Өздігінен білімдерін толықтыру және оларды іс жүзінде кеңінен пайдалана білу



Дата07.12.2022
өлшемі17.42 Kb.
#466757
DOC-20220524-WA0124.


«Өркениет» медицна колледжі білім алушыларының іс-тәжірибеден өту кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері



  1. МЖМБС талаптарына сәйкес мамандығы бойынша терең теориялық білімдер мен практикалық дағдыларын меңгеруге, өз бетімен еңбек қызметін атқаруға дайындалу.

  2. Өздігінен білімдерін толықтыру және оларды іс жүзінде кеңінен пайдалана білу.

  3. Оқу жоспарларына және кәсіби білім беру бағдарламаларына сәйкес белгіленген мерзімде орындауға қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау.

  4. Практикаға кешікпей қатысуға міндетті.

  5. Үнемі өз мәдени деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану, рұхани және дене бітімін жетілдіруге ұмтылу.

  6. Сыпайы болуға және басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге.

  7. Сөйлеу және сыртқы мәдениетті сақтауға.

  8. Емдеу мекемелерде және қоғамдағы моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға. Мекеме қызметкерлеріне, қызмет көрсететін персоналға және келушілерге құрметпен қарауға. Бұзақылық, нормаға жатпайтын лексиканы пайдалануға жол бермеуге.

  9. Мекеме мүлкіне, құрал-жабдықтарына мұқият, жауапкершілікпен қарау және сақтау. Белгіленген тәртіпке сәйкес бүлінген және сындырылған жабдықтар мен мүлікті, мекемеге келтірілген шығынды өтеу. Білім алушылар пайдаланымына берілген құрал-жабдықтарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;

  10. Мекеме мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға,

  11. Мекеме ішінде, сондай-ақ оған іргелес аумақта тазалық тәртібін сақтау.

  12. Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау.

  13. Кәсіби практика өту кезінде медициналық ұйымдарда және емдеу мекемелерінде еңбек тәртіп ережелерін орындауға.

  14. Ұқыпты болу және әдемі сыртқы түрін сақтауға. Практикада тек арнайы киіммен - ақ халат және медициналық қалпақ, міндетті түрде екінші аяқ киімінің болуы. Мекемеде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты етіп ұстауға, ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырынған болу керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүруі керек;

  15. Практика барысында практика жетекшісінің айтқаны мен басқа да медициналық қызметкерлердің жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, жетекшісінің барлық тапсырмаларын орындауға, мекемеден шығып немесе кіру практика жетекшісінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады;

  16. емханаларда, ауруханаларда, кабинеттерде, оқу өндірістік практиканың өту кезінде тек ғана сабақ басшысы көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасын сақтауы керек, суретке, ұялы телефондарға суретке және бейне түсірілімге түсіруге тыйым салынады,емделушілерді суретке түсіруге,оларды әлеуметтік желілерге жариялауға;

  17. емдеу мекеме ғимаратында «қоңырау/жауап/смс» функциялыры бар мобильді құрылғыларды қоспағанда, интернет модульдерімен, фото-бейне камералармен жабдықталған мобильді құрылғыларды (ұялы телефондар, планешеттер, смартфондар, смарт сағаттар, және соған ұқсас басқа да құралғалар) пайдалануға шектеу қойылады;

  18. Мекеме және оның аумағында: - жарылғыш немесе тез тұтанғыш заттар, механикалық тозаңдатқыштар, аэрозолды және басқа да құрылғылар, жарылатын, сындыратын, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен (газ баллондарды) және қарудың басқа да түрлерін; - спирттік ішімдіктерді, есірткі, уытты заттар кез келген тәсілмен әкелуге және пайдалануға.

  19. Мекеме ішінде және жақын аумағында темекі шегуге.

  20. Мекеме ішінде және аумағында алкогольдік, есірткілік немесе құмарлық масаң күйде келуге.

  21. Мекеме аумағындағы орындарда қатты күлуге, әуен тыңдауға , себепсіз топпен жиналып отыруға, үзілістерде және практика аяқталғаннан кейін сырт және бас киіммен жүруге, -шулауға және әдепсіздік танытуға.

  22. Практика уақытында белгіленген режимін, жабдықтармен, құрал-саймандарды және қауіпсіздік техникасы ережелерін ұқыпты сақтауға. Мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз заттар мен түрлі құрал-жабдықтарды шығаруға тыйым салынады.

  23. Науқастарды тасымалдайтын лифтіге себепсіз, практика басшысының рұқсатынсыз қолдануға болмайды.

  24. жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерде және оларды ұзын етіп тағуға;

  25. қабырғаларға, мекеме мүліктеріне және басқа да орындарда қандай да бір жазу материалдарын жабыстыруға;

  26. қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани сипаттағы іс-шараларды өткізуге, ҚР заңнамасына қайшы, тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттауға;

  27. коридорлар мен сатыларда жүгіруге, басқа білім алушыларды итеруге, бір-біріне неше түрлі бұйымдар лақтыруға;

  28. діни киімдер киюге, ғибадатханалар ашуға және емдеу мекемелерде діни атрибуттар пайдалануға;

  29. емдеу кабинеттеріне сырт киімдермен кіруге болмайды (пальто, күртеше, плащ, бас киімдер және т.б.);

  30. практика барысында тамақ және сусын ішуге;

  31. өшпенділік, ұлттық және діни өшпенділіктерді қоздыруға жолданған іс-қимылдарды жібермеуге, ұлттық абыройды түсірмеуге;


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет