ауылында туған. Балаларға арналған «Ашық сабақ», «Жақсы баға» жәнет.б өлең жинақтары бар. «МИҒА ШАБУЫЛ» әдісі: Ас мәзірін құрастыру
Таңғы ас
Түскі ас
Кешкі ас
Сергіту сәті: Жемістер мен көкөністер Балалар жемістер мен көкөністерді екі себетке ажыратып салу керек Тұжырымдамалық әдісі: «Ас – адамның арқауы» деген тақырып бойынша сөйлемдегі тірек сөздерді тауып қолдану арқылы сөйлемнің негізгі ойына сәйкес келетін сөздерді табуарқылы ойыңды тұжырымдап мәтін құрастыр Ас атасы – нан. Нанда күш көп болады. Тіршілік үшін тағамның маңызы зор. Тағам ағзаның өсуі үшін қажет. Ол денеге күш беріп, адамның қуатын арттырады.
Кері байланыс «Күнбағыс» әдісі. Мақсаты: Жаңа тақырыпты пысықтау, түйінді ойларды бекіту.
Қолданылуы: Оқушылар постерге күнбағыстың суретін сала отырып, ортасына тақырыпты, гүлдің әр бөлігіне өзекті ойларды, жапырақтарына қорытынды ойларын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды Үйге тапсырма: «Түскі тамақ» өлеңін жаттау