Өзендер мен көлдер номенклатурасы



Дата24.12.2023
өлшемі0.69 Mb.
#487813
inostrannie-yaziki

Өзендер мен көлдер номенклатурасы


Орындаған:Бурегеева Ақлима

Көл дегеніміз не?

  • Көл дегеніміз –жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс. Көл жазықта да, тауда да кездеседі. Көл орналасқан ойпаң – көл қазаншұңқыры деп атайды. Оның пайда болуына байланысты бірнеше түрлері бар.

Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru

Көл түрлері


Тектоникалық
Ескі арна
Қалдық
Бөген
Көл
Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru
Жанартаулық

Тектоникалық көлдер


Тау жасалу үрдісі кезінде пайда болған терең көлдер. Олардың пішіні ұзын болып келеді. Мысалы, Байкал көлі. Ыстықкөл, Зайсан.

Бөген көл


Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru
Тау опырылып, өзен аңғарын бөгеп тастаған кезде пайда болған көл. Мысалы, Үлкен Алматы көлі, Памирдегі Сарез.

Қалдық көл


Жер беті көтеріліп, теңіз тартылған кезде құрлықта қалып қойған көл. Мысалы, Каспий және Арал көлдері.

Ескі арна көлі

Жазық жерлерде өзендер өз бағытын өзгертіп, оның ескі иірімдері шағын көлге айналған.


Жанартаулық көл
Сөнген жанартаудың кратерінде пайда болған. Мысалы, олар көбіне Ява аралында, Камчатка түбегінде бар.
Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru
Жер бетінде өзендер көп.Олардың бірі жазықты бойлай кең жайылып,баяу ағады оны жазық өзені деп атаймыз. Екінші бірі тастан-тасқа секіре буырқанып,көбік шашып жатады,бұл- тау өзені.
  • Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтың шетінен,еріген судан алады.
  • Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп атадады
  • Өзен жер бетінен еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады.Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады.Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер оның саласы болып табылады.Ағыс бағытына қарап тұрғаныңда оң қол жағың –өзеннің оң жағасы,сол қол жағың –сол жағасы болады.Осыған сәкес салалар да оң және сол болып бөлінеді
  • Өзен көлге немесе теңізге барып құяды.Осымен бірге шөлді аймақта құмға барып сіңіп кететін өзендер де бар.Өзеннің құяр жері сағасы деп аталады.

Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru
  • Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды.
  • Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.
  • Өзен алқаптарын бір-бірінен бөліп жататын қыраттарды суайрықтар деп атайды.
  • Өзен арнасындағы қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
  • Жартас өзен арнасын кесе көлденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып сарқырама жасайды. Мысалы. Анхел - 1054 м, Ниагара, Виктория, т.б.
  • Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеруі ерекшелігін өзеннің режимі дейді

Су шоңғалдардың үстінде ақ көбік шашып, сарқырай ағады.Өзен су тек шоңғалдардан өткеннен кейін ғана баяулап ,қайтадан бір қалыпты аға бастайды.Егер жартас өзен арнасын кесе –колденең алып жатса,су одан төмен қарай құлай ағып Сарқырама жасайды.
Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы сол өзен ағып өтетін жер бедеріне байланысты. Мысалы , Жоңғар алатауынан басталатын Қаратал өзені бас жағында тар шатқалды бойлап ағады. Таудан шыққан соң,өзен құмды жазықты басып ағады. Көлге жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп,ағысы баяулайды. Содан соң жайылып бірнеше тармақтарға бөлініп барып, Балқаш көліне құяды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет