Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2008 жылғы 28 наурыз №19 Қазақстан Республикасының



Дата25.02.2016
өлшемі22.93 Kb.
#26103


№ 5203 2008 жылғы 30 сәуірде

Қазақстан Республикасының Әділет

Министрлігінде тіркелген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы СЫ

Алматы қаласы 2008 жылғы 28 наурыз № 19



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасында

қолма-қол шетел валютасымен

бөлшек сауданы жүзеге асыруды

және қызмет көрсетуді лицензиялау

ережесін бекіту туралы» 2005

жылғы 15 қыркүйектегі

115 қаулысына өзгерістер



мен толықтырулар енгізу туралы
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3902 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесінде:

4-тармақтың 3) тармақшасында «лицензиясының» деген сөз «шешімінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

6-тармақта:

бірінші абзацта «16-тармағында» деген сөздер «42-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзацтың 2) тармақшасында «лицензиясының» деген сөз «шешімінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

7-тармақтың бірінші, екінші абзацтарындағы «күнтізбелік күн» деген сөздер «жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;

13 және 14-тармақтар алынып тасталсын;

18-тармақта:

бірінші абзацта:

«лицензиясы» деген сөз «шешімі» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзацта «лицензияларды қайтарып алғаны және іс-әрекетін тоқтатқаны» деген сөздер «лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаны» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-қосымшада:

«Өтініш иесінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі____________________» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) __________

Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ________________»;

3-қосымшада:

«лицензиаттың салық төлеушісінің тіркеу нөмірі _________» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) __________

жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ________________».

2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.



3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет