Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан



Дата24.02.2024
өлшемі19.37 Kb.
#493083
свот талдау


Күшті жақтары:баланың анамнезінде құрсақтағы кезеңінде және туу кезінде ешқандай ауытқулар кездеспейді. Психофизиологиялық дамуы жасына сәйкес қалыпты дамиды. Моторлық дағдылары уақытында қалыптасады. Сөйлеу онтогенезінде кейбір ерекшеліктер байқалады. Көбнесе сөйлеу тілі ерте дамиды: алғашқы сөздері 10 айда, 16-18 айда фраза пайда болады. Аз уақыт мөлшерінде балалар фразаны қолданады, сөз қоры тез молаяды, күрделі сөйлемдерді айта бастайды.

Әлсіз жақтары: Сөйлеу темпі жылдам болады. Сөзде жалғау, жұрнақтарды айтпай кетеді, сөйлемде кейбір сөздерді тастап кетеді, грамматикалық қателер жібереді. Ондай балаларда итерация (тыртысусыз кідіріп, тоқтап қалу, қайталау) жиі кездеседі. Егер қалыпты дамыған балаларда итерация жайылма сөйлемнің қарқынды даму кезіне сәйкес келіп 2-3 аймен шектелсе, тұтығушы балада итерация көп уақытқа дейін созылады. Сонымен олардың ауызша сөйлеудің артикуляциялық механизмдері әдеттегіге қарағанда ұзақ уақытқа дейін функционалды жетілмейді.

Қауіптері: Тұтықпа байқалғанға дейінгі кезде баланың мінез құлқында әр түрлі ерекшеліктер (урейлену, жылауық, шыдамсыздық, ұялшақ т.б) байқалады. Кейбір балаларда 2-5 жаста қараңғыдан қорқу, невротикалық энурез т.б байқалады. Кейде тұтықпа байқалмай тұрып, кенеттен психикасының зақымдалуынан кейін балада мутизм (бірнеше минуттан бір тәулікке дейін) байқалады. Бала кенеттен сөйлемей қалады, бет әлпетінде үрей сақталып тұрады.

Мүмкіндіктері: Бұл топтағы тұтықпа балалардың ерекшелігіне, тыныш отырғанда немесе өзімен болғанда еркін тұтықпасыз сөйлейді. Ондай балалардың логопедиялық сабақта, аутогендік жаттығуларда, психотерапияның, гипноздың әсерінен экспрессивті сөйлеуінің әжептеуір жақсарғаны байқалады.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан


Педагогикалық Университеті
Тақырыбы:Невротикалық және невроз тәрізді тұтығудың салыстырмалы сипаты.

Оқу тобы:1901-21


Орындаған:Оразқұлова Ә
Қабылдаған:Сакулова А

SWOT талдау невротикалық түрі.

SWOT талдау невроз түрі.



Күшті жақтары: Анамнезінде жүкті кезінде токсикоз, туу кезінде асфиксия болғаны көрсетіледі. Физикалық дамуында аздаған кешеуілдік байқалады. Ондай балалардың зейіні тұрақсыз өздері ашуланшақ, тынышсыз келеді.

Әлсіз жақтары: Алғашқы сөздері тек 3-4 жаста пайда болады.Қарапайым фразалық сөйлеуі үш жасқа таман қалыптаса бастайды. Сөйлеудің кешеуілдеп дамуымен қатар көптеген дыбыстарды дұрыс айтпайды, сөз қоры баяу дамиды, сөйлеудің грамматикалық құрылымын толық меңгермейді. Тұтықпаның басталуы фразалық сөйлеудің қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді. Тырысу физикалық және психикалық шаршағанда, бала ауырған кезде күшейеді, бірақ сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болмайды.

Қауіптері: Клиникалық тексерулер ондай балаларда бас миының көмескі түрде органикалық зақымдалуын мидың моторлық жүйесінің зақымдалуының қалдық белгілерінің бар екенін көрсетеді. Артикуляциялық аппараттың қимылы біршама шектелген астыңғы жақтың, тілдің, еріннің артикуляцияның қалпын тез таба алмайды. Неврозға ұқсас тұтықпасы бар балаларға әртүрлі деңгейде сөйлеудің жалпы дамымауы байқалады фонетикалық фонематикалық жетілмеуі, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы.

Мүмкіндіктері: Бұл топтағы балалар қимылдағы жіберген қателерін өз бетімен түзете алмайды, сөзбен берілген нұсқаулар жеткіліксіз, оқыту процесінде міндетті түрде көрнекілік қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет