"Озат" ақпараттық технологиялар" мамандандырылған мектеп-
лицейі" КММ
2022-2023 оқу жылындағы қазақстан тарихы пәні бойынша білім алушылардың 10 «А» «С »сынып оқушыларының кіріс бақылау жұмыстарының
ТАЛДАУЫ
Бақылау жұмысының мақсаты: қазақстан тарихы пәні бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау, оқу жетістіктерінің деңгейін білу, 10- «А» «С » сыныпта өткен тақырыптар бойынша олқылықтардың орнын толтыру бойынша одан әрі жұмысты жоспарлау.
Бақылау жұмысының түрі: (жазбаша)І.Диагностикалық жұмыс
Пән бойынша өткен оқу жылдарының оқу бағдарламасындағы тақырыптар мен оқу мақсаттары бойынша диогностикалық бақылау жұмысы жүргізіледі.Ол үшін алдымен күрделі деген оқу мақсаттарын іріктеп алып, сол бойынша тапсырмалар әзірленді.
Бақылау бөлімінің мазмұны 10-сынып бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмалар қамтылды
Міндеттері: Білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағддарламасын жүзеге асыру.
- білім алушылардың үлгеріміне мектепішілік мониторинг жүргізу;
- білім алушылар үлгерімінің төмен болуына әсер ететін факторлар мен себептерді анықтау;
- пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру;
- білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жұмысты ұйымдастыру
Күтілетін нәтиже:
- білім алушылардың меңгеруі үшін қиындық туғызатын жекелеген бөлімдерді,тақырыптарды тереңдете отырып,қысқа мерзімді жоспарларды әзірлейді;
- оқуға ынтыландыратын әдіс тәсілдерді пайдаланады;
- білім алушылар қиындық туғызған тақырыптарды түсінеді;
- мұғалімдер және білім алушылар цифрлық ресурстарды белсенді пайдаланады.
Қазақстан тарихы пәні бойынша кіріспе бақылау жұмысының қорытындысы
Достарыңызбен бөлісу: |