Басылым: төртінші



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата08.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#464299
  1   2   3   4   5   6   7   8
Жунисов сролар



Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
төртінші 
ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым 
Глоссарий
Бейтарап ось: Майысқан элементтегі шартты сызық немесе жазықтық, оның бойында қалыпты 
кернеу нөлге тең болады.
Бекемдеу: Материалды қақтау, қыздыру, тозу немесе химия-термикалық өңдеу жолымен оның 
беріктік сипаттамаларын (серпімділік, аққыштық, беріктік шектерін) жоғарылату.
Бекітетін бұйымдар: Құрылыс құралымдарын бекіту үшін қолданылатын бұрандамалар,
бұрамалар, шпилькалар, сомын, бұрама шеге, сына, тойтарма және т.с.
Бекітпе: Жерасты қазбаларында берілген өлшемдерді сақтау және оларды айналасындағы 
топырақтың опырылуынан және ісінуінен қорғау үшін салынатын құралым.
Бекітпелі қаңқа: Қабырғаларды қосымша жылу оқшаулаудың құралымдық элементтер жүйесі, ол 
қаптау панельдері және (немесе) жылу оқшаулағыш материалдар арқылы (желдік, 
температуралық және т.б.) жүктемелерді жылытылған ғимараттың көтергіш элементтеріне беру 
арқылы оларды жобалық жағдайда ұстап тұруға арналған жүйе.
Беларқалар: Аражабын тақталар мен кергіштерден және өздеріне тікелей түсетін тік 
жүктемелерді қабылдайтын және оларды ұстындар мен бағандарға беретін көтергіш жүйенің 
горизонталь элементтері. Әдетте, төменгі бөлігінде бір немесе екі жақты сөрелері болады, олар 
аражабын тақталарына тірек болады. Байланыс жүйесінде беларқалар тікесінен түсетін 
жүктемелерді көтеруден басқа, аражабындарда туындайтын созатын және қысатын күшті 
қабылдай отырып, горизонталь жүктемелерді аражабындар қабылдау жұмысына қатысады.
Беларқасыз құралымдық жүйе: Беларқалары және аражабындары болмайтын жүйе; жалпы 
алғанда ұстындар түріндегі жеке тіректерге сүйелген тақталар ретінде жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет