Бекітемін: Қарағанды облысы басқармасының басшысы



бет1/4
Дата08.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#185349
  1   2   3   4
БЕКІТЕМІН:_________

Қарағанды облысы басқармасының басшысы

Агимбаев Е.М.

2014 жылғы «16» мамырдағы № 48 бұйрық


Қарағанды облысында степ би студиясын дамыту бойынша қызметін мемлекеттік сатып алу бойынша

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста ескерілген) мемлекеттік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызды жобаларды 2014 жылы орындаулары жөнінде



(ерекше тәртіпті қолдану конкурсы әдісімен)

Тапсырыс беруші - «Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ, 100008, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32, ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті ММ, мекеме коды 2732251, СТН 302000033390, Кбе 12 ЖСК KZ420705022732251001 (депозиттік шот), БСК KKMFKZ2A, БСН 130940008529

Тапсырыс берушінің Өкілі: Кожухова Ж.Ш. – бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, тел. 425001, karmadeniet@yandex.ru

Мемлекеттік сатып алуды Ұйымдастырушы:  «Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ, 100008, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32, ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті ММ, мекеме коды 2732251, СТН 302000033390, Кбе 12 ЖСК KZ420705022732251001 (депозиттік шот), БСК KKMFKZ2A, БСН 130940008529
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының Өкілі: Кожухова Ж.Ш. – бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, тел. 425001, karmadeniet@yandex.ru
Конкурстық құжаттаманың құны:  Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады

1. Жалпы ережелер

1. Конкурс Қарағанды облысы мемлекеттік емес ұйымдарының 2014 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды орындау қызметтерін жеткізушілерді таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсына бөлінген қаржы көлемі (ҚҚС есептемегенде) 33 431 250 (Отыз үш миллион төрт жүз отыз бір мың екі жүз елу теңге):


Лот №

Тауар (қызмет, жұмыс) атауы*

Конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома

(теңге)



Қарағанды облысында степ би студиясын дамыту

33 431 250





БАРЛЫҒЫ:



33 431 250

3. Осы конкурстық құжаттамаға мыналар кіреді:

1) осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес сатып алынтын қызметтердің тізімі;

2) осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес сатып алынатын қызметтердің сипаты және талап етілетін техникалық, сапалық, қолданушылық сипаттамалары, соның ішінде бекітілген техникалық спецификациялары;

3) осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысу өтінімдері;

4) осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тауарларды жеткізу үшін (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін) әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы мәліметтер;

5) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуларды іске асыру ережелеріне сәйкес әрбір критерийдің пайыздық мәнінің көрсетілуімен конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсынысқа әсер ететін міндетті критерийлер тізімі.

әлеуетті өнім берушіде:

- өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесінің;

- техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін ұсынылатын тауарларды ерікті сертификаттау өткізілгендігін растайтын құжаттың;

- сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

- ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растаудың сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

- тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларының және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстардың

Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.

Әлеуетті жеткізуші конкурстық бағалық ұсынысқа әсер ететін критерийлерді мақұлдайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия бұл әлеуетті жеткізушіге конкурстық бағалық ұсынысты шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық бағалақ ұсынысты шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті жеткізушінің ұсынған шарттары мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа кіру керек.

-Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.

-Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.

-Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.

-Сатып алынатын тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

-Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады.

-Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.

-Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.

-Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.



2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама көшірмелерін алған әлеуетті жеткізушілерге оның ережелерін түсіндіруі

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау жасауға құқылы, бірақ 2014 жылғы 5-ші маусым күні сағат 12.00-ден кешіктірмей. Әлеуетті жеткізушілердің сұрауларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай реквизиттері бойынша жолдау қажет: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32, «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ (№6 бөлме).

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрауды алғаннан бастап екі жұмыс күнінің ішінде кімнен келіп түскенін көрсетпей оған жауап беруге міндетті:

1) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына тіркелген тұлғаларға жолдау;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет ресурсында жариялау.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өз еркі немесе конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті жеткізушінің сұрауы бойынша 2014 жылғы 10 маусым күні сағат 12.00-ден кешіктірмей конкурстық құжаттамаға өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізуі қажет. Конкурстық құжаттамаға өзгетулерді енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту тәртібімен ресімделеді.

Енгізілген өзгертулердің міндетті күші болады және конкустық құжаттамада өзгертулерді бекіткен күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде конкурстық құжаттама көшірмесін алған барлық әлеуетті қатысушыларға тегін жеткізіледі. Мұнда конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсынудың бір жолғы соңғы мерзімі әлеуетті жеткізушілердің бұл өзгертулерді өздерінің конкурсқа қатысу өтінімдерінде ескеру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан кем дегенде он бес күнге ұзартылады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында енгізілген өзгертулердің және (немесе) толықтырулардың көрсетілуімен нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілермен, немесе олардың уәкілетті өкілдерімен конкурсық құжаттама ережелері түсіндіру бойынша 2014 жылғы 5 маусым күні сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32 (отырыстар залы) мекен-жайы бойынша кездесу өткізеді.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдарстырушы әлеуетті жеткізушілермен көздесудің хаттамасын жасайды, онда көздерінің көрсетілуінсіз конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы жасалған сұраулар, сонымен қатар бұл сұраулардың жауаптары келтіріледі. Хаттама кездесуді өткізген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналында тіркелген пошталық реквизиттер бойынша жолданады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілермен кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.


  1. Конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімін ресімдеу тараптары және әлеуетті жеткізушілердің конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдері бар конверттерді ұсынулары



Конкурсқа қатысуға өтінім

9. Конкурсқа қатысу өтінімі конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің осы конкурстық құжаттамада ескерілген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарды жеткізуді (жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді) іске асыруға келісім беруді білдірудің үлгісі болып табылады.

10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысу ниетін танытқан әлеуетті жеткізушінің ұсынатын өтінімінде мыналар болуы керек:

1) осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес үлгіде әлеуетті жеткізушінің толтырылған және қол қойылған өтінімі;

2) әлеуетті жеткізушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін мақұлдау үшін ұсынатын құжаттарының тізімі:

Құқық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) мақұлдайтын нотариалдық сендірілген құжаттар (кәсіпкершілік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжат, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі):

заңды тұлға орнатылған заңнамалық тәртіпте бекітілген жарғының нотариалдық сендірілген көшірмесін ұсыну қажет. Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалар сауда тізбесінен заңдастырылған жазбаны мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударып ұсынулары қажет;

әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өндіруге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын мақұлдайтын лицензиялары және/немесе патенттері, куәліктері, сертификаттары, дипломдары, басқа да құжаттарының нотариалдық сендірілген көшірмелері;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалдық сендірілген көшірмесі. Егер заңды тұлға орнатылған заңнамалық тәртіпте бекітілген Типтік жарғы негізінде әрекет жасап жүрген болса, мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалдық сендірілген көшірмесі;

құрылтайшылық құжаттардан құрылтайшы немесе құрылтайшылар туралы мәліметі бар нотариалдық сендірілген жазба (жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер жоқ болса) немесе конверттерді ашу мерзімінен бір ай ішінде берілген акцияларды ұстаушылар тізбесінен нотариалды сендірілген жазба;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен ескерілген қызметтерді мемлекеттік сатып алуда әлеуетті жеткізушілерге мынадай біліктілік талаптар таралмайды:

1) төлеу қабілеттілігінің болуы;

2) мемлекеттік сатып алу туралы келсімшарт бойынша міндеттерді орындауға жеткілікті материалдық және қаржылық ресурстарының болуы.

Осы тармақтың 2-тармақшасында ескерілген норма бір қаржылық жылдан артық мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысатын әлеуетті жеткізушілерге таралмайды.

Конкурсқа қатысу өтінімі конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің осы конкурстық құжаттамада ескерілген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарды жеткізуді (жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді) іске асыруға келісім беруді білдірудің үлгісі болып табылады.

3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның субмердігерлерінің (қоса атқарысушыларының) арнайы біліктілік тараптарға сәйкестігін мақұлдайтын құжаттар:

Осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес үлгілер бойынша мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуға біліктілігі туралы мәліметтер.

Егер әлеуетті жеткізуші жұмыстарды не қызметтерді орындауға субмердігерлерді (қоса атқарысушыларды) тартуды ескеріп отырса, онда әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қатыстырылатын субмердігерлерінің (қоса атқарысушыларының) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін мақұлдайтын құжаттарын ұсынуға міндетті;

Осы конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алу тақырыбы болып табылатын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) бойынша субмердігерлер (қоса атқарысушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізушінің субмердігерлерге (қоса атқарысушыларға) жұмыс, қызмет көлемінің (құрылыс құнының) үштен екі бөлігінен артығын бөлуге тыйым шарты.

4) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық, сапалық және қолданушылық сипаттамалары, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері және (немесе) көлемдері, тауарды қызметтеуге, тауарды қолдану шығындарына сапалық кепілдіктерін ұсынулары, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету графигі және шарттары;

5) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығына ие болатын бірінші басшысынан өзге әлеуетті жеткізушінің мүддесіне өкілдік ететін тұлғаға берілген конкурсқа қатысу өтініміне қол қоюға және конкурстық комиссия отырыстарына қатысуға құқыққа ие болу сенімхаты.


Конкурсқа қатысу өтінімін ресімдеуге қойылатын талаптар

11. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысу туралы өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы бетке қол қойып, мөрмен (жеке тұлғалар үшін – бар болса) сендірілген пішінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу өтінімінің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы бетке қол қойып, мөрмен (жеке тұлғалар үшін – бар болса) сендірілген пішінде).

12. Конкурсқа қатысу туралы өтінім бастырылған немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы керек, әлеуетті жеткізушінің қолы қойылып, мөрмен (жеке тұлға үшін – бар болса) басылуы керек.

13. Конкурстық өтінімде грамматикалық не арифметикалық қателерді түзету қажеттілігі болған жағдайлардан басқа жолдар арасында ешқандай қыстырулар, өшірулер болмауға тиіс.

14. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысу өтінімін конвертке салып, оның бетінде өзінің толық атауын және пошталық мекен-жайын («кешіктірілген» деп жарияланған жағдайында қайта жолдау үшін), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекен-жайын, конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алу атауын, сонымен қатар мынадай мазмұндағы мәтінді көрсетеді: «Қарағанды облысында степ би студиясын дамыту бойынша қызметтерін сатып алу бойынша КОНКУРС (ерекше тәртіпті қолдану конкурсы әдісімен) және "2014 жылғы 16 маусым сағат 15.00-ге дейін АШЫЛМАСЫН.



Конкурсқа қатысуға сұранымды ұсыну тәртібі
15. Конкурсқа қатысу өтінімдерін әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырыстық пошталық байланысты қолданып мына мекен-жай бойынша беріледі: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32, «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ (каб. 6). А.Х.Мусабековаға 2014 жылғы 16 маусым, сағ. 13.00-ге дейін.

16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмаған күйде конверт бетінде көрсетілген реквизиттер бойынша қайта жіберіледі немесе алу туралы қолхаттың қалдырылуымен әлеуетті жеткізушінің жеке өзіне тапсырылады.

17. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдерімен ұсынған өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі тіркейді, тапсырыс беруші және ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайларда – конкурстық комиссия хатшысы өтінімді қабылдау мерзімі мен уақытының көрсетілуімен тиісті журналда тіркейді.

18. Конкурстық өтінімі бар конвертті ресімдеудің осы конкурстық құжаттамада ескерілген талаптары бұзылған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.


Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

19. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысу туралы өзінің өтінімін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанша, өтінімінің конкурсқа қатысуын қамсыздандыруының қайтарылу құқығын жоғалтпай, өзгерте алады немесе қайтарып ала алады. Өзгертуді енгізу конкурсқа қатысу өтінімінің өзі сияқты дайындалып, конвертке салынып бастырылып ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу өтінімін қайтып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді, әлеуетті жеткізушінің қолы қойылып, мөрі басылады (жеке тұлға үшін – бар болса).

Конкурсқа қатысу өтініміне өзгерту енгізу немесе оны қайтып алу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсыну мерзімінен кейін алынса, жарамсыз болып табылады.

20. Конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінімге өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сонымен бірге оны қайтып алуға болмайды.

21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысу өтінімдерінің жарамдық мерзімінің аяқталуына дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей әлеуетті жеткізушілерге өтінімдерінің жарамдығын нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы сұрау жасауға құқығы бар. Әлеуетті жеткізуші төмендегідей құқықтарын жоғалтпай, мұндай сұрауды қабылдамауға құқылы:

1) конкурсқа қатысу өтінімінің жарамдық мерзімінде конкурс әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) конкурсқа қатысу өтінімінің жарамдық мерзімінің аяқталуынан кейін осы өтінімді қамсыздандыруды қайтып алу.

22. Әлеуетті жеткізуші конкурс әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығындарын көтереді. Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі, ұйымдастырушысы, конкурстық комиссия, сараптық комиссия, сарапшы конкурс әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың қорытындысына қарамастан бұл шығындардың орнын толтыру бойынша міндеттерді алмайды.


  1. Конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

23. Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурстық комиссия қатысуға келген әлеуетті жеткізушілердің, не олардың уәкілетті өкілдерінің барлығының көзінше 2014 жылғы 16 маусымда, сағ. 15.00-де, Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғ., 32, «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ мекен-жайы бойынша іске асырады. Конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсынудың бір жолғы мерзімімен аралығы екі сағаттан аспауы қажет.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасына және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдер мен тәртіпте ұсынылған конверттер ашылуға тиіс.

Егер конкурсқа (лотқа) тек бір өтінім ұсынылса, ол да ашылады және қарастырылады.

24. Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерді ашу процедурасына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері, өздерінің болуын мақұлдап, уәкілдіктерін куәландыратын құжаттарды көрсетіп, әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналында тіркелуі қажет (тіркеу орнын, мерзімін және уақытын көрсету, бұл уақыт конверттерді ашу уақытынан бұрын, ал тіркеу орны конверттерді ашуды өткізу орнымен бірдей болуы керек).

Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конверттерді ашу процедурасын жазып алуға қолданбақ аудио жазба және видео түсірудің техникалық аспаптары туралы хабарлайды.

25. Әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының әрекетіне кірісуіне жол берілмейді.

26. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі мен ұйымдастырушысы бір тұлға болған жағдайларда – конкурстық құжаттамада мәліметтері бар конкурстық комиссия хатшысы келгендерге мыналарды хабарлайды:

- конкурстық комиссия құрамы, конкурстық комиссия хатшысы;

- конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілер саны;

- әлеуетті жеткізушілердің сұрауларының бар не жоқ болуы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізгені туралы;

- конкурстық құжаттамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу фактісінің әрі себептерінің бар не жоқ болуы;

- орнатылған мерзімде конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсынған, тиісті тіркеу журналында тіркелген әлеуетті жеткізушілер;

2) конкурстық комиссия төрағасы немесе конкурстық комиссия мүшелері ішінен төраға белгілеген тұлғасы:

- конкурсқа қатысу туралы өтінімдері бар конверттерді ашып, ондағы құжаттар тізімі мен қысқаша мазмұнын жаиялайды;

3) конкурстық комиссия хатшысы:

- конверттерді ашудың сәйкес хаттамасын ресімдейді;

- әлеуетті жеткізушілерді уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссия отырысының аталған хаттамасының көшірмесін алатын мерзімдері туралы ақпараттандырады.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу бойынша отырысының хаттамасына отырыста болған конкурстық комиссияның барлық мүшелері және конкурстық комиссия хатшысы қол қояды және беттерінің әрқайсысы белгіленеді.

Конкурстық комиссияның аталған отырысы хаттамасының көшірмесі отырыста болған әлеуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне отырыс болған күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады, ал жоқ болғандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрауды алғаннан екі жұмыс күніне кешіктірмей жолданады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет