Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет14/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
АДАМ АТА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Адамның жаратылысы 
Аллаһ тағала бүкіл адамзатты тек Өзіне ғана ғибадат етуі үшін 
жаратты. Мұны Құрандағы «Жын мен адамзатты Өзіме 
құлшылық қылулары үшін ғана жараттым»
1
деген аят 
нақтылайды.
Бірақ, әлбетте, әлемдердің Раббысы біздің құлшылығымызға 
ешқандай да мұқтаж емес. Керісінше, біз Оған мұқтажбыз. Оның 
барлық кемшіліктерден пәк көркем есімдері мен ұлы сипаттары 
бар. Аллаһ тағала осы есімдерінің әсерін, мейірімділігі мен 
даналығының белгілерін, құдіреті мен ұлылығының айғағын 
көрсетуді қалады. Сөйтіп, Ол мейірімділігін, шексіз білімі мен 
даналығын және өлшеусіз күш-құдіретін көрсету үшін 
мақлұқатты жаратты. Ал құлшылық міндеті жүктелген 
жаратылыстардың бірі адамзаттың атасы – Адам еді, әрі ол жер 
бетіндегі алғашқы пайғамбар болатын. 
Адамның тарихы оның жаратылуынан бұрын барлық 
кемшіліктерден пәк Аллаһ тағала мен Оның періштелерінің 
арасында болған көктегі ұлы әңгімеден басталады. Аллаһ тағала 
бұл әңгімені: «(Мұхаммед!) Кезінде Раббың періштелерге: 
«Мен жерде бір орынбасар жаратамын!» – деген-ді»
2
, – деп 
бастайды.
Яғни Аллаһ тағала жерде үкім жүргізетін, онда өркениет 
жасайтын, бірінің орнын бірі басатын мақлұқты жаратуды 
қалады. Аллаһ тағала: «Ол сендерді жерден жаратып әрі онда 
өмір сүргізді»
3
, – деген.
1
«Зәрият» сүресі, 56-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 30-аят. 
3
«Һуд» сүресі, 61-аят. 


20
 
 
Сонда періштелер: «Сен онда бүлдірушілік істеп, қан 
төгетін біреуді жаратасың ба?»
1
– деп сұрады.
Періштелер Адамның ұрпағы бүлдірушілік жасап, қан 
төгетінін қайдан білді? Олар бұл сөзді қарсы шыққандықтарынан 
айтпады, олар мұндай сипаттан пәк. Бірақ олар жындар 
жаратылғаннан кейінгі оқиғаның куәсі болған-ды. Аллаһ тағала 
Адамды жаратудан екі мың жыл бұрын жындарды жаратып, 
оларға жерде ерік берді. Сонда олар тура жолдан адасып, жер 
бетінде бүлдірушілік істеді. Жындар жерде билік етуге лайық 
емес еді және олардың бұған санасы да жетпейтін-ді. Оларда 
жерді билейтін күш те, ақыл да жоқ. Енді Аллаһ тағала басқа бір 
жаратылыс түрін жаратпақшы, мүмкін олар да жындар сияқты 
бүлдірушілік істейтін шығар. Періштелер «Аллаһ тағалаға 
ғибадатта кемшілік жіберіп қойдық па?» деп қорықты. Сөйтіп, 
олар «бізден басқа біреуді жарататындай біз қателік істеп қойдық 
па?» деп сұрамақшы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет