ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БУЛЕКОВА ГУЛЗАТ АБИЛКАСЫНОВНА
КЕШЕНДІ ФЕРРОҚОРЫТПАЛАРДЫ БАЛҚЫТУҒА АРНАЛҒАН
ШИКІЗАТТЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
6М070900 «МЕТАЛЛУРГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
Ғылыми жетекші:
Металлургия саласы
бойынша т.ғ.д., профессор
Нурумгалиев А.Х.
Қазақстан Республикасы
Теміртау, 2020
3
АҢДАТПА
Бұл магистрлік жоба кешенді ферроқорытпаларды балқытуға арналған
шикізатты зерттеуге және талдауға бағытталған.
Жұмыста дифференциалды-термиялық талдау (ДТТ) пайдалана отырып,
алюмосиликомарганецті
балқытуға
арналған
шикіқұрамдағы
фазалық
түрленулер зерттелді. Изотермиялық емес кинетика әдістерімен тәжірибелік
деректер алынды және алюмосиликомарганецтің шикіқұрам материалдарын,
сондай-ақ олардың негізіндегі шикіқұрамды қыздыру кезінде өтетін үдерістердің
қозу энергиясының сандық мәндері белгіленді.
Сонымен қатар «ТЕРРА» бағдарламалық кешенін пайдалана отырып,
алюмосиликомарганец кешенді қорытпасын балқыту кезінде жүретін
үдерістердің толық термодинамикалық талдауы жүргізілді. Оның көмегімен
металл, қож және газ фазаларының құрамдары анықталып, олардың
температуралық өзгерістері расталды. «ТЕРРА» бағдарламалық кешенінде
металлургиялық үдерістері толық термодинамикалық модельдеу әдісі
энтропияның максимум принципіне негізделген және термодинамикалық жүйені
құрайтын реагент компоненттерінің барлық белгілі қасиеттерін ескереді.