Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру министрлігі науайы мемлекеттік педагогика институты табиғаттану факультеті «география оқыту методикасы»


Өлкеміз табиғатын үйренуде экологиялық картаның маңызы



бет4/4
Дата27.06.2016
өлшемі475 Kb.
#160832
1   2   3   4

Өлкеміз табиғатын үйренуде экологиялық картаның маңызы

Бүгінгі күнде адамзат алдындағы мәселелердің бірі экологиялық мәселелер екендігі әр кімге сыр болмай қалды. Себебі қағамда болып жатқан өркендеу және жаңалықтар табиғат есебіне болып жатқандығы үшін онда әр түрлі өзгерістерді келтіріп шығаруда. Бұл өзгерістер жақсы және жаман болсын табиғатта өз ізін қалдырады. Адам және табиғат ортасындағы байланыстар нәтижесінде жүзеге келіп жатқан экалогиялық мәселелерді үйрену бүгінгі күннің негізгі талаптарының біріне айналды. Экалогиялық мәселелерді үйрену өлкеміз табиғатын үйрену менен байланысты. Дүние жүзі табиғатын үйренуден басталады дегендей-ақ, өз өлкеміз табиғатын, онда жүзеге келіп жатқан бар оқиға және жағдайларды қаншалық күрделі үйренсек, дүниені үйренуіміз сонша оңай болады. Ертеңгі күнімізге мүмкіншілік және де кенейеді.

Жалпы білім мектептері үшін өлкеміз табиғатын үйрену қанша қажет болса, ондағы экологиялық мәселелерді тереңірек үйренуді картасыз қиялдап болмайды.

Экологиялық карта өлкемізде бар экологиялық жағдайды көрсеткен, оларды көрсеткен айна есептеледі. Жалпы білім беру мектептері үшін қазірде бар экологиялық жағдайды көрсеткен карта Өзбекстан геграфиялық атласындағы “Табиғатты қорғау” картасы есептелінеді. Кейіншелік оны және де өркендетіп, қабырғада асып пайдаланатын ірі масштабты карта жарату уақыты келді деп ойлаймыз және төмендегі тақырып бойынша пікір жүргіземіз.

Бұл карта 1: 4 000 000 масштабда берілген. Карта кіші масштабты болғаны үшін бар экологиялық жағдай бірқанша жалпылама берілген, Соның үшін одан пайдалану мүмкіншілігі біраз шектелген. Картадан болса, кең көлемдегі мәліметтерді беру мүмкін.

Мысалы: Атмосфераның ластану дәрежесін типтерге ажыратуда республикамыздағы барлық қалаларды көрсетсе болады деп ойлаймыз.

Себебі стендті картаның масштабы бірқанша ірі болып, 1:1 000 000 масштабта берсе болады. Типтерге ажратуда 3 типке, биік, орта, төмен деп беріледі. Себебі, қазір өте дәрежеде қауіпті ластаушы өнеркәсіп қалалары күзетіліп жатыр. Биік ластанған қалалар Алмалық және Науайы қалалары, орташа ластанған қалаларға республикамыздағы ірі қалаларды күзету мүмкін. Мысалы: Самарқант, Ферғана, Ташкент сияқтылар. Ластану индексі төмен қалалар Терміз, Нурата сияқтылар.

Ағын сулардың ластануы дәрежесі атлас картасында берілгеніне қарағанда күрделірек беріп, ластану дәрежесінен қарап ажыратудан басқа оларды ірі қалалар айналасында арнаулы диаграммалар менен қандай элементтер менен ластану мөлшері де берілсе карта мазмұны ашылады. Ағын сулардың ластануын үйрену үлкен маңызды қажет етеді. Себебі, сусыз өмірді ойлау қиын. Бүгінгі күнде ағын сулар егіндерді суғару және өнеркәсіп қалалары шығындыларының есебінен әр түрлі элементтер менен ластануда.

Сиректесіп кеткен және жоғалу қаупінде тұрған өсімдік және жануарлар тізімін де атласта берілген қосымша түрлерге салыстырғанда Өзбекстан табиғи географиясы оқулығында берілген материалдар негізінде және де байытылса карта күрделірек шығады. Атлас картасы болса өз масштабы және алдына қойған мақсатына сай түзілген.

Табиғатта жүзеге келіп жатқан өзгерістер, әсіресе өсімдік және жануарларда күзетіледі. Себебі, тірі табиғаттың негізін олар құрайды. Бүгінгі күнде ландшафттардың күшті өзгеріуі нәтижесінде ондағы компоненттер де әр түрлі әсерлерге кездесуде, әсіресе тау және тау алды зоналарында өсімдік және жануарлар күшті сезіледі.

Оларды картаға бейнелеу менен бірге, картаның ашық қалған жерлеріне олардың суреттерін де берсек және де картамыз жанды шығар еді. Себебі, өлкеміз табиғатында дунт белдеуінде маңызға ие болған жануар және өсімдік түрлері бар.

Мысалы: лола, жабайы алмұрт, жабайы әнжір, гепард, қасқыр және басқа бірнеше түрлері бар.

Картада экологиялық жағдай жамандасуынан келіп шығатын ауруларды түсіру де карта мазмұнын байытады. Бұл аурулардан да мәлім аймақтағы экологиялық жағдайды білу мүмкін. Аурулардан сары ауру, өткір ішек аурулары, өт, терлеме, сіл аурулары экологиялық жағдай менен байланысты.

Мысалы: Кейінгі жылдарда кең тарқалып кеткен іштерлеме ауруы Тажікстан Республикасы мен шегаралас уалияттар аймағында тарқалғанын картадан көру мүмкін. Бұған Самарқант, Сұрхандария уалияттарының кейбір аудандарын кіріту мүмкін.

Экологиялық жағдайдың кескіндік дәрежесін суреттеуде де атлас картасынан айырмашылық еткен және күрделірек беруі зарур. Яғни типтерге ажыратуда қанағатталады. Орташа тең - деп ажыратудан басқа қауіпті деп ажырату да мүмкін. Себебі, қауіпті дәрежеде экологиялық жағдай бар болған жерлер де өлкеміз табиғатында бар. Бұған Арал бойы аймағы мысал бола алады.

Стендті экологиялық карта масштабы, атлас картасына салыстырғанда үлкенірек болғаны үшін оған жаңалық және қосымшаларды және де көбірек кірітіп оны байыту қажет. Бұның үшін қосымша диаграмма, график реңді суреттерді көбірек кіргізу керек болады. Диаграммалардан ағын сулардың ластануы дәрежесін арнаулы жылдар бойынша көрсету мүмкін. Арал теңізінің майданының қысқарып баруы атлас картасындағыға салыстырғанда еңейтіп беру мүмкін.

Әр он жылдықта 1960 жылдан бастап өзгерістер көрсетіліп берілсе, карта мазмұны және де мәліметтерге бай болар еді.

Экология табиғаттың барлық жақтарын қоршап алғаны үшін өте күрделі көп тармақты система. Оны үйрену де соның ішінде, картасын түзу де өте үлкен білім және тәжрибе талап етеді. Сонымен бірге ол кейінгі оқушыларға арналған, түсінерлі болуы керек.

Мектептерде экологияны үйрену үшін бүгінгі күнде көргізбелі құралдар дерлік жоқ екендігін есепке алған түрде оны баспаға дайындауды қанша тез жүзеге асырсақ, бір мұнша үлкен жетістікке еріскен боламыз. Жалпы алғанда стендті экологиялық карта жарату үшін барлық мүмкіншіліктер және мәліметтер жетерлі екендігін есепке алған да оны жарату дәуірі келді, деп ойлауымыз мүмкін. Бұған мектеп партасында отырған оқушы ертең талапкер, кейіншелік болса Отанымызға қызмет ететін жетік маман иесі болады.

Олардың пікірлеуі кең және жетік болуы жан-жақтама бізге де байланысты. Өлкеміз табиғатының бір бөлегі болған экологияны үйрену, табиғатты үйренуде қанша маңызды қажет етсе, экологиялық картаның да ролі сонша үлкен болуы мүмкін.




3.2.География сабағы барысында оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың кейбір мәселелері.
Мектеп табиғи география курсы жер жүзі табиғаты оның әр түрлі болу себептері, табиғи орта және ресурстардың шаруашылық қызметіндегі мәселелерді ашып беруде үлкен рол атқарады. Мектеп табиғи географиясында оқушыларға Т.Х.К. ны ғылыми негіздеп беру міндеті қойылған. Сол себепті де табиғи географияның жетекші түсініктерін географиялық қабық, табиғи – географиялық комплекс, табиғи байлықтар, табиғи жағдай, адам және табиғаттың бір – біріне әсері сияқтылардан тұрады. Оқушылар міне осы түсініктерге салыстырғанда ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, табиғи география сабақтарында айрықша орын иелеу керек. Әсіресе, географиялық қабық және оның бөліктері адамның шаруашылық қызметі менен табиғат ортасындағы байланыстарды сипаттап және мысалдар жәрдемінде ашып беруі шарт. Әр түрлі аймақтар мысалында халықтың табиғатқа әсері не үшін бір – бірінен айырмашылық етуі туралы білімді оқушылар терең иелеуі шарт. Оқу материалының мазмұны оқушыларда дүниетанымын қалыптастыратын дәрежеде болуы керек. Табиғи географиялық объект және құбылыстарды мектеп жағдайында үйрену бір – біріне байланысты болған 3 бағытта алып барылуы мақсатқа сай болады.

1. Географиялық қабық және оның бөліктері.

2. Объекттің көрнісі және мекенде жайласуы

3. Уақыт өтуі менен объекттердің өзгерісі.

Жоғарыдағыларды ажырату шартты болып негізінен “табиғат және адам қатынасы ” идеясын қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Философиялық түсінік көрінісі және мазмұн мөлшері сапасы, құбылысы, кездейсоқ және қажеттілік, шындық, мектеп табиғи географиясында да бар. Бірақ себеп және уақыт және мекен, әрекет, сияқты диалектик категориялары географияда біраз кең қолданылады.

Адам және табиғат идеясын түсіндіруде адам шаруашылық қызметінде табиғаттың маңызын бағалаудан келіп шығып жанасу шарт. Бұнда оқушылар адам табиғатқа араласпастан еш лажы жоқ деген қорытындыға келуі керек. Себебі табиғат адамға жасау үшін қажет болған барлық нәрселерді азық – түлік, құрылыс материалдары өнеркәсіп өнімдерін береді.

Бұндай жанасу табиғи географияның бастауыш табиғи географиясы курсынан басталады. Оқушылар Т.Х.К бөліктеріне адам қай дәрежеде әсер етуін, жасап тұрған жерлері мысалында, әсіресе жақсы көреді. Өзбекстан табиғи географиясы курсында болса Республика аймағындағы әр бір Т.Х.К мысалында адамның табиғи жағдайы және байлықтарына шаруашылық жағынан баға беру менен танысады.

Оқушыларда ғылыми дүние қарасты қалыптастыру тынымсыз еңбек негізінде жұмыс алып баруын талап етеді. География тәлімін сондай ұйымдастыру керек табиғат және шаруашылықта пайда болып жатқан оқиға және құбылыстар байланыста, әрдайыым өзгеруде және өркендеуде екендігін әр бір оқушы пысықтап иелеуге назар аударуы керек.

Географиялық қабықта болып тұратын құбылыстарды оқушылар бағалай алуға ерісуі керек. Мектеп географиясында оқушылар дүние қарасын қалыптастыратын идеялар мыналар.


  1. Дүниенің барлығы

  2. Диалектик қатынастар

  3. Қазіргі заман шаруашылығы және табиғаттың бір бүтіндікте өркендеуі

  4. Табиғи жағдай және ресурстардан үнемді пайдалану.

  5. Халық тұрмысын және қажетті талаптарын алуда табиғатқа зиян жеткізбестен жүзеге асыру.

  6. Істеп шығарушы күштерді ақылға сай жайластыру.

  7. Халықаралық экономикалық үйлесімділік.

  8. Өзбекстанның дүниедегі барлық мемлекеттер менен экономикалық байланыстар орнатуы.

  9. Шаруашылықты жайластыруда табиғаттың маңызы және оның уақыт өтуі менен өзгеруі.

  10. Географиялық орталық шаруашылықты өркендету және жайластыру жетекшілік етпеуі.

  11. Оқушыларға география сабақтарында еңбек тәрбиесі және еңбекке мухаббат сезімдерін қалыптастыру.

  12. Отанымызға, табиғатқа сүйіспеншілік және басқалар.

Демек жоғарыдағылардан соны айтуымыз мүмкін, мектеп географиясы мазмұнында философиялық, экономикалық, экологиялық саяси және географиялық мазмұндағы идеялар бар. Оларды сабақтарда бір – бірінен ажрату сапалы нәтижелер бермеуін көптеген тәжрибелерде дәлелденген.

Өзбекстан табиғи географиясын, мектеп географиясы тәлім тізімінде, тәлім-тәрбиенің маңызы үлкен болып, оқытудың өзіне тән әдіс және формаларында баян етіледі. Өзбекстан табиғи географиясында оқушыларға табиғат компоненттерінің бір – біріне байланысы және әсерінен жүзеге келген табиғи жағдайлар туралы түсініктер береді. Сонымен бірге оқушыларды табиғат және оның байлықтарын үнемді пайдалану үшін теориялық білім алуға жағдай жаратады.

Өзбекстан табиғи географиясы Орта Азия табиғи географиясынан кейін үйреніледі. Мұнда үйреніліп жатқан материалдар Орта Азия және Өзбекстанды бір-біріне салыстыру менен бірге үйреніледі. Өзбекстан табиғи географиясын үйрену үшін негіз болатын білімдер, бастауыш сыныптарда табиғаттану курсында үйренілген, бұл жерде жыл мезгілдерінің табиғатта өсімдік және жануарларда болатын өзгерістер, табиғат құбылыстары арасындағы байланыстар, өлке табиғаты жөніндегі алғашқы білімдер беріліп табиғат әлеміне саяхат ұйымдастырылады. Бұндай оқушылар өлкеміз рельефі түрлерін, пайдалы қазбалар, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі туралы түсінікке ие болады. Табиғи географияда өлке туралы кеңейтіріп құрлық және су бетінің біркелкі емес жылуы, жоғарыға көтерілген сайын температураның төмендеуі, бұлт және жауындардың жүзеге келу себептері, Өзбекстанда жыл мезгілдерінің өзгеруі ауа – райының өзгеруі, судың адам қызметіндегі маңызы, құрлық бетін жабушы жыныстар, табиғат компоненттері және олар ортасындағы байланыстар, Өзбекстандағы биіктік белдеулері және табиғатты қорғауға байланысты бастапқы түсініктер менен танысады.

Табиғи географияны үйрену процессінде географиялық қабық туралы білімдер кеңейтіріледі. Материктер және мұхиттар географиясында аласа таулардың пайда болуы, сыртқы күштер әсерінде жемірілуі, платформалар барқандар және басқа жағдайлар жөніндегі білімдер беріледі.

Сондай-ақ климат және оны пайда етуші факторлар менен таныстырылады. Кейін Орта Азия географиясында сағаттық белдеулер, геологиялық сандар, платформалар, жер бетінің полегеографиялық өркендеуі. Күн радияциясы, атмосфера фронттары, циклон және антициклон, булану және ылғалдылық коэффиценті, өзен аңғарлары, жер асты және жер үсті сулары, топырақтардың пайда болу түрлері, табиғат байлықтарынан пайдалану және оларды қорғау түсініктеріне ие болады және картографиялық проекциялар, географиялық жағдай және объекттердің картада бейнеленуі, геологиялық, тектоникалық, сеноптик карталар және солар бойынша жаттығулар орындалады. Табиғат жағдайларын күзету Өзбекстан географиясында үлкен маңызға ие. Өзбекстан табиғи географиясының Орта Азия табиғи географиясының құрамдас бөлігі болып, Өзбекстан табиғи географиясы үйреніліп жатқанда мемлекетіміз табиғи жағдайында басқа мемлекетке, яки дүние жүзінде ғылыми негізде үйреніледі. Мұнда оқушылардың пікірлеу қабілеті дамып, практикалық көнікпелер пайда болады.

Өзбекстан табиғи географиясында оқушыларда ғылыми дуниетанымды қалыптастырып, эстетикалық және шығармашылық қабілетін дамыту сияқтыларды өз ішіне алады.

Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру республикамыз табиғи жағдайын үйренуден басталады. Оқушылар географиялық қолданбалар: тау жыныстары, рельеф бейнелері, жер асты және жер үсті сулары, өсімдік және жануарлар әлемінің бір – бірімен байланыста болуына өз ара әсер етіп, табиғи жағдайды пайда етеді. Мысалы: Өзбекстан жерінде батыста тегістіктер, шығыста таулар көп. Бұдан басқа тауға шыққан сайын температура төмендейді, жауын көбейеді, өсімдік, климат, топырақ өзгереді. Өзбекстанның географиясын үйренуде оқушы табиғи жыныстар, құбылыстар үздіксіз өзгеріп тұруына сенім пайда етеді.

Бұған жыл мезгілдері уақтында тау жыныстарының жемірілуі, су әсерінде аңғарлардың жүзеге келгендігі, аллювиал тегістіктердің пайда болуына алып келеді. Рельеф, пайдалы қазбаларға үйреніліп жатқан тектоник түзілулер де әсер етеді. Өзбекстан табиғи географиясында Отан сүйгіштік идеялары сіңдіріледі. Табиғатты қорғау Отанды қорғау дегені.

Өзбекстанның климатын үйреніп жатқанда, суларды таза сақтау, үнемдеу менен пайдалану, топырақ, өсімдік, жануар дүниесін қорғау шаралары менен таныстырылады. Табиғат қойнауында болғанда біз табиғатта дем аламыз. Сабақта табиғат көріністерін суреттелген кино және диафильмдер көрсету, музейге бару, оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастырады. Жалпы алғанда Өзбекстан табиғи географиясын үйренуде тәрбиелік жұмыстар жоспарланып алып барылса, оқушылардың адамгершілік идеяларын қалыптастыру жақсы жолға қойылады.


    1. География тәлімінде жаңа педагогикалық технологиялар.

Оқушылардың білім дәрежесін анықтау жолдары бірқанша. Бұлардан кең таралғандары: сұрақ- жауап, тақта алдында аузша яки жазба жауап, фронтал сұрау, бақылау жұмыстары, тест сұрақтарын өткізу менен білім дәрежесін бағалау және т.б.

Бұлардан басқа оқытушылар жағынан оқушы білімін сынаудың жаңа әдістері істеп шығылған болып, олар кезекпе – кезек алмастырылып қолданылып барылуы сабақ сапасын асыруда оқушылардың осы пәнге қызығушылығын оятуда негізгі фактор болып қызмет етеді. Мұныменен байланысты әдістер бір қанша педагогикалық журналдарда соның ішінде «халық тәлімі», «Биология в школе», «Химия в школе», «география в школе» сияқты журналдардың мұқабаларында тез – тез жарияланып барады.

Рейтинг сынау дәптершесі. Өтілген тақырыптар оқушылар жағынан қай дәрежеде өздестіріліп жатқанын тексеріп бару мақсатында география пәні бойынша мектепте оқушылардың білім және көнікпелерін есепке алып барушы “рейтинг қағазы” ұсыну мүмкін. Сыныптағы әр бір оқушы айрықша сынау дәптершесін тұтып, онда географияны әр түрлі тақырыптар бойынша түсініктер, әр бір тақырып бойынша тексерілуі шарт болған жазба, ауызша сұрақтар, практикалық жұмыстар қорытындысының бағаларын оқушылар сол дәптерге жазып барады.

Әрбір жаңа тақырыптағы түсініктер және заңдылықтардың оқушылар жағынан терең өзлестірілуі, олардың есінде сақталып қалуда, тек ғана ауызша жаттау көнікпелерінен пайдаланып қалмастан, балкі география дидактикасының жаңа дәстүрлі емес әдістерінен кең пайдаланылады. Олардан бірі таяныш конспект тізімі, оны терең анализдеу әдісі болып табылады.

Оның маңызы неде? Таяныш конспектте сурет жеке сөздер, кейбір сөздер формула және басқа түрдегі конспект жәрдеміндегі өтілген тақырыпты қысқа түсінерлі түрде сынып тақтасына белгілеуден тұрады. Жаңа тақырыпты өту барысында алдымен тақырып жетік түсіндіріліп беріледі. Кейін оқушылар тақырып материалдарын әр түрлі суреттер, қысқартпа сөздер, әр түрлі индекстер жәрдемінде белгілеп сабақты бір неше бөлімдерге бөліп үйренеді. Әр бір бөлімдегі негізгі пікір, түсініктер, арнаулы конспект жәрдемінде белгіленіп оқушыларға түсіндіріледі. Алдыңғы жаңа тақырып жөніндегі ауызша әңгімені есітіп, екінші мәрте оны конспект жәрдемінде пысықталғаннан соң оқушылар сабақтың өздестірілуі қажет болған ең негізгі түсініктерді біліп алады және төмендегілерге назар аударады.


  1. Теориялық материалдарды білу

  2. Тақырыптық карталарды салыстырып, олар ортасындағы байланысты орнату және түсіндіріп беру.

  3. Географиялық атамалар.

  4. Өлкетану

  5. Берілген суреттерде Өзбекстанның қайсы бөлігіне тиісті екендігін анықтау бойынша білім және көнікпелер пайда етеді.


Қорытынды
Республикамыз егемендікке еріскеннен соң жалпы білім мектептерінде алып барылып жатқан тәлім-тәрбие процесстері де бір мұнша өркендеп баруда. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде балалардың ойлау түсініктері қай дәрежеде дамып бара жатқандығы үлкен маңызға еге. Сондықтан егемендік жылдарында мемлекетімізде үздіксіз тәлім тізімі жаратылды. Бұл да жас ұрпаққа болған назардың жоғарылығынан болады.

Қазіргі күнде география саласында да бір қанша өзгерістер жүзеге келуде. Егемендікке еріскеннен соң жаңа оқулықтар басылып шығарылды. Бұл оқулықтар оқушыларда білім және көнікпелерді қалыптастыруда негізгі дерек болып қызмет етеді. Менің осы кәсіптік бітіру жұмысымда экономикалық – әлеуметтік география сабақтарында жазусыз карталардан пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін асыруға қаратылған.

Оқушылардың білімдерін асыруда саяси карталардың орны өте үлкен. Экономикалық карталар ойлау қабілетін, әсерлеуін, жеке пікірлеу сияқтыларға тәрбиелейді. География пәнін көргізбелі құралдарсыз және картасыз үйрену, оларға тән болған белгілерді біраз күрделендіреді. Карта және көргізбелі құралдар үйреніп жатқан объектке байланысты негізгі белгілерді өзіне топтастырған болуы керек. Бірақ карта арқылы қалаған географиялық объекттің географиялық орнына тән болған белгілерді ажырату және сол аймақтың ішкі ерекшеліктерін ажырату мүмкіншіліктері туылады. Көнікпе және тәжірибелер көп жағдайларда білім сапасын белгілейді. Тәжрибелер соны көрсетеді қай жерде оқушыларға жазусыз яки экономикалық карта менен істеу көнікпесі қалыптасса олардың жауаптары да карта менен байланысқан болады.

Кейбір оқушылар және талапкерлер жауаптарын күзету, география бойынша олимпиадаларда қатынасқан оқушылардың білімдерін анализдеу соны көрсетеді, олар экономикалық картадан білім дерегі есебінде пайдаланылады. Олардың берген жауаптары толық болып, бір мемлекеттің өнеркәсібі, табиғи жағдайы және шаруашылығын карта негізінде ашып бере алуы.

Оқушыларды келешекте өмірге дайындауда, істеп шығарудан, табиғаттан әр түрлі ғылыми әдебиеттерден экономикалық карталардан білімдерді еркін иелеуде карталар үлкен маңызға ие.

Сондай екен сабақтарда экономикалық карталардан пайдалануды кең жолға қою керек. Бұл бойынша кәсіптік бітіру жұмысымда толық мәлімет бердім.



П А Й Д А Л А Н Ы Л Ғ А Н Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р.


  1. И. А. Каримов. «Баркомол авлод Ўзбекистан таррақиётининг пойдевори». 1997 ил

  2. И. А. Каримов. «Тарихи хотирасиз келажак йўқ». Ўзбекистон 1998 йил.

  3. Мусаев Р. «Иқтисодий Ўзбекистан географиясини ўқитиш». Ўқитувчи. 1987 ийл

  4. Қурбонниёзов Т. «География талим методикаси». Ўқитувчи. 1993 йил.

  5. Г. Р. Асанов. М. Набиханов. «Ўзбекистон иқтисоди ва иштимоий географияси». Ташкент 1984 ийл

  6. Мирзалиев Т. «Картография». (марузалар матни) 2000 ийл.

  7. География дастури стандарти. 1999 ийл.

  8. О. А. Мўминов. «География дарси ва уларга хос хусусиятлар». Ташкент. 1980 ийл

  9. Ражабов А. А. «География дарсларида иқтисоди хариталардан фойдаланиш». Ўқув қўлланма. 2006 ийл.

  10. Қурбониёзов Р. Есжанов Г. «Географик маданиатни шакиллантириш». 1998 ийл

  11. Ю. К Бабанский. «Қозирги замон талими мактабида ўқитиш методикалари». Ташкент 1990 ийл

  12. Мактаб географияси дарсликлари 8-10 синифлар. «Ташкент». 2000 ийл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет