Каримова бибигуль жумашовна ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірибе және ұлттық үлгі



бет1/17
Дата08.02.2020
өлшемі0.79 Mb.
#447944
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Каримова Б.Ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ Қолжазба құқығында




КАРИМОВА БИБИГУЛЬ ЖУМАШОВНА

Ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірибе және ұлттық үлгі

6D050400 Журналистика

Философия докторы (PhD)

Дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші филология

ғылымдарының докторы,

профессорБ.Ө.Жақып

Шетелдік кеңесшіPhD,

профессорЭ.Фридман (АҚШ)


Қазақстан Pеспубликасы
Алматы, 2019


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................3-9
1 ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨРІНІСІ...........................................10-69
1.1 Экологиялық мәдениет қалыптастыру негіздері.....................................10-21

1.2 Қазақстан мен Шет елдердегі экологиялық білім беру жүйесі. Экологиялық журналистика мәселелері........................................................22-41

1.3 БАҚ дискурсындағы экологиялық ақпараттарға контент талдау…….41-69

2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ МЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ………....70-131
2.1 Отандық және Шетелдік тәжірибедегі ортақ траекториялар. Семей полигоны: ядролық қауіпсіздік мәселелері............................................... 70-98

2.2 Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы халықтық педагогиканың ролі………………………………………………………..100-108

2.3 Ұлттық болмыс: адам және табиға үйлесімділігі...............................108-131


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................132-136

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................137-140

ҚОСЫМША..............................................................................................141-151

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Экологиялық мәселелердің туындауының себебін зерттеуші ғалымдар халықтың санының көбеюі, өндірістегі қарқынды технологиялық мүмкіндіктермен байланыстырады.

Айналаны таза ұстаудың негізгі ұстанымдарының бірі – қалдықсыз технологиялық процестерді енгізуді арттыру болып табылады. Осындай технологияларды қолдану нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы азайып, тіптен шикізаттан шыққан қалдықтарды қайта өңдеуге мүмкіндік бар. Табиғаттың азамзат үшін өлшеусіз пайдасын табиғат қорғаушылар ғана емес қоғам болып, бүкіл аймақта бір деңгейде жоспарлы жұмыстар жүргізілсе нәтиже берері қақ.

Кез келген елде адамның қолымен жасалатын жағдайлардың туындауына байланысты өзара бірлестіктерін күшейту міндеттері қойылған. Осыған орай әлемдік деңгейде экологиялық мәселелерді бірлесе шешуге зор күш жұмсалуда. Қазақстан да бұл үрдіске белсене атсалыса отырып, өзге де мемлекеттермен белсенді ынтымақтастық орнатып отыр.

Экологиялық мәселелердің туындауына адамның ықпалы орасан зор.

Кез-келген адамның табиғатпен байланысы, табиғатқа деген қамқорлығы, өзге де ізгі қасиеттері болғанда, әрі ол қасиеттерді жастайларынан бойларына сіңіре білгенде, адамның өзі өмір сүретін ортасына деген экологиялық білімі кеңейеді.

Адамның экологиялық мәдениетінің қалыптасуына қабылданған, жүзеге асырылып жатқан түрлі заңдық құжаттардың да маңыздылығы зор, ықпалы басым.

Кез келген халық өзінің мәдениеті мен өркениетінің дамуы барысында рухани мәдениеттің дамуына баса назар аударады. Мәдениеттің дамуы қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның өмірі мен тұрмысына жаңа серпін әкеліп, тың әлеуметтік жағдай қалыптастырады. Әлеуметтік жағдайдан халықтың тұрмысы, өмір сүріп отырған ортасы, ортаның экологиялық күйі көрінеді.

Әлемдік деңгейде шиеленісіп тұрған қазіргі экологиялық жағдайлардың шешілуі бүгінгі таңда асамаңызды саяси институт болып табылатын мемлекеттік құрылымға тікелей байланысты. Мемлекет ең алдымен күн тәртібіндегі өзекті экологиялық мәселелерді жылдам, әрі тиімді шешуге болатын заң тұрғысынан белгіленетін құжаттарды дайындау, қоршаған ортада болатын өзгерістерді үнемі бақылау мен қадағалау жұмыстарын жүргізу, түрлі кезеңде болатын төтенше жағдайлардың алдын алу міндеттерін белгілейді.

Көптеген елдерде экологиялық саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдағы барлық ақпарат пен хабарламалар осы ақпарат құралдары арқылы таратылатыны белгілі.

Қай кезеңде болмасын мәселен сонау қазақ публицистикасының бастау көзі болып табылатын мифтік шығармалар, фольклорлық негіздегі ауыз әдебиеті үлгілері мен билердің шешендіксөздерінде де өзі өмір сүріп отырған ортасына деген үлкен жауапкершілік сезімнің болғандығы байқалады.

Қоршаған орта мәселелері, табиғатты қорғау мен сақтау туралы айтқанда әр ұлттың өзіндік діні, танымы, ұлттық болмысының маңызы зор. Мәселен, қазақ халқында табиғатты қастерлеу мен табиғатты терең ұға білу, табиғат пен адам арасындағы байланыстың үзілмеуіне негізделетін түрлі ырымдар мен тиымдар, дәстүрлі тәрбие негіздерінің түптамырынан нәр алады.

Табиғатты қорғау, қоршаған орта тазалығы, суды пайдалану ретін білу, өрт жағдайларының алдын алу, жайылымдарды да жылдың мезгілдік ерекшеліктеріне орай пайдалану, өмір сүру дағдыларын қалыптандыру ең маңызды шара болды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталатын, әрі заман талаптарына сай өзгеріп, жаңартылып отыратын экологиялық мәдениет негіздерін түрлі шет елдер тәжірбиесін де бағамдай келе қазақ халқының болмысындағы табиғатты танудағы өзіндік қасиеттерімен өзара салыстыра отырып көрсету.

Күнделікті қоғамда орын алатын түрлі бағыттағы мәселелерді халыққа сауатты жеткізе білу мен құлақтандыру БАҚ-қа, журналист біліктілігіне қойылатын талаптардың негізгілерінің бірі. Осындай талапқа сай болу жағдайында ақпараттық кеңістіктегі БАҚ өкілдерінің білімін жетілдіріп отыру септігін тигізеді. Бұл дегеніміз өзіндік пайым жасай алуға жол ашады.

Экологиялық тәрбие беру білім алу тұрғысынан да, тәжірбиелік мақсатта да негізгі, әрі бастапқы болып қала береді. Жанұядағы берілген табиғатты құрметтеуге бағытталған кешенді жұмыстар ғана адам бойында табиғатты қорғау мен сақтауға негіз бола алады.

Зерттеу жұмысы барысында экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыруды қалай насихаттап, осы бағытта жүргізіліп жатқан шетелдік тәжірибелерге ден қойдық. Бұл жұмыстың заманауи қажеттіліктерге ие, әрі өзекті болып табылатындығын танытады.

Зерттеу нысаны. Ақпарат кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары.

Зерттеу пәні. Экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдарын көрсетуде отандық және шетелдік тәжірбие және ұлттық үлгі негізге алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Отандық және шетелдік деңгейдегі экологиялық мәселелерді қарастыруда бұқаралық ақпарат құралдары жетекші орынға ие.

Алға қойылған мақсатқа жетуде төмендегідей міндеттер қамтылған:

– Отандық және шетелдік ақпарат кеңістігінде экологиялық мәселелерді ашып көрсету;

– экологиялық мәселелер көрінісін сипаттауда экологиялық мәдениеттің қалыптасуы мен кезеңдік дамуының ерекшеліктерін көрсету;

– қазақ халқының тәрбие берудегі өзіндік ерекшеліктері арқылы адамның экомәдениетінің қалыптастыру үлгісін ұсыну;

– экоматериалдардың берілуіне талдаулар жасау;

– экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру бағытында отандық және шетелдік негіздемелерге сүйене отырып, өзара тәжірбие алмасу арқылы ортақ траекториялы түйісетін тұстарын көрсету, салыстырмалар жасау;

– ұлттық танымдағы табиғатқа деген сүйіспеншілік пен көзқарастардың қалыптастыру.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Экологиялық мәселелерді түрлі бағыттарда қарастырушы : А.Құрманбаева, Ғ.Майкотова, Н.Т. Жұртбай, Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева, Қ.Олжай, Л.В. Передельский, В.И. Коробкин, О.Е. Приходченко, Дж.Н. Якубов, М.А. Маслов, A.Hansen, L.Lester, C.LLaMay, E.E.Dennis, D.Sachs Jeffrey, J.Norman зерттеу еңбектері негізге алынды.

Зерттеу әдістері. Диссертацияны жазу барысында салыстырмалы, тарихи-салыстырмалы талдау, жүйелеу мен сандық көрсеткіштер негіз етіп алынды.

Қарастырылған мәселелерді жүйелей қарастыру тәсілі арқылы зерттеу аясы жинақталып, тұжырымдалды.

Салыстырмалы әдіс арқылы шетелдік және отандық БАҚ материалдары өзара салыстырыла бағамдалды.

Ал сандық талдау (контент) көрсеткіштері арқылы экологиялық мәселелерге қандай деңгейде көңіл бөлініп, оған қоғам мүшелерінің назарының қандай екендігі байқалады.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Экологиялық материалдар мен деректемелер .

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

– Ұлттық және халықаралық деңгейлерде экологиялық саясатты әзірлеу және іске асырудағы кешегі мен бүгінгі медиакеңістікте жүргізіліп отырған кешенді мәселелердің ортақ траекториялары анықталды;

– Нақты сандық көрсеткіштерді беру арқылы БАҚ дискурсындағы (телевизия, газет, радио, интернет портал) экологиялық мәселелерге контент талдау жасай отырып, қажетті тұста шетелдік БАҚ-қа да сараптама жасалды;

– Білімді, тәрбиелі жеке тұлғаның қалыптасуында мәдениеттің ерекше саласы экомәдениетін қалыптастырудың алғаш рет моделі ұсынылды.

– Экомәдениетті ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық негіздерді басшылыққа ала отырып, ұлт дүниетанымы мен тәрбиеге қатысты танымдық әдістері алғаш рет ғылыми бағытта бірізді ұсынылды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы мен практикалық мәні. Диссертациялық еңбектің теориялық-практикалық маңызы зерттеу барысында талданған ақпарат құралдарындағы экологиялық ақпараттардың берілуі мен контент талдаулар арқылы салыстырма жасалуы, шетелдік тәжірбиені сипаттай отырып, ұлттық негізімен астастыра тұжырымдалуымен де арта түспек.

– Қоғамды экологиялық мәселелермен ақпараттандыруда БАҚ-тың ролі айырықша айқындауда:

– экологиялық бағыттағы саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелерге;

– экология тақырыбында материалдар әзірлеуде салыстырмалы талдаулар жасауға;

– түрлі деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша ұйымдастырылатын түрлі бағыттағы іс-шараларға қосымша ақпарат беруші құрал ретінде;

– экологиялық зерттеу орталықтарына бағыт беруші ретінде;

– экология мәселелерін жан-жақты зерттеушілерге дереккөз ретінде қолдануына септігін тигізеді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Бүгінде қоршаған орта мәселелері өзекті. Әрі осы бағытта ушығып тұрған мәселелердің шешілуі мен оң өзгерістер жасалуына тіптен қоғамның әрбір мүшесі жеке адамның экологиялық сауаттылығының болуы маңызға ие.

– Экология ғылымының қолданыс аясы өте кең. Ақпарат құралдары арқылы табиғат сырларын түсінуге қажеттілік артуда. Экологиялық ақпараттар мен мәліметтер ғылымның кез-келген саласына шешім табуға бағытталады;

– болашақ журналистерге арналған «Медиа және ғаламдық экология мәселелері» пәнін енгізудің маңыздылығы зор;

– экологиялық мәселелерді беру мен экомәдениет қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары үлкен үлес қосады. Осы ретте еліміздегі ақпарат құралдарындағы материалдар көрсеткішіне салыстырмалы зерттеулер, сондай-ақ интернет порталдардағы экология тақырыбындағы бағдарламалар көрсеткішіне бағам жасалады;

– «Азаттық радиосындағы» экология тақырыбына арналған жаңалықтар көрсеткішіне (2016, 2017, 2018 жылдар) зерттеулер жүргізілсе, «Атамекен», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш Ана тілі» газеттеріндегі экология тақырыбындағы жарияланымдар санына контент талдау жасай отырып, орыс тілді «Central Asia Monitor», «Inform БЮРО Мегаполис», «Аргументы и факты», «Время» сынды басылымдар да назарға алынып, салыстырулар жүргізілді. «Семей таңы», «Atyray», «Ontustik QAZAQSTAN», «Атбасар», «Шу өңірі» аймақтық газеттеріндегі экологиялық мәселелердің жарияланымына назар аударылды;

– БАҚ дискурсына контент талдауда нақты сандық деректемелерді беру арқылы ақпараттың дәлдігі көрінеді;

– елімізде белең алып отырған кез-келген экологиялық мәселе ғаламдық экологиямен астасып жатады, осыған орай Қазақстан мен шетелдік экология мәселелерін алға қоюда өзара тәжірбие алмасулар, әрбір елдегі (Ресей, Германия, АҚШ т.б) экологиялық шаралар, белгіленген нақты жұмыс бағыттары, ғаламшардың экологиялық мәселелеріне арналған заманауи фильмдер қатары т.б) көрсетілді;

– жеке адамның экологиялық мәдениеттін қалыптастыру үлгісі экологиялық тәрбие мен біліммен қатар біртұтас ұлттық қасиеттерге негізделеді;

– табиғатқа деген ұлт болмысындағы қасиеттерден табиғат сырын ұғыну ерекшеліктері көрінеді.



Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы. Диссертант жұмысты жазу барысында түрлі отандық және шетелдік деңгейдегі басылымдарда, сонымен қатар халықаралық ғылыми-теориялық және тәжірбиелік конференцияларда баяндамалар жасады. Барлығы 9 ғылыми мақала жарық көрді. Жарияланған мақалалар қатары скопус (Scopus) базасына енетін нөлдік емес, импакт-факторы бар халықаралық ғылыми басылымда 1 мақала, ҚРБҒБ Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті бекіткен тізімге енетін журналдарда 4 мақала, отандық,шетелдік халықаралық конференциялар басылымдарында 3 мақала, шетелдік халықаралық журналдарда 1 мақаланы құрайды.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында алдын-ала талқыланып, сараптамадан өтті, қорғауға ұсынылды.



Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 OТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК МЕДИА КЕҢІСТЕГІ ЭКOЛOГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ КӨРІНІСІ


    1. Экoлoгиялық мәдениет қалыптастырудың негіздері

Ғылымда «Мәдениет» сөзі жиі ұшырасады. Бұл ұғымға берілген анықтамалар қатары да көптеп кездеседі. Өткенге шегініс жасасақ, «қайта өрлеу» кезеңінде «мәдениет» түсінігі білім ретінде қарастырылды. Сонымен мәдениетті барлық адамзатқа тиесілі, оның ілгері эволюциялық дамуына жағдай жасайтын әмбебап құбылыс ретінде танимыз. Мәдениет – адамзат қарым-қатынастарының бір бөлшегі. Мәдениет – адамның ішкі (рухани) құндылықтарын да танытады. Адамның жандүниесінде көрініс беретін рухани мәдениет әлеуметтік-мәдени өмір сүру кеңістігінде этикалық, психологиялық ерекшеліктерді де байқатады. Мәдениет – адамның ішкі өзін-өзі реттеу тәсілі болғандықтан, ол түсіну, тану, бағалау сынды психологиялық мотивациялар арқылы жүзеге асады. Бізге білінбейтін адамның «туа біткен мәдениеті» болады, ол адамның ішкі рухани тыныштығын, тазалық, адамгершілік және экологиялық сипатын қалыптастырады. Қазіргі мәдениеттің үлгісі қалалық негізді басшылққа алады, ал басқа халықтардың жетістіктері оған қосалқы бөліктері ретінде енді. Осыдан шыға отырып, дүниежүзілік мәдениетке тұрмыстық мәдениеттің түрлерін (азық, киім, аспап, мекен-жай), бос уақытты толықтырудың түрлерін (туризм, спорт, қызықт әуестіктер), әлеуметтік мінез-құлық үлгілерін жатқызуға болады. Адамдар мәдениет арқылы өздерінің әртүрлі ортада өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Сондай-ақ мәдениеттілік көптеген адамдарды ортақтастырып, сезімдері мен ойларының, жалпы болмысының мазмұнын құрайды.

Мәдениетті құрылымдық тұрғыдан қарастырудың негізінде «ұластырушы» белгілері жатады және соған сәйкес әлемдік және ұлттық мәдениет болып бөлінеді.

Мәдениет уақыт пен кеңістікте адамдар тобын бірлестіреді, адамдарды біртұтас адамзат өрісіне біріктіреді, мүмкін оларға болашақтағы өміріндегі әлемдік жүйеде экологиялық, атомдық жойқын апатқа ұшыраудағы рөлін алдын ала айқындай алады.

Мәдениет – адам жасаған орта, әрі оның табиғатпен қатынасы күрделі. Сондықтан мәдениет арқылы адамның қоршаған ортамен белсенді байланыста болуы заңдылық. Мәдениет - жалпы алғанда адамның рухани өмірінің, әрі адамдардың ішкі жандүниесі көрінісі.

Қоғамдағы әрбір адам қоршаған ортасының қалыптастырған немесе тәрбиелеген нысаны ғана емес, қоғамды жетілдіруге, ішкі белсенділігімізді арттыруымыз қажет.

Мәдениет – халықтарды, белгілі бір әлеуметтік топтарды, тіптен мемлекеттерді біріктіреді, топтастырады. Мәдениеттің бірлігі мемлекеттіғ беріктігінің көрсеткіші. Мәдениет рухани түрі материалдық мәдениетпен әрқашан байланысты.

Әлемдік дамуда мәдениеттердің бірігуі біршама нығайған, олардың бір-бірімен өзара араласуы, өзара әсері күшейуде. Алайда ғылым мен техника жетістіктері, бұқаралық ақпарат құралдары, ұлттық тағамдардың дайындалу әдістері, сән мен үлгілердің ағымдары мемлекеттік шекарадан асып, мәдениет топтары мен қауымдастықтарды бөлетін қалқандарды бұзуда. Интернет әртүлі мәдениеттерді бір тұтастыққа түзуде. Әрине, мәдениеттердің айырмашылықтары бүгінгі күнде де сақталады, бірақ негізгі мақсат олардың бұл айырмашылығын жою емес қайта сол әртүрлілікті біріктіру.

Бүгінгі таңда экологиялық мәдениет түсінігінің бір жақты қалыптасқан анықтамасы жоқ, өйткені оған көпқырлылық тән. Американдық ғалым Нейл Смелзер сенімді, құндылықты, көркемдік құралды, мәдениет түсінігінің анықтамасының символы ретінде қарастырады. Экологиялық мәдениет құндылықтардың, нормалардың, тәртіп стандарттарының жиынтығы болып табылады. Экологиялық мәдениет – адамдардың қылықтарын, олардың қоғамға және табиғатқа қатынастарын реттейді деп көрсетеді. Ал, ағылшын ғалымы Энтони Гидденсте: «Экологиялық мәдениеттің құндылығы адамдардың, кейбір топтардың жасаған нормаларынан, өмір талаптарынан пайда болған идеялардан тұрады. Жоғары құндылық ретінде абстракциялық идеал жатады, ал нормалар болса, олар адамдардың өздері өмір бойы орындайтын, рұқсат етілген немесе етілмеген принциптер мен ережелерінің жиынтығы». Жалпы мәдениет терминін кездестіргенде, оның ішкі мазмұнын, білімнің қай саласына жататындығын анықтаған жөн. Ал, экологиялық мәдениет ұғымының ғылыми әдебиеттерде берілген кейбір анықтамаларын мына тұрғыдан қарастыруға болады:

1.Терминологиялық тұрғы – мәдениет ұғымын тек қана теориялық анықтамалар қатарына жатқызумен шектелмейді. Әйтсе де оны көрсеткен жөн. Жалпы ғылымдық, гуманитарлық әдебиеттерде «микроорганизмдер мәдениеті», «техника мәдениеті», ауыл шаруашылығында қолданатын «мәдениет» терминдері сияқты ұғымдарды пайдалану кеңінен орын алған.

2. Сипаттамалық – бұл жағдайда мәдениеттің көрінуі, оның элементтері қарапайым тұрғыда аталынып кетеді, мыс, салт-дәстүрлер, сенімдер, әртүрлі карекеттер және т.б.

3. Антропологиялық-археологиялық – мәдениетті адам карекетінің рухани нәтежиелерінің «заттық» және мінез-құлықтық ізі қалған жиынтығы тұрғысында қарастырады. Бұл, табиғат әлеміне қарсы тұрған жасанды түрде жасалған заттық әлем, яғни екінші табиғат. Жалпы табиғат өмірінен, адамзаттың қоғамдық өмірінің айырмашылығын қамтитын адам болмысының барлық жағы. Яғни, антропологиялық тұрғыда – мәдениет, белгілі бір тарихи жағдайларда адамдардың барлық жасағандарын, табиғаттан өзге барлық болмысын қамтиды.

4. Этнографиялық – «этнос» - кейбір топтың мәдени ұқсастықтың барлығына меңзейді, белгілі бір этносқа тән: материалдық міндеттерді, рухани мәдениетті жатқызады.

Мәдениет – бұл менталды мінезділік (сананың – адамның сыртына, өзіне, өзінің рухының түбіне бағытталуы). Мәдениет қоғамға және тұлғаға адами мағынаны енгізуге мүмкіндік береді. Яғни мәдениетті болу – бұл «қолдан келтіру». Көптеген заттарды қолдана білу, ғасырлар бойы қалыптасқан құбылыстарды, бүгінгі актуалдылықты өз күйінде және өзі арқылы көре білу.

Оның өзі басқа бір мәдениеттің бөлігі болып келеді және ол өзге мәдениетті зерттей отырып, әр уақытта өз мәдениетінің символдарымен және мәндерінің тілімен тұрақты түрде ара қатынасын белгілеп отырады. Сондықтан біз тіпті өз мәдениетіміздің ішінде болғанының өзінде де біз онымен тұрақты диалогта болып отырмыз.

Сонымен, барлық қарастырылған анықтамалардың өзіндік орыны бар, олар әрбір мәдениеттің маңызды жақтарын көрсетеді. Десек те, ол анықтамалардың уақытын көрсетуге болады және әрқайсына өзіндік принципиалды жетіспеушіліктер де тән. Әрине бұл анықтамалар өзара бірін бір жоққа шығармайды бірақ оларды тізбектеп қоса бергеннен де ешқандай позитивтік нәтежие бермейді.

Мәдениет адамдарды біріктіріп, ақыр соңында бүкіл адамзаттың біртұтас екендігін түсінуге бағыттайды.

Экологиялық мәдениет – әлеуметтік ортаның әртүрлі топтарының өзіндік қызметтері, деңгейлері, құрылымды құрушы элементтері арқылы дараланатын әлеуметтік-мәдени болмыс. Экологиялық мәдениет ұғымымен қатар қолданыстағы экологиялық апат терминінің де ауқымы кең. Табиғи капиталдың жұтаңдалуы, ауыз судың ластануы, азық-түліктің құнарсызданып сапсыздануы экономиканың алдыңғы орынға шығуынан пайда болады. Экологиялық дағдарыс – адамның белсенді әрекетінің нәтижесінде пайда болатын қайтымды күй болса, экологиялық апат – қайтымсыз құбылыс (мысалы, қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы т.б). Табиғат жаратылысына ұшқан құсқа, жүгірген аңға, өктемдік танытып қаскөйлік жасаймыз.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті «Тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы, жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі сынды ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерін атап көрсетеді» [1].

Табиғатқа деген қатерлерді алдын-ала болжап, міндетті түрде шешу жолдарын табу қажет, олай болмағанда экологиялық апатқа алып келуі әбден мүмкін. Бұл тұрғыдан қоғам тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес.

Осы орайда жаһандық жылыну үрдісінің әлемдік қаупі жөнінде ғалым Ғ.Майкотованың пікірін келтіре кетсек: «Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр. Осыған орай, халықаралық қауымдастық 1980 жылдан бастап ғаламдық жылыну мәселесіне назар аудара бастаған болатын. Атмосфера ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі плюстердегі мәңгілік мұздарды еруіне алып келген. Соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астын да қалады деген қауіп айтыла бастады» [2, б.118].

Шығындарды болдырмау, қадағалау және сақтандыру, болжау қызметтерін атқаратын экологиялық мониторингтің де ықпалы зор. Соңғы он жылдықта бүкіл әлемде экологиялық мониторинг жасауды жүйелі қолданысқа енгізу дәстүрі қалыптасқан. Аталмыш терминнің қолданысы мен қызметі турасындағы анықтамада: «Мониторинг – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру, болжау мағыналарын бере отырып, бақылау, болжау, бағалау жасауды кешенді жүйесі ретінде қолданысқа ие. Нақтырақ айтсақ, қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың ықпалынан өзгеруін болжау, бағалау, бақылау жүйесі» [3].

Мониторинг термині 1972 жыл арнайы қоршаған орта туралы жиында «бақылау» ұғымына қосымша ретінде пайда болған. Мониторинг арқылы бақылаулар жүргізу биосфералық қорықтарда да болады.

Ал геоэкологиялық мониторинг экологиялық жүйелердегі өзгерістер мен олардың мөлшерін, пайдасын өзге де түрлі көрсеткіштеріне бағам жасайды.

Сонымен қатар табиғаттағы жаһандық ірі өзгерістерді байқайды, кез-келген қоғам мүшесінің тіршілік әрекеті барысында болатын биосфераның және барлық географиялық қабықтың өзгерістерін болжайды.

Ал ұлттық мониторинг кез-келген мемлекеттегі қалалардың және сол елді мекендердегі түрлі өндіріс орындарының экологиялық ахуалын бағамдайды.

Халықаралық мониторинг бірнеше локальдық жүйенің жиынтығын құрайды. Мұнда зерттеу обьктісі мемлекеттің территориясы болып табылады. Бұдан кейінгі сатыда ғаламдық мониторинг тұрады. Бірқатар халықаралық мониторингтік жүйелер өзара бірлесіп, тұтас ғаламдық мониторгтік (БҰҰ бағдарламасына сәйкес) жүйе жасайды. Бұл жүйеде бағалау әлемдік деңгейде жүреді [3].

Табиғатта жүргізілетін мониторинг белгілі бір бағдарламадағы қойылған мақсат пен міндеттер арқылы іске асады. Олар: қорғауға алынған обьектілер жиынтығы; белгілі бір аймақтың өзгеру көрсеткішінің жиынтығы мен әртүрлі экологиялық процестердің өзгеру жиілігі жатады.

Бүгінде экологиялық мәселелер әмбебап планеталық сипатқа ие болады. Сондықтан қоғамның тұрақты дамуына көшу қоршаған ортаның қажетті сапасын сақтау, ұлтаралық, қарулы және басқа да қақтығыстарды жою, лаңкестік және басқа да ұқсас құбылыстарды болдырмау үшін шешімін таппақ.

Сондықтан, кез-келген қоғамның тұрақты дамуының кепілі оның қауіпсіздігі екені белгілі. Ол бір жағынан саясаттың нысаны болса, екінші жағынан – оның бағыттылығын, маңыздылығын және нәтижелілігін іске асырады. Жаһандық көлемдегі экологиялық қауіпсіздік жеке бер халықтардың қауіпсіздігінің мәселелерін тұтастай алып қарастырады.

Кез-келген мемлекеттегі адамның ұлттық қауіпсіздігіне негізгі қауіп-қатерлер басты нысанда болады [4].

Бүгінде экологиялық қауіпсіздіктің алдын-алу әрбір Қазақстандықтың болашағына, денсаулығына, өмір сүру дағдыларына ықпал етеді.2003 жылы елімізде экологиялық мәселелер Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың нұсқаулығымен және 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығы негізінде 2004-2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігінің жаңа тұжырымдамасы бекітілген. Бұл ұлттық қауіпсіздіктің мәселелеріне арналған.

Аталған тұжырымдамада (Қазақстан Республикасының 2014-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы) ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бөліктерінің бірі экологиялық қауіпсіздік екені айтылған [5].

Қоршаған ортадағы адамдардың өз ортасына деген жаупкершіліктерін арттырудың мәні зор.

Әрі қазақстандық әрбір азаматтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, экологиялық ахуалы турасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Жолдауында да баса айтады [6].

Экологиялық қауіпсіздік пен орнықтылық бүгінгі қазақ елінің саяси бағыттарының аумағында да қарастырылады. Мұндағы экологиялық қауіпсіздік шаралары ұлттық және аймақтық деңгейлерді қамтиды. Сондай-ақ, қоршаған ортадағы өзекті мәселелерді шешу мемлекеттік саясат, экономика сынды бағыттарды есепке алуды қажет деп біледі.

Бүгінде қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғи қорлардың азайып кетуі сынды жайттар жеке адамдардан бастап бүкіл бір мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіруші факторлардың бірі ретінде атап көрсетілуде. Мәселен, ХХ ғасырдың соңына таман бұзылған экожүйелердің 63,8% аумақты қамтиды деген мәліметтер В.И.Данилов-Данильян, К.С.Лосев сияқты орыс ғалымдарының зерттеулерінде кездеседі [7].

Демек, табиғи жүйелердің қорғалуы ең алдымен жеке адамның қоғамдағы түрлі табиғи келеңсіз жағдайлардан сақтануы мен сақтауын, қоршаған орта мен адамдар арасындағы өзара байланысқа негізделеді.

Қоғамда белең алып отырған экологиялық қылмыстардың да толастамауы алаңдаушылық туғызады. Оның экологиялық қылмыстарды тудыратын өзіндік жалпы да, арнайы себептері бар.

Табиғатқа қастандықтардың молдығы және табиғи шығындардың өздігінен қалпына келуі жайындағы тұжырымдардың болуы, айналаға зиян келтіретін жағдаяттарға ден қоймау сонымен қатар адам мен табиғат арасындағы өзара байланыс турасындағы қабылданған ережелерді шектен тыс бұзу сынды факторлардың ықпалы болатыны сөзсіз [9].

Бағамдағанымыздай қай кезеңде болмасын мәселенің туындауы адам және адамның іс-әрекеті нәтижесінде болатыны белгілі. Адам – биологиялық тіршілік иесі. Адам – табиғаттан пайда болып соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, соңында табиғаттың заңдылығымен өмірден өтеді. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзі өзгерте алады.

Адам мен табиғат бірлігінің танымдық түпнегізі жайында Е.А.Стерлигова «Экологическая психология» атты еңбегінде айта келе «История экологических представлений людей уходит корнями в глубокую древность. Знания об окружающей среде и характере взаимоотношений с ней приобрели практическое значение еще на зареразвития человеческого вида. Опыт наших далеких предков постоянно обогащался ипередавался из поколения в поколение, помогая человеку в егоповседневной борьбе за жизнь. В эпоху ранних цивилизаций Междуречья, Египта, Китая стали предприниматься первые попытки упорядочить процесс познания и взаимодействия с природой на научной основе» - деп атап өтеді [10, с.6.].

Көпшілікке мәлім, адамдар табиғатты өзгерте отырып, жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Бұл турасында М.А. Маслов: «Адам дамуына қоршаған ортаның ықпалы мен оның әлеуетін көтеру күрделі мәселе екендігін айтады» [11].

Ғылыми зерттеуге үлкен әсер еткен ХХ ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта» түсінігі болды. Күнделікті жалпыға мәлім қағида – адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, әрі таза болуы адамға тікелей байланысты.

Адам экологиясы ғылым саласы ретінде зерттеулерге арқау болады. Қоғамдағы адамдар бірінен-бірінен уақыт, кеңістік, болмысы, әрекеті жағдайында ерекшеленеді. Тіптен жас ерекшеліктеріне, мәдениеттілігінің деңгейіне қарай да дараланды.

«Экология человека – это наука, изучающая закономерности взаимодействия человека как биосоциального существа со сложным многокомпанентным окружающим миром, с динамичной, постоянно усложняющейся средой обитания, проблемы сохранения и укрепления здоровья» [12, с.11].

Бізге мәлім, дүниенің орталығындағы адамның өмірге деген пайымдаулары, білімі, ұғымы, тәлім-тәрбиесі қоршаған ортаға тікелей байланысты қалыптасады. Мұндағы қоршаған ортасы балабақшадан бастап түрлі білім ошақтарындағы өзіндік жетілуге байланысты білім алатын орта. Адам осы ортада өсіп-жетіліп, айналасына әрекет жасау арқылы ықпал етеді. Кейде адамның іс-ірекеті экожүйені бұзуы, жойып жіберу немесе бейімделмеген жаңа түрлерді енгізуі де мүмкін.

Аталған экологиялық жүйелер туралы ұғымға мынадай мәліметтер келтірілген: «экологиялық жүйе туралы алғаш рет 30-ы жылдары А.Тенсли (1934) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз туралы ұғымға 1944 жылы Н.Сукачев (1880-1967) анықтама берді. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы ұғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады.

Тіршілік иелері мен оның тіршілік ету ортасында экологиялық жүйелер қалыптасады. Экологиялық жүйелер кейде бір-бірінен жеке болса кейде екі экологиялық жүйенің арсы бір-бірімен байланысып жатады. Экологиялық жүйенің мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады» [13].

Бүгінде төменде көрсетілген адам әрекеттері арқылы жағымсыз факторлар орын алып отырғандығы турасында жиі айтылып жүр. Олар:



  • Мұнай мен көмірдің жануынан пайда болған қышқылды жаңбырдың

жаууы;

  • Синтетикалық химикаттардың топырақ пен мұхиттарға енуі;

  • Орманды кесудің салдарынан топырақ, аңызға желдердің жиі болуы;

  • Мұнайдың төгілуі;

  • Шектен тыс балық баулау.

Осындай әрекеттер нәтижесінде «адамның табиғатқа мұқият қарауына» деген көзқарастарға елеулі өзгерістер еніп, әлемдік өркениеттің экожүйесінің жетістіктерін түбегейлі қайта қарастыруға бет бұрғанын байқауға болады. Демек, адамның қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтуге деген қажеттілік бар.

Қоршаған ортадағы аса бір өзекті болып отырған ауаның ластануы мәселесі. Ауаның ластануына тікелей әсер ететін зауыт, фабрикалардан шығатын зиянды қалдықтар. Шаруашылық әрекеті қоршаған ортадағы ең алдымен ауаны ластауда. Дегенмен адам шаруашылық әрекетінде ақыл мен еңбек арқылы қоршаған ортаға ықпал етеді. Сондықтан кез-келген адам ең алдымен айналасына тигізетін зардапты ескеріп отыруы қажет.

Әлемдегі экожүйелерге адам өзінің іс-әрекеті арқылы қатысады. Ол тікелей экологиялық ахуалға байланысты: «Жаһандық көлемдегі экологиялық жағдайлардың азаю немесе көбею көрсеткіші арқылы экологиялық мәдениет деңгейі танылады. Салыстырмалы түрде алғанда экологиялық мәдениет тың мәселе, қазіргі кезде оның өзекті болуы адамзаттың жаһандық экологиялық дағдарысқа ұшырауынан» - деп түсіндіреді [14, б.17].

Кез келген елдегі табиғатқа деген қамқорлық елдегі экологиялық саясатпен тікелей байланысты деп есептелгендіктен, оның мәні де арта түсуде. Маңыздылығы – атқарылатын іс-шаралардың нәтижесінің болуында. Экологиялық мәдениет қалыптастыру көрінісі осы бағыттағы түрлі құжаттарда да орын алады. Сондай құжаттардың негізгілері – экологиялық кодекс болып табылады. Ол 2007 жыл 9 қаңтарда (N 212) қабылданған. Аталған заңдық құжаттармен таныс болу, соның ішінде елеулі зерттеулердің дамуын, соған орай қоршаған ортаның мониторингін жасаудың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері жолға қойылды. Осы аталған шараларды орындау мерзіміүш кезеңге білгіленген:

Бірінші кезең – 2004-2007 жылдар аралығы

Екінші кезең – 2008-2010 жылдар аралығы

Үшінші кезең – 2011-2015 жылдар аралығы [17].

Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы 2005 жылы бекілген болатын [18]. Экологиялық мәдениетті тұлға жасауда оның өмір сүру ортасын қолайлы жасау міндетін көздемек. Нақтырақ құжаттың бірнеше баптарына нақтырақ тоқтала кетсек: «Экологиялық білім беруде мамандардың біліктілігін арттырудың мақсаты және негізгі міндеттері» деген 181-бабында экологиялық бағытта білім берудің мақсаты, кез-келген адамның өмірге деген құлшынысы мен өзіндік қағидалары, аталмыш сала мамандарының біліктілік арттыруы сынды жайттар айтылады» [15].

Телебағдарламада елімізде арнайы қабылданған экологиялық кодекск туралы сөз етіп, бүгінге дейін 63 рет түзетулер мен толықтырулар жасалғаны айтылды. Өзгеріс негізінен «Улы газдарды ауаға жібермеу», «Ағынды суларды реттеу», «Қоғамдық тыңдалым өткізу», «Қалдықтарды сақтау және жою» сынды төрт бағытта көбірек жасалатыны айтылған. Бұл өзгертулер дүниежүзілік ынтымақтастық және даму ұйымының талаптары негізінде және әлемдік тәжірибедегі қолданыстағы заңнамалар негізінде екені айтылған болатын [16].

Осы аталған кодекс баптарын негізге ала отырып, Қазақстанда экологиялық мәселелерге қатысты шаралар жан-жақты іске асырылып отырғандығын көруге болады.

1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң қабылданған болатын. Экологиялық мәселелердің жоспарлануы мен жүзеге асырылуымен де сабақтас.

Экология ғылым ретінде биология, химия, физика, математика, философия, әлеуметтану, саясаттану, ақпараттық технологиялар және басқалар сияқты дамыған ғылым ретінде дамыды. Табиғаты бойынша бұл кешенді интеграциялық ғылым. Сондықтан қоршаған ортаның мәселелерін оңтайлы шешу пәнаралық негізге негізделуі орынды.

Соған орай еңбектердің бірінде: «Экология обоснованно считается научной базой инженерной охраны окружающей среды. В последнее время получили распространение такие понятия, как «инженерня экология», и т.п. Под инжерной экологией мероприятий, направленных на сохранение качества среды в условиях растущего промышленного производства. Успешное решение экологических задач инженерными методами возможно лишь в том случае, если специалист владеет определенными знаниями в области экологии, позволяющими производство с экологических позиций, т.е. обладает необходимым каждому экологическим мышлением» - дейді [27,c.8].

«Для повышения эффективности экологического воспитания необходимо:



  • Дать ребенку вожможность ухаживать за растениями и животными;

  • Организовать мини экологические мероприятия: очистку родника, уборку мусора;

  • Самим родителям, самостоятельно пополнять и расширять свои биологические природоохранительные знания;

Часто показывать мультфильмы и детские фильмы в целяхэмоционального воздействия на уровень восприятия экологической информации» [22].

Оның адамның жеке қасиеттерін қалыптастыруда маңызы зор. «The program of formation of ecological culture, a healthy and safe lifestyle in accordance with certain standards – a comprehensive program of formation of students’ knowledge, attitudes, personal guidance and codes of ensure the preservation and strengthening of physical and mental health, as one of the valuable components that contribute to cognitive and emotional development learner achievement of the expected results of development of the adapted basic educational program of primary education.

Ecological culture – a way harmonize the natural and social development, in which the natural environment are conserved» [24].

Қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге қатысты атқарылатын іс-шаралар қатары адамзат мүддесін ескере отырып ойлаудың ерекше типін құрайды. Ол табиғи құндылықтарды тиімді пайдалануға және іске асыруға септігін тигізеді.

«Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы. Жердіңтабиғи ресурстарының шектелулігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдесістерді үдете түседі. Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарастарымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек»-деп атап көрсеткен болатын[1].

О.В.Макарова, О.В.Николаева «Экологическое мышление и экологическая культура в российском образовании» атты еңбекте: «Экологическое мышление – это такой образ мыслей, чувств и обсловненных ими действий, для которого характерны: убежденность во всех космоческих, геологических, биологических и социальных процессов; представление о неразрывной целостности природы и общества; высокий статус экологических ценностей, в первую очередь жизни; преодоление антропоцентризма и эгоизма по отношению к природе; чуство личной ответственности за будущее человечества и природы. Экологическое мышление включает в себя как сознательную, так и подсознательную составляющие» - деп түсіндіреді [25,c.81].

Бұл турасында экология саласындағы зерттеулердің бірінде: «Особое внимание при обсуждении экологической культуры заслуживает понятие экологическое сознание. Само определение экологического сознания весьма многогранно, поэтому дадим несколько различных трактовок.


  1. Экологическое сознание – составная часть экологического образования.

  2. Экологическое сознание – это то же самое сознание, ноимеющее свою

специфику, направленность, связанную со своеобразием отражения.

  1. Экологическое сознание – глубокое понимание неразрывной связи

человека с природой, зависимости благополучия людей, целостности природой среды обитания человека от антропогенных изменений среды жизни на Земле, выходящих за пределы адаптивных способностей человека как биологического вида.

  1. Экологическое сознание – это высший уровень психического

отражения природной и искусственной среды, своего внуттреннего мира, рефлексия места и роли человека биологическом, физическом и химическом мире, а также саморегуляция данного отражения» - деген [26,c.55].

Демек, жоғарыда айтылғандарда бағамдай отырып, экологиялық мәдениет қалыптастыру түрлі бағыттарда қызметке ие.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет