Денсаулық және психикалық денсаулық дегеніміз не
Денсаулық – бұл соматикалық, физикалық, әлеуметтік саулық қана емес, сонымен қатар психикалық саулық яғни, психикалық денсаулық.
Психикалық денсаулық адамның жалпы денсаулығының міндетті компоненті. Бұл:
- Біріншіден – жан-дүниесінің тұрақтылығы;
- Екіншіден – өзінің оптимальді міндеттерін орындау;
- Үшіншіден – даму траекториясы, яғни өзін-өзі жетілдіру
және өзін-өзі дамыту.
Психикалық ауру және оның критерилері
Психикалық ауру – бұл биологиялық, психикалық және әлеуметтік факторлармен шақырылатын ағза жүйесінде, мида, тұлғада болатын патологиялық бұзылыс.
Психикалық аурудың критерилері:
- Симптоматикалық критерий – арнайы симптомдар мен синдромдарда көрінетін психикалық ауру.
- Әлеуметтік критерий – адамның әлеуметтік және кәсіби бейімделуінің бұзылысы.
- Науқастың көмекке мұқтаждық критериі (медициналық, әлеуметтік, құқықтық).
Түйсік және қабылдау
Түйсік – сезім мүшелеріне әсер ететін ағзаның және қоршаған ортаның жеке белгілерінің психикалық көрінісі.
Түйсік – психикалық процесстің бірінші элементі. Оның көмегімен заттардың сапасы, жеке қасиеттері анықталады.
Қабылдау – сезім мүшелеріне әсер ететін жалпы материалды әлемнің заттары мен құбылыстарын бейнелейтін психикалық үрдіс.
Психикалық үрдістің дұрыс ағымы сезім мүшелері мен анализаторларының сәйкестік қызметіне байланысты.
Түйсік бұзылысы және түрлері
Анализаторлары бойынша: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, висцеральды, тактильды, температуралы.
Рецепторлардың орналасуы бойынша: экстрацептивті, проприоцептивті, интероцептивті.
Түйсіктің сандық бұзылыстары: гипостезия, гиперестезия, анестезия.
Достарыңызбен бөлісу: |