ПАРАЛИМПИЯЛЫҚ ОЙЫНДАРҒА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 7 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
Лондон қаласында 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Паралимиялық ойындар өтеді. Оған қазақстандық паралимпия спортшылары қатысады. Қазақстандық мүгедектер спортының 7 өкілі жолдама ұтып алды. Бұл еліміздің паралимпия ойындары тарихындағы алғашқы рекордық көрсеткіш.
Лондонда өтетін 2012 жылғы Паралимпиялық ойындарға қатысу кестесі
2012 жылғы Параплимпиялық ойындардың ашылу салтанаты
Орны: Олимпиялық саябақ – Олимпиядалық стадион
Мерзімі: 29.08.2012ж.
Уақыты: 19:30-22:30
2012 жылғы Параплимпиялық ойындардың жабылу салтанаты
Орын: Олимпиялық саябақ – Олимпиядалық стадион
Мерзімі: 09.09.2012ж.
Уақыты: 19:30-22:30
мерзімі
|
Орындау уақыты
|
Спортшы
|
Спорт түрі
|
класс
|
тәртіп
|
Орындау сессиясы
|
Сессия коды
|
Орныдау нәтижесі
|
31 там.
|
12:00-13:10
|
Асқарова Кәбира
|
пауэрлифтинг
|
-
|
44 кг
|
Финал
|
РРО03
|
|
01 қырқ.
|
10:00-13:35
|
Салимов Ислам
|
Жеңіл атлетика
|
F13
|
Алысқа секіру
|
Финал
|
РАТ03
|
|
01 қырқ.
|
18:00-19:30
|
Абжан Айбек
|
пауэрлифтинг
|
-
|
60 кг
|
Финал
|
РРО08
|
|
02 қырқ.
|
17:30-20:55
|
Ахметов Әнуар
|
Жүзу
|
S12
|
100м. баттерфляй
|
Финал
|
PSW08
|
|
05 қырқ.
|
10:00-13:40
|
Харламов Сергей
|
Жеңіл атлетика
|
F36
|
Алысқа секіру
|
Финал
|
РАТ11
|
|
05 қырқ.
|
17:30-21:10
|
Ахметов Әнуар
|
Жүзу
|
S12
|
100м. арқамен жүзу
|
финал
|
PSW14
|
|
06 қырқ.
|
09:30-11:50
|
Ғабидуллина Зульфия
|
Жүзу
|
S4
|
50м. арқамен жүзу
|
Алдын ала
|
PSW15
|
|
06 қырқ.
|
17:30-21:05
|
Ғабидуллина Зульфия
|
Жүзу
|
S4
|
50м. арқамен жүзу
|
финал
|
PSW16
|
|
07 қырқ.
|
09:30-12:05
|
Ахметов Әнуар
|
Жүзу
|
S12
|
50м. еркін стиль
|
Алдын ала
|
PSW17
|
|
07 қырқ.
|
17:30-21:10
|
Ахметов Әнуар
|
Жүзу
|
S12
|
50м. еркін стиль
|
финал
|
PSW18
|
|
08 қырқ.
|
09:30-12:15
|
Ахметов Әнуар
|
Жүзу
|
S12
|
100м. брасс
|
Алдын ала
|
PSW19
|
|
08 қырқ.
|
17:30-21:10
|
Ахметов Әнуар
|
Жүзу
|
S12
|
100м. брасс
|
финал
|
PSW20
|
|
08 қырқ.
|
19:00-22:45
|
Байділдаева Айнұр
|
Жеңіл атлетика
|
T36
|
100м.
|
финал
|
РАТ18
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРАЛИМПИЯЛЫҚ СПОРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1991 жылы Қазақстан мүгедектер дене тәрбиесі мен спорты Ассоциациясы құрылды (төраға – Алевтина Фукс). Ассоцияцияның басты бағыты Қазақстанда мүгедектер спортын дамыту және елімізді әлемдік арендада таныту болды.
Сонымен қатар, қазақстандық зағип спортшылар одағы (төраға – Мейірбек Нүсіпбаев) және құлағы естімейтін спортшылар одағы құрылып, мүгедек спортшылардың барлық категориялары арасында жарыстар ұйымдастыра бастады.
1992 жылы 500-ге жуық спортшы қатысқан 1 республикалық спартакиада ұ йымдастырылды.
1993 жылы Қазақстан құрамасы Сток-Мандевиль ойындарына қатысып (арбаға таңылған мүгедектер арасындағы ресми емес әлемдік чемпионат), бірінші рет қола медальға (Штоль Леонид - пауэрлифтинг) ие болды.
Отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасының спортшылары халықаралық жарыста оң нәтиже көрсетті. Сөйтіп, олар 1992 жылы өткен ТМД чемпионы, 1994-1998 жылдары екідүркін Азия чемпиондары болды. 1996 жылы Атланта паралимпиялық ойындарында 8 орын, 1998 жылы әлем чемпионатында 8 орынға ие болған Қазақстан құрамасын сол кезде жаттықтырған КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сауранбаев Ж.Н.
Пауэрлифтинг бойынша Колодюк Анатолий (Екібастұз) жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін және пауэрлифтингты дамытуға үлес қосқаны үшін халықаралық Паралимпиялық Комитеті Президетінің арнайы медальымен марапатталды, Тетюхин Евгений - дөңгелекпен жарыс бойынша барлық әлемді аралап шыққан, ағылшын тілін жетік меңгеріп, өзінің 62 жасында Афинада өткен 2004 жылғы Паралимпиялық ойындарға қатысқан. Муравьев Павел (Алматы) жүзуден Қазақстанның абсолютті чемпионы және рекордсмені, КСРО-ның 1980 жылғы Чемпионы.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мүгедектер арасындағы спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Агенттік мүгедектердің барлық категориялары арасында чемпионаттар, республикалық спартаикидалар өткізуге қаржылай көмек көрсетуде. Сонымен қатар, елімізден қатысатын халықаралық жарыстарға да қосымша қаржы бөлінеді.
2001 жылы Астанада еліміздің барлық облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларының құрама командалары қатысқан Қазақстан Республикасының І Паралимпиялық ойындары өтті. Бұл ойындар бүгінгі күнге дейін 4 жылда бір рет өткізіліп жүр.
Жыл сайын Қазақстанда 40 жуық чемпионаттар, 4 жылда бір рет республикалық спартакиада өткізіліп отырады.
Қазақстанның Ұлттық паралимпиялық Комитеті
2003 жылы Қазақстанның Паралимпиялық комитеті құрлды. Ол спорттық ұйымдарды үйлестіруші және Халыаралық аренада мүгедек спортшылардың мүдделерін қорғаушы. Аталмыш ұйымның басышы болып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Бамұхамедұлы тағайындалды.
Қазақстанның Паралимпиялық комитетінің басты міндеттері:
• спорт пен дене тәрбиесін мүгедек спортшылар арасыенда дамыту;
• Паралимпиялық және ұлттық спорт түрлерін мүгедек спортшылар арасында дамыту;
• Мүгедек спортшыларды категориялар ерекшеліктерінің отандық және халықаралық спорттық шараларда сақталуын қадағалау;
• Халықаралық Паралимиялық комитетпен және басқа да халықаралық спорттық ұйымдармен қарым-қатынас жасау;
Бүгінде Республика бойынша мүгедектер спортына арналған 8 спорттық мекеме жұмыс істеп тұр. Атырау облысында, Алматы мен Астана қалаларында 5 мүгедектер спорттық клубы, Алматы облысында 1 спорттық клуб бар, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облысы Петропавловск пен Қызылорда қалаларындағы «Қарасай» атындағы жоғары жетістіктер шеберлігі мектебінде 2 бөлім ашылды.
Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы, Астана қалаларында мүгедектер спорты бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр.
2001 жылы Астана қаласында І Паралимпиялық ойындар өтті. Жалпы есптеу бойынша Алматы қаласының мүгедек спортшылары жеңімпаз атанды. Жеті жыл өткеннен кейін 2007 жылы Талдықорған қаласында (Алматы облысы) ІІ Паралимпиялық ойындар өтті. Бірінші орынды Алматы командасы, екінші орынды Қарағанды облысы, үшінші орынды Астана қаласының командасы иеленді.
ҚР Парламентінің және ҚР Үкіметінің көмегімен ҚР ҰПК мүгедек-спортшылар базасын ұйымдастыру, Паралимпиялық ойындарда, Азия және әлем чемпионаттарында жоғары жетістікке жеткен спортшыларға ақшалай көмек көрсету туралы мәселе қолға алынды. Сонымен қатар, осындай жарыстарға қатысатын қарапайым спортшылардың да ақшалай марапаттауының бағасын көтеру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің көмегімен 5000-нан астам мүгедек-спортшылардың қатысуымен 70-тен аса республикалық чемионаттар және турнирлер өткізіледі, шетелдік жарыстарға бару ұйымдастырылады.
2008 жылдың 19 ақпандағы № 167 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Паралимпиялық ойындарында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін ұлттық құрама спортшылары мен жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында материалдық көмек көрсету туралы кейбір мәселелер» жарлығына сәйкес Паралимпияда ойындарына қатысатын спортшылар мен жаттықтырушыларына берілетін материалдық көмек:
1 орын – 50 мың доллар 4 орын – 14 мың доллар
2 орын – 35 мың доллар 5 орын – 6 мың доллар
3 орын – 25 мың доллар 6 орын – 4 мың доллар
Анықтама үшін: 1948 жылы Людвиг Гаттманн екінші дүние жүзілік соғыста жұлыннан жараланған ардагерлер арасында Англияның Сток Мандевиль қаласында спорттық жарыс ұйымдастырды. Мүгедек атлеттерге арналған Олимпиядалық ойындар 1960 жылы Римде өтті.
1976 жылы Торонтода мүгедек спортшылар категориясын үлкейту мақсатында басқа да спорт түрлері қосылды. Сол жылы қысқы Паралимпиялық ойындар Швецияда өтті. Осыдан кейін мүгедектер спортының классификациясы өсе берді, қазірде қатысушылар ауру түріне немесе мүгедектігіне қарай бірнеше класқа бөлінді.
Көптеген елдерде спорттық жағдайды бақылайтын ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылға дейін әлемде спорт мүгедектеріне арналған 7 халықаралық ұйым құрылды.
1) IBSA – Зағиптар халықаралық спорттық ассоциациясы;
2) ISOD - Ампутант- мүгедектерге арналған халықаралық спорттық ұйым;
3) ISMW-FS – арбаға таңылған адамдарға арналған халықаралық спорттық ұйым;
4) СР-ISRA - Ми ауруына шалдыққан адамдарға арналған халықаралық спорттық ассоцияция;
5) INAS-FMH – ақыл-ойы жетілмеген адамдарға арналған халықаралық спортшылар ассоцияциясы;
6) CISS - Саңырауларға арналған халықаралық спорттық комитет;
7) SOI - Ақыл-есі кем адамдарға арналған халықаралық спорттық ұйым;
1989 жылы Дюссельдорфта алғашқы 5 ұйым құрамына кірген Халықаралық Паралимпиялық комитет құру туралы Ассамблея өтті.
Халықаралық саңыраулар спорттық комитеті бақылаушы ретінде қалып өздері жеке халықаралық жарыстар өткізу туралы шешім қабылдады.
1964 жылы Кеннеди отбасымен құрылған негізігі немесе арнайы халықаралық «Спешиал Олимпикс Интернэшнл» Халықаралық Паралимпиялық комитеттен тыс жұмыс істейді.
Осы ұйымдардың әрқайсысы 4 жылда 1 рет халықаралық деңгейде ресми жарыстар өтікізіп отырады (қысқы және жазғы):
Паралимпиялық ойындарды Залықаралық Паралимпиялық Коимтет өткізеді;
Саңыруалар Олимпиялық ойындарын Халықаралық Сурдлимпия комитеті өткізеді;
"Спешиал Олимпикс Интернэшнл" әлемдік арнайы олимпия ойындарын өткізеді;
Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ресми әріптесі
Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада және ХІV Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ресми әріптесі
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі
28 шілде 2012 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |