1
Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі
Алматы технологиялық университеті
Абжанова Ш.А.
ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оқу құралы
Алматы, 2009
2
УДК 663/664 (075.8)
ББК 36-92 я 73
A14
Абжанова Ш.А.
А14 Ет өнімдерінің технологиясы: оқу құралы/ Ш.А.Абжанова –
Алматы: АТУ, 2009. – 65 б.
ISBN 978-601-263-045-9
Оқу құралы технологиялық мамандықтарда оқитын студенттерге,
магистранттарға және тамақ өндірісінің мамандарына арналған. Оқу
құралында ет өнімдерінің химиялық құрамы және сипаттамасы, ет өнімдерін
өңдеу технологиясы, құрал-жабдықтардың сипаттамасы көрсетілген.
Оқу құралында 2 сурет және 12 әдебиет қолданылған.
УДК 663/664 (075.8)
ББК 36-92 я 73
А 14
Пікір берушілер:
1. Ұзақов Я.М.- т.ғ.д, академик, Алматы технологиялық университетінің
Тамақ өнімдерінің технологиясы кафедрасының профессоры
2. Тұрақбаев Ш.Е.- т.ғ.к., ЖШС «Мақсат ЛТД» бас директоры.
Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігінің
ұсынысымен басылымға ұсынылады.
У
09
)
05
(
00
4001100000
ISBN 978-601-263-045-9
©Абжанова Ш.А., 2009
3
Мазмұны
Кіріспе
4
Еттің тағамдық құндылығы. Еттің қасиеті.
4
Малды сою және ұшаны бөлу
8
Субөнімдердің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы
13
Ішек мінездемесі
26
Тері өңдеу технологиясы
43
Тағамдық май алу технологиясы
58
Қолданылған әдебиеттер
65
4
Кіріспе
Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор. Ет құрамында
экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты
организмге қажетті заттар болады. Адам организмінің өсуі мен қалыпты өмір
сүруі үшін құнды ақуыздар өте қажет. Экстрактивті заттар еттен әзірленген
тағамдарға ас қорыту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы
қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді.
Біздің елімізде халық қажетін орындауға және ет өндіруді арттыруға
басты назар аударылады.
Республикамыздың фермалары мен шағын мал шаруашылығында және
құс фабрикаларында жоғары сапалы ет өндіруді шұғыл арттыруға қажетті
жағдайлар жеткілікті.
Алайда республикада ет өндіруді арттыру жөнінде біраз табыстарға қол
жеткенмен, халықтың бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық
қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет
өндіру
бірдей
жолға
қойылмаған.
Фермалар
мен
шағын
мал
шаруашылықтардың мал мамандары малды өз төлі есебінен өсіру, арзан
жайылым шөбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану,
мал бордақылау және тағы басқа маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән
бермей келеді.
Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құстың тірідей салмағын
және олардың құндылығын көтеру шарт. Ол үшін ең алдымен малды күтіп
бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды жиі азықтандыра
отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет. Төлді, ересек малды және
құсты өнеркәсіптік негізде қарқынды түрде бордақылау, өнімі төмен
сиырларды етті тұқымының жоғары өнімді бұқаларымен өнеркәсіптік
будандастыруды істе қолдану керек.
Ет өндіруді арттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірибе
жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың
ғылыми зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін
арттыру жөнінде бір сыпыра тиімді әдістерді зерттеді.